Оқулық жоғары оқу орындарының медицина факультеттерінің студенттері мен магистрлеріне арналған



бет14/105
Дата02.01.2022
өлшемі1.97 Mb.
#452601
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
латын тілі(@kaz medical students)

NB – Көњiл бөлiңіздер:

Кейбiр сөздерге бұл ереженi қолдануға болмайды. Себебi екiншi буынның дауысты дыбысы бiр дауыссыз дыбыс алдында келедi. Бұл жағдайда кейбiр сөздер ұзақ немесе қысқа оқылуы мүмкiн. Сондықтан бұл сөздердi сөздiктен қарау керек. Егер ұзақ оқылса+ ( - ) белгiсi, ал қысқа оқылса (ғ) белгiсi қойылады.


Анатомиялық терминдердiң құрылымы

Латын тiлiнде терминдер түрi әртүрлi болып келедi. Бiр сөзден тұратын терминдер бар. Олар атау септiгi жекеше және көпше түрдегi зат есiмдер. Мысалы: sternum – төс, thorax – кеуде клеткасы, ossa - сүйектер.

Кейбiр сөздер қазақша аудармада екi сөзден тұрады. Латын тiлiнде анатомиялық терминологияда бiр сөзден тұратын терминдер өте аз: көбiнесе терминдер – сөз тiркестерi арқылы қолданылады. Себебi тiркестi термин мүшелер мен ағзалардың нақты белгiлерiн көрсете алуы тиiс. Тiркестi термин зат есiм мен сын есiмнен (бiрнеше сын есiмдерден) немесе атау септiгiндегi және iлiк септiгiнде зат есiмдерден тұрады. Мысалы: Vertebra cervicalis – мойындық омыртқа, collum costae - қабырға мойыны.

Көп жағдайда нақты атауларды көрсету ұшiн олардың қ±рамында анықтауыштар қолданылады. Б±л анықтауыштар тек зат есiмдi ғана емес, бұкiл сөз тiркестерiн анықтайды. Мысалы: processus articularis superior - жоғарғы буынды өсiндi

1. Медицина терминдерiнде бiрiншi орында әр уақытта атау септiгiндегi зат есiм тұрады, содан кейiн бiр немесе бiрнеше анықтауыш сөздер келедi.

2. Жалпы бүкiл сөз тiркесiн анықтап тұрған сөздер көбiнесе анатомиялық құрылымдардың көлемiн, пiшiнiн көрсетедi (үлкен-кiшi, жоғары, төменгi, ортаңғы, дөнгелек, сопақ, сыртқы, iшкi). Бұл сөздер зат есiммен байланысып, сөйлем соңында жазылады: protuberantia occipitalis externa – сыртқы шүйделiк шығыңқы.


Анықтауыштар байланысқан, байланыспаған болып 2-ге бөлiнедi. Мына сөйлемдердi қарастырып көрелiк:

1.os palatinum- таңдайлы сүйек. 4.os pubis-қасаға сүйек.

2.os frontale - маңдайлы сүйек. 5.ossa brevia-қысқа сүйектер.

3.os coxaе - жамбас сүйек.

Бұл сөйлемдердегi os-сүйек сөзiн анықтап тұрған сын есiмдердiң жалғаулары әр түрлi. Себебi латын тiлiнде сын есiмдердiң 2-тобы бар және олар әр түрлi жiктеледi.

Сонымен байланысқан анықтауыш дегенiмiз - анықтап тұрған зат есiммен 1-текте,1-түрде,1-септiкте болатын сөздер. Байланысқан анықтауыш қызметiн көбiнесе сын есiмдер атқарады. Мысалы: columna vertebralis-омыртқалық бағана.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет