Оқулық жоғары оқу орындарының медицина факультеттерінің студенттері мен магистрлеріне арналған



бет3/105
Дата02.01.2022
өлшемі1.97 Mb.
#452601
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
латын тілі(@kaz medical students)

Грек Латын Қазақ

1. osteo os, os,ossis.n. сүйек

2. somato corpus дене

3. cardio cor, cordis жүрек

4. pneumo pulmo, onis өкпе

5. nephro ren, ren, renis бүйрек

6. spleno lien, lien, lienis көк бауыр

7. rhino nasis, i мұрын

8. haemo sanguis, inis .m қан

9. cyto cellula жасуша

10. derma cutis терi

Бiрiншi рет медициналық терминдердi медицина атасы Гиппократ қолданған. Гиппократтан кейiнгi медициналық терминдердi енгiзген - Рим дәрiгерi Гален болды (Жаңа Гален препараттары - Адонизид).

Термин дегенiмiз (terminus – предел, граница – шегi, шекара) - ғылыми ұғымның атауы. Ол бiр мағыналы болады.

Термин бiр сөзден де тұруы мүмкiн: corpus- дене, costa – қабырға, және сөз тіркестерінен де құралуы мүмкiн: vertebra thoracica – төс омыртқа, caput costae – қабырғаның басы.

Медициналық терминдер III топқа бөлiнедi:

I –шi – анатомиялық терминдер.

II –шi – фармацевтiк терминдер.

III –шi – клиникалық терминдер.

Анатомиялық терминнен фармацевтiк терминге, фармацевтiк терминнен клиникалық терминге өтуге болады. Мысалы:

1. cor. cordis, n – жүрек – анатомиялық

2. corvalolum – корвалол – фармацевтiк

3. corgliconum –коргликон - фармацевтiк

4. cordiaminum – кордиамин - фармацевтiк

5. epicardium - жүрек сөмкесiнiң висцералды жапырағы - клиникалық

6. endocardiom - жүрек iшкi қабығы – клиникалық

Жоғарыда айтқанымыздай терминдердi еске сақтау үшiн, оларды бiзде айтылып жүрген орыс сөздерiмен салыстырып көрейiк. Мәселен, Латын түбiрi “Radix”- ке ұқсас сөздердi алайық. Осы сөзге жақын, туысқан қандай сөздердi бiлемiзғ Радикал, -радикальный “aqua” - аквариум, акваланг, акватория; “aer” - аэропорт, аэроплан, аэрофлот, т.б.

Мұндай сөздiк жұмыстарының терминдердi тез еске сақтау үшiн және сөздiк қорды көбейтiп, таза сөйлеу үшiн, көмегi көп.

Әрбiр анатомиялық терминдер бiр сөзден тұрады. Мысалы:

- thorax –көкiрек қаңқасы

- atlas –I-шi мойын омыртқа; немесе бiрнеше сөздерден тұрады: - зат есiм мен сын есiм қосындысынан құралады. Мысалы:



  • vertebra cervicalis –мойын омыртқа

  • vertebra thoracica –төс омыртқа

  • vertebra lumibalis –бел омыртқа

Егер анықтауыш бүкiл сөз тiркесiне тиiстi болса, ол олардың алдында тұрады:

  • medulla ossium rubra – қызыл сүйек миы

  • medulla ossium flavum –сары сүйек миы

Оқу құралы үш бөлiмнен тұрады:

I. Анатомиялық терминдерге анатомиялық және гистологиялық номенклатуралар негiздерiн шыққан сөздер жатады: сүйек, б±лшыќ ет, iшкi,сыртқы ағзалар, тамыр аттары.

II. Клиникалық терминдерге әртүрлi медициналық мамандықтардың терминi жатады: терапия, хирургия, акушерлік гинекология, неврология, психиатрия, офтальмология және педиатрия. Бұлардың бәрi де патологиялық анатомия және патологиялық физиология арқылы түзiледi. Бұл терминдер: аурудың аты, аурудың жағдайы; операциялық әдiстер, емдеу жолдары; әртүрлi приборлардың аты, қолданылатын ќ±ралдар атауы.

III. Фармацевтiк терминге: дәрiлік формалар атауы, дәрiлердiң атаулары, дәрiлiк өсiмдiктер атаулары және олардың бөлшектерi, химиялық номенклатуралары жатады.

Бұл терминдердi түсiнiктi және қатесiз қолдану үшiн, бiзге, студенттерге, латын әрiптерi мен сөздерiн анық, нақты, қатесiз оқып, түсiнiп, оны орыс-қазақ тiлiне аудара бiлуiмiз керек және қазақ-орыс тiлiнен латын тiлiне аудара алуымыз қажет.


  • Optimum medicamentum quies est – дәрiнiң ең тиiмдiсi – тыныштық. (Павлов)

  • Natura sanat, medicus curat morbos – табиғат ауруды жазады, дәрiгер аурудың жазылуына көмектеседi. (Гиппократ)

Анатомиялық, гистологиялық терминология бөлiмi


Бөлiм мазмұны: медицина терминологиясының бұл бөлiмде фонетикалық және грамматикалық бiлiм сауатты түрде үйретiледi және игертiледi. Мұнда латын грамматикасының iшiнен медицина терминологиясын жасауға қатысты өзектi мәселелер ғана қамтылған. Атап айтқанда: зат есiм мен сын есiмдердiң морфологиясы, сөз тiркестерiнiң синтаксисi, т.б. грамматикалық материалдар.

Оқыту мақсаты: Латын тiлiн (курсын) оқыту барысында барлық бөлiмдерде қолданылатын фонетикалық және грамматикалық ережелердi, анатомиялық, гистологиялық терминологияны бiлу;

Оларды қазақ тiлiне аудара отырып, сөздердi латын тiлiнде оқып, барлық анатомиялық, гистологиялық терминологияны игере алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет