К I Р I С П Е
Медициналық оқу орындарында латын тiлiнiң оқытылуы, қарым-қатынас, сөйлесу мақсатын емес, таза қолданбалы мақсатты көздейдi – ол анатомия, фармакология, микробиология, фармакогнозия және клиникалық пәндерде қолданылатын терминдердiң негiзi болып саналады.
Терминдердiң таңдалуы келешек мамандардың бағдарына байланысты.
Латын тiлiнiң грамматикалық құрамына сүйенiп бiз студенттердi медицина әлемiмен таныстырып, олардың медициналық терминдердi ежелгi грек-латын тiлдерiнiң сөздерiнiң байлығы арқылы түсiнiп, игерiп алуына жағдай жасаймыз.
Медицинаға қызығып, оқитындарға бiрден мына сөз айтылу керек.
“Invia est in medicina via sine lingua latina”.
“Латын тiлiнсiз медициналық бiлiм жоқ”.
“Латын тiлi және медициналық терминдер негiздерi” – сiздерге жаңа пән.
Жалпы айтатын болсақ, сiздер шет тiлiн оқымайсыздар, оқитындарыңыз - медициналық терминдiк тiл, оның көлемi мен мазмұны оқыту мақсатына және тәжiрибе жұмысына байланысты түзiлген бағдарламамен негiзделген.
Бiз өзiмiз ең алдымен 2 нәрсенi бiлуiмiз керек:
1) Бұл тiлдiң оқытылу мақсаты
2) Не себептi ол медицинада негiзгi тiл болып келедi
Латын тiлiн оқытудың мақсаты:
Латын тiлiнде дұрыс жазып, оқи алу;
Медициналық терминдердi, рецептердi латын тiлiнен орыс-қазақ тiлiне, орыс-қазақ тiлiнен латын тiлiне аудара алу;
Терминоэлементтерге қарап клиникалық терминдердiң түзiлуiн бiлу;
Медициналық терминдердi, рецептердi дұрыс, қатесiз жазу;
Химиялық номенклатураны латын тiлiнде құрастыру, т.б.
Латын тiлiнiң алфавитiн бiлу арқылы студенттер оқулықтардан, анықтамалықтардан керектi сөздерiн қиналмай-ақ, тез тауып ала-алады.
Болашақ мамандар анатомиялық, фармацевтiк, клиникалық терминдердi жете меңгерiп, оларды өз тәжiрибесiнде, жұмысында қолдана бiлгенi жөн. Ескертетiн нәрсе: студенттер 500-600 терминдердi бiлуi қажет.
Ендi латын тiлiнiң даму тарихына қысқаша тоқтала кетейiк. Латын тiлi Италияда орналасқан Лация облысында тұрақтаған – латиняне деген, осыдан 2500-3000 жыл бұрын өмiр сұрген халықтардан шыққан.
Олардың бас қаласы Рим (Roma) аңыздың айтуы бойынша бiздiң эрамызға дейiн VIII ғасырда тұрғызылған. Өзiнiң экономикалық күшiн және жауынгершiлiк жағдайын пайдаланып, Римдiктер бүкiл Италияны жаулап алады. Кейiн келе бүкiл Жер Орта теңiзiнiң жағалауына билiк жүргiзедi.
Сөйтiп, мектепте тарих сабағынан өздерiң оқығандай Рим империясы пайда болады.
Оның құрамына кейiнiрек жауланған батыс Еуропа елдерi де кiредi.
Латындар жаулап алған елдердiң бәрiнде де өз мәдениетiн, салтын енгiзiп, тек латын тiлiнде сөйлеудi, жазуды талап еттi.
Сол кездегi ең құдiреттi де, күштi де – шiркеу, өз жұмысын латын тiлiнде жүргiзген.
Сонымен, латын тiлi батыс Еуропада бiрнеше жүз жылдар бойы мемлекеттiк тiл, әдеби тiл, мәдениет, философия және ғылым тiлi болып келедi.
Латын тiлi көршiлес жатқан елдерге де өзiнiң ықпалын тигiздi. Мәселен, орыс тiлiнде көптеген латын тұбiрiнен шыққан сөздер бар: институт, университет, операция, инъекция, лекция, студент, ассистент, доцент, профессор, радио, авиация, трактор және т.б.
Көптеген ғылымдар өз еңбектерiн латын тiлiнде жазып, ғылыми лауазымдарын латын тiлiнде қорғаған олар: И. Ньютон, Коперник, Галилей, К. Линней, М.В. Ломоносов, Н.И. Пирогов, И. Дядьковски. Ал ботаника пәнi үшiн латын тiлi ресми тiл болып саналады.
Рим империясының күшi жойыла бастағанда ол екiге бөлiнедi:
1. Шығыс Рим империясы (Византий) - грек тiлiнде сөйлеген.
2. Батыс Рим империясы – латын тiлiнде сөйлеген.
Кейiннен бұл империялар да күшiн жояды. Сол кездерде Роман тiлдерi пайда болады. Роман тiлдерi – итальян, француз, испан, румын, молдаван тiлi.
Латын тiлiнiң арқасында медициналық терминдер халықаралық термин болып, бұкiл дүние жүзiнiң медиктерiнiң қарым-қатынасын, байланысын нығайтып, жеңiлдеттi.
Латын тiлi латынданған грек түбiрлерi мен қосымшалары арқылы жаңа медициналық терминдер түзуге көмектеседi.
Олардың сөзi әрi қысқа, әрi оңай еске сақталады. Мысалы: бронхит – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының қабынуы; идиосинкразия – ағзаның дәрiге немесе бағытталған әсерге өте күштi сезiмталдығы, т.б.
Латын тiлi болашақ медиктерге өз мамандықтарын жете, жақсы бiлумен қатар олардың жалпы мәдениетiн, ой-өрiсiн кеңейтедi. Мысалы: validus – денi сау, оған “in” деген префикс қосылса, бұл сөз Invalidus - мүгедек.
Қазiр латын тiлiнде, ешқандай халық сөйлемегендiктен, ол өлi тiл болып саналады. Сонда да бұл тiл медицина тiлi ретiнде өз қасиетiн жойған жоқ.
Латындар Грецияны жаулап алғанда, Грецияда медицина күштi дамығандықтан олар барлық терминдердi өзгертпей-ақ грек тiлiнде қабылдаған.
Рим империясында да, Рим қаласында да дәрiгерлер негiзiнен гректер болған. Сол себептен медициналық терминдерде грек сөздерi көптен кездеседi. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |