Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет65/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

«Король Лир» трагедиясы

«Король Лир» (1605) трагедиясының сюжеті Холиншедтің


«Хроникаларынан», сондай-ақ, Лир туралы басқа да деректерден алынған. Бірақ Шекспир бұл тақырыпты қайта өңдеп, оған Глостер тарихын да енгізген. Бұл пьеса драмалық тартыстың өткірлігі және көтерілген мәселенің тереңдігі жағынан басқа трагедиялардан ерекше. Шығармада отбасы мәселелері әлеуметтік-саяси оқиғалармен араласып, тұтасып кетеді.
Көпті көрген, өзінің күші мен құдіретіне сенген қарт король Лир дүние-мүлкін үш қызына бөліп беру арқылы «мемлекетті
басқару қайғысынан» құтылмақшы болады. Ол қыздарынан өзіне деген махаббаттарын, адалдықтарын білдіруін сұрайды. Үлкен қызы Гонерилья мен ортаншы қызы Регана оны дүниедегі барша нәрседен гөрі артық сүйетіндігін айтады. Кенже қызы Карделия болса апаларынан артық ешқандай сөз айта алмайтындығын, тек ғана перзент ретінде әкесін құрметтейтіндігін білдіреді.
Мақтағанды жаны сүйетін король кіші қызының мұндай жауабына ашуланып, бүкіл байлығын айлакер, мейірімсіз екі қызына бөліп береді. Граф Кент «тілдің кедейлігі жүректің кедейлігі емес» деп, Карделияның адамгершілігі мол екендігін айтқанында, тәкаппар Лир оны сарайдан қуып жібереді, қызын болса мұрасыз қалдырады. Карделияның ақылы мен сұлулығына ғашық болған француз королі оған үйленеді.

Лир образы

Трагедияның бас қаһарманы Лир - күшті трагедиялық және психологиялық образ. Шығарма басында бұл билеуші барлық нәрсені жеке өзі шешеді. Бұл болса, оның өз күші мен құдіретіне артықша баға беруіне, өзін «әрқандай шаттық пен қайғының әміршісі, патшалық құрған дәуірінде әрқандай өмірдің басы мен ақыры» (Добролюбов), деп түсінуіне алып келеді.


Лир бүкіл мемлекетті екі қызының қолына тапсырғаннан кейін де, өзін ілгерідегідей билеуші деп біледі, жасақтарын сақтап қалғысы келеді. Бұл жағдай қыздарына ұнамайды. Бір қызымен араздасып, екіншісіне көшіп жүрген ожар Лир ақырында сарайдан қуылып, баспанасыз қалады және қысқа уақыт ішінде ащы шындықты аңғарып, айналасындағы әділетсіздіктерді, аштықты көреді және өз қателіктерін түсініп қатты азап шегеді.
Н. А. Добролюбов Лир образына түсініктеме бере отырып, оны теңсіздік белең алған қоғамның «сорлы құрбаны» деп атайды. Лирдің ең үлкен қателігі сонда, ол мал-дүниеден бас тартқанымен, биліктен айрылғысы келмейді, мемлекетті қолда ұстамай-ақ басқаруға болады, деп өз күшіне артық баға береді. Бұл қатесін ол өте кеш, көп қасіретті басынан өткізгеннен кейін ғана түсінеді. Мемлекет билігінен айрылған Лирге қатынас тез өзгереді. Ең алдымен бүкіл байлықты қолына алған және әкеге тәуелділіктен құтылған үлкен қыздары оның талаптарын тыңдамайды, өз биліктерін жүргізеді.
Лир - күрделі және көп қырлы образ. Оның күшті және әлсіз
жақтары бар. Билеуші болған дәуірде ол әлсіз еді, өйткені ақиқатты айыра білмейтін. Кедей халге түскен соң Лир шындық пен жалғанды, әділдік пен әділетсіздікті аңдайтын болады, өзін еркін сезінеді. Тақ та, бақыт та енді оған жат болып көрінеді. Оның мінезінде пайда болған бұл өзгеріс үлкен қыздарына жиіркенішпен қарауында ғана емес, ал кіші қызы Карделияның алдындағы кінасын мойындауында байқалады. Лир образы Шекспирге бақыт пен байлық арасында қайғысыз өмір сүріп жатқан ат төбеліндей топ пен кедейлікте жасап жатқан сансыз халықтың қасіретін көрсетіп, ұлы гуманистік идеяларды бейнелеуге үлкен мүмкіндік берді.
Лирдің басындағы қайғыны толығырақ ашуда граф Глостердің тағдырын баяндайтын трагедияның екінші сюжеті ерекше маңызға ие. Король Лир отбасындағы оқиға Глостердің де жанұясында болады. Лир кіші қызын қуып жіберген еді, Глостер болса үлкен ұлы Эдгарды үйінен қуады. Лирдің жақсы көрген үлкен қыздары оған қарсы бас көтереді. Глостер болса өгей ұлы аяр Эдмундтан азап шегеді. Залым Эдмунд жазушының басқа трагедияларындағы Яго мен Ричард ІІІ-ге ұқсап кетеді. Даңққұмар, жауыз Эдмунд алдын ағасы Эдгарды ғайбаттап, оның үйден қуылуына себепші болады, соң әкесі Глостерді қаңғып қалған Лирге жанашырлық танытты деп айыптап, оның екі көзін ойып алып, үйінен қуып шығады. Осындай жолдармен мәртебе арттыруға ұмтылады.
Соқыр болып қалған Глостер қайыршы киімінде жүрген ұлы Эдгарға кездесіп, өзін жетекке алуын сұрайды. «Замана осылай: соқырларды қайыршылар жетектейді», дейді өзегін өкініш өртеген Глостер. Оның бұл сөздерінде терең мағына жатыр, әрине.
Король Лир мен граф Глостер тек ауыр азаптарды басынан кешіргеннен кейін ғана өзгереді; көздері зағип болғанымен ақ пен қараны айыра алатын дана адамдарға айналады.
Лирдің: Байғұс қайыршы қашып барады. Көрдің бе, достым, өкімет те сондай. Өкімет жүрген жерде өктемдік бар. Шынжырлаулы көк төбет те бір, қызмет бабындағы көп ұлық та бір.
Көшеде жүрген жезөкшені неге сонша сабайсың, Өзіңнің соған әукең түсіп тұрғанда,
Онандағы дүрелемейсің бе өзіңді Көңіліңе қашқаны үшін әзізіл?
Жымысқыны дарға астырды алпауыт,

Жыртық көйлек жасыра алмайды күнәні, Мауыт кисе – не сұмдық та түспес еді еш көзге. Кей қылмысты алтынменен аптасаң,


Құрдай ұшып жорғалайды сот өзі, Егер оны алба-жұлба қып ап барсаң, Кім көрінген көзге шұқып бітеді.
Бұл дүниеде айып тағардай ешкім жоқ, Бұл дүниеде айып тағардай қылмыс жоқ. Тығындай біл көмекейін басқаның
Қара дегеннің ақ болуы қас қағым. Сондықтан да шатынаған
Көзіңе әйнек ки-дағы,
Көп көрсоқыр саясатшы секілді,
Көрмесең де, көрген болып көрін сен [105.344],- деп мемлекет басына шығып алған, өз мүддесінен басқа ешнәрсені көре алмайтын «алаяқ саясаткерлерді» әшкерелеумен бірге, өзінің бұрынғы өміріне сын көзбен қарайды.
Байлық пен абырой арттыру жолында әрқандай зұлымдықтан бас тартпайтын Эдмунд «қылышы бар адамға мейірімділік жараспайды», деп тұтқынға түскен Лир мен Карделияны өлім жазасына кеседі. Гонерилья мен Регананы сүйемін, деп оларды сендіреді, апа мен сіңлі ортасындағы қызғаныш дұшпандыққа айналады. Гонерилья Эдмундқа қол жеткізу үшін жесір қалған сіңлісі Реганаға у береді. Бірақ ерінің қиянаты сезілген соң өзін өлтіреді. Глостердің үлкен ұлы Эдгар әкесіне, ағасына және герцогке опасыздық жасаған інісі Эдмундтың зұлымдықтарын әшкерелейді, азапта жатқан Лир мен Карделияны құтқаруға асығады. Бірақ бұл уақытта Карделияны дарға асып өлтірген еді. Парасатты қыздың өлімі әке үшін өте ауыр қайғы болатын. Лир Карделияның денесінің қасына құлап түсіп, жан тапсырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет