Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет51/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

Романның төртінші кітабы

Гаргантюа мен Пантагрюэльдің төртінші кітабы жарияланған жылдары бірнеше ірі оқиғалар болды. Өлген король Франциск I-нің орнына оның ұлы Генрих II отырды. Генрих II еретиктерге қарсы күресті күшейтті. Париж парламенті бұл кітапты және оның авторын сотқа береді. Жазушы жасырынып өмір сүруге мәжбүр болады. Бірақ тосаттан келген ажал 1553 жылы ұлы жазушыны жазықсыз жазаланудан құтқарды.

Кітапта Панругтің басынан өткен келесі оқиғалар баяндалады. Ол өз бақытын сынау мақсатында болашақ Оракулиге сапарға аттанады. Оның саяхатына Пантагрюэль, Жан, Эпистомен, Понократ, Гимнаст және басқалар қолдау көрсетеді. Олар беймәлім мемлекетке, қорқынышты мақұлықтар жасайтын аралдарға барады. Олар Аянч аралында жасайтын Постник және Вахший аралында жасайтын Колбасаларға кездеседі. Көптен бері олардың арасында жанжал жүріп жатады. Колбасалар арқылы автор пост қағидаларына бағынбаған протестанттарды көрсетеді. Соңынан олар Папефигтер аралына жол тартады. Аралдағылар бай, еркін және бақытты адамдар болған. Бір күні олардың бірнешеуі көрші Папамонияға барады. Мереке күні Рим папасының суретін көтеріп бара жатқанда, осы адамдардың бірі папаны масқаралайтын әрекет жасайды. Мұны басынғандық деп түсінген папимандар соғыс ашып, папефигтерді бағындырады.
Рабленің папаға, шіркеуге, дінге қарсы сатирасы папефигтер (папаны әжуалаған протестанттар) мен папаға адал папимандар (католиктер) арасындағы айқастардан анық көрінеді. Ол католиктерді қалай масқаралаған болса, кальвиншілерді де солай әшкерелейді, өйткені діни тартыстарда папефигтер залым папимандардан сірә да
қалыспайтын. Кальвиннің гуманистерге, сонымен бірге Раблеге де шүйлігуі осыдан еді.
Кітаптағы адамның табиғи жағдайы, табиғаттың ұлы жаратушылық құдіреті туралы пікірлер де назарға лайық..
«Физис (табиғат) Гармония пен Сұлулықты туған бір кезде, оның ежелгі дұшпаны болған Антифизис (теріс табиғат) оған қасақана Жамандық пен Надандықты туады. Соңынан алаяқтар, жылпостар, дінсіздер, кальвиншілер, арамтамақтар және басқа да залымдарды дүниеге әкеледі. Демек, дін - адамның табиғи арман-тілектеріне кері жағдайда пайда болған Антифизистің қылмысы. Ол бір-біріне қарсы тұрған діни ағымдар - папашылар (католиктер) мен кальвиншілерді (протестант) де дүниеге әкелген. Сұлулық әрқашан өмір сүреді, оған кері туғандардың барлығы өткінші, өмірі қысқа» деген пікір кітаптың негізгі идеялық мазмұнын құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет