Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Данте Алигерьи (1265-1321)



бет35/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

Данте Алигерьи (1265-1321)

Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия әдебиетін үйрену орта ғасырлардағы әдебиеттің соңғы ірі өкілі және Ренессанстың алғашқы жаршысы Данте Алигерьидің әдеби мұрасын үйренуден басталады.



Теңіз жағалауында орналасқан және осы дәуірдегі ең алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болған Италия Шығыс пен Батыс арасындағы сауда қатынастарын дамытуда үлкен рөл атқарды.
Сондықтан Италия қалалары тез өсіп, бұрынғы феодалдық қанаудан құтыла бастайды. Тәуелсіздікке қол жеткізген қала-мемлекеттерде республикалық билік үстемдік етті. Еркін қалалар сауда орталықтарына айналды. Бірақ буржуазиялық қатынастар барлық қалада бірдей дамыған жоқ. Папаға бағынған кейбір өлкелерде феодалдық билік күшті болды және мемлекеттің капиталистік бағытта дамуына үлкен кедергіліктер жасады.
Орталықтанған өкіметті орнату үшін күрескен двояндар партиясын, яғни гибеллиндерді Герман императоры қолдайды. Ал сауда-өнеркәсіп партиясы болған гвельфттер папа билігіне бағынатын ұлттық мемлекетті құруға ұмтылады. Папа мен император арасындағы қырғи-қабақтық XIII ғасырға келгенде осы екі партия ортасындағы саяси қақтығыстарда айқын көрінеді.
Саяси күрес Дантенің Отаны - сауда-өнеркәсіп орталығы болған Флоренцияда өрши түсті. XIII ғасырда Флоренция коммуналары гвельфтер қолында еді, бірақ оларға гибеллиндердің ықпалы күшті болды. Сондықтан олар гвельфтердің басшыларын қаладан қуып шығып, өкіметті бірнеше рет өз қолдарына алған болатын. Бірақ гвельфтер папаның жәрдемімен дворян-гибеллиндерді мемлекет басынан үзілді-кесілді қуып шықты.
Данте Флоренция коммунасы жағында болып, дворяндар партиясына қарсы күресті. 1301 жылы ол қала басшысы болып сайланды. Ақ гвельфтер қатарында өз қаласын даңққұмар, залым папа Бонифаций VIII-нің озбырлығынан азат ету үшін барлық күш- жігерін жұмсайды. Бірақ, папа партиясы жеңіске жеткен соң, 1302 жылдың басында Флоренциядан қуылған Данте жоқшылықта өмір сүрді. Ол Веронада, Мантуя мен Парижде болады. Өмірінің соңғы жылдарын Луки мен Равеннада өткізеді. Жоқшылық Дантенің саяси көзқарасына өз әсерін тигізеді. Ол тек император билігі ғана папа озбырлығына ойсырата соққы беріп, Италияда бейбітшілік пен ынтымақ орната алады деген пікірге келеді.
Данте 1310 жылы Италияға «тәртіп» орнатпақшы болып келген герман императоры Генрих VII-ге үлкен үміт артады. Бірақ Генрих Флоренцияны бағындырып үлгерместен науқастанып, 1313 жылы қайтыс болады. Осылайша, Дантенің Отаны Флоренцияны азат ету және оған қайтып оралу арманы орындалмай қалады.
Данте өзінің шығармашылығын лирик ақын ретінде бастады. Осы кезеңдерде Флоренцияда Аверроэс және материализмге
жақын рухтағы араб философиясы кең тараған еді. Дантенің жақын досы флоренциялық ақын Гвидо Кавальканти (1259-1300) араб философы Аверроэсты (ибн Рашид) қолдаушылардың бірі болатын. Гвидо жанның мәңгілігі туралы діни нанымға сенбейді. Данте де қоғам туралы пікірлерін баяндағанда Аверроэс танымына сүйенеді. XIII ғасырдағы итальян лирикасы мен Данте поэзиясының қалыптасуына тек латын әдебиеті ғана емес, сонымен бірге араб өлеңінің құрылысы да мол ықпал етті. Шығыс әдебиеті сарындары Флоренцияға Сицилия мен Прованс трубадурларының шығармалары арқылы жеткен болатын. Данте поэзиясының ең үздік үлгілері оның
«Жаңа өмір» деп аталған жинағына енген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет