Оқулық. М.Қ. Оспанова; Қ. С. Аухадиева; Т. Г. Белоусова, Алматы: Мектеп, 2019. 10 сынып. 1-бөлім



бет16/18
Дата19.05.2022
өлшемі2.03 Mb.
#457319
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
хим каз-10 ОГН

3. Онлайн ресурстар
1. https://www.youtube.com/watch?v=cPq-_APaQs4 (нажмите CTRL и щелкните ссылку) осы сілтеме арқылы ұяшықтарға электрондарды толтырудың графикалық түрімен танысыңдар.
2. https://bilimland.kz/ немесе https://daryn.online/ сайтындағы видеоларды көріп, өзіңе қажетті материалдарды дәптеріңе көшіріп жаз.
4.Тапсырмалар
1. Электртерістілік шкаласы мен периодтық кестені пайдалана отырып, берілген элементтердің химиялық таңбаларын ЭТ өсу реті бойынша орналастырыңдар: фосфор, магний, бор, цезий, оттек, кремний, калий, көміртек, сутек, литий, фтор, күкірт, алюминий, кальций.
2. Атомдар арасында түзілетін химиялық байланысты элемент атомдарының ЭТ сандық мәні бойынша анықтаудың себебі неде? Мысалдармен түсіндіріңдер.
5. Кері байланыс:
тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды
Химия пәнінен қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан
Қолданылатын оқулық .М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019.
10 сынып. 1-бөлім
Сабақтың нөмірі: 14
Сабақтың тақырыбы: Ионды химиялық байланыс және иондық кристалдық тор. Металдық байланыс және металдық кристалдық тор.Көрсетілім №3 «Натрий, мыс хлоридтерінің кристалдық тор моделі»
1.Оқу мақсаты: 10.1.4.7 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.8 NaCl, CaO, MgF2, KH қосылыстары үшін Льюис диаграммасын құру;
10.1.4.9 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
2. Конспект
Иондық қосылыстар металл катион мен бейметалл аниондарының әрекеттесуінен түзіледі. Оң және теріс иондар, тұтастай алғанда иондық байланыстың электрлік заряды болмайтындай қатынаста болады. Катиондардың химиялық белгілері сәйкес металдардың белгілеріне оң заряд таңбасын жоғары оң жақ бұрышына қою арқылы жазылады. Егер берілген атом бірден артық электронын жоғалтса, оң зарядтардың саны «+» таңбасының алдына жазылады, мысалы, Li +, Mg 2+, Al 3+. Анионның химиялық белгісі сәйкес элемент белгісінің оң жақ жоғарғы бұрышына (–) белгісін қосу арқылы жасалынады. Егер берілген атом бірден көп электрон қосып алса, теріс зарядталған зарядтардың саны «–» таңбасының алдына жазылады. Мысалы: Cl −, F −, O 2−.
Иондық қосылыстардың мысалы ретінде натрий хлоридін NaCl алуға болады.

Na+ + Cl − ⟶ NaCl

Иондық кристалдық тор
NaCl формуласы, натрийдің әрбір катионына кристалдағы бір хлорид-анион сәйкес келетінін білдіреді. NaCl формуласы натрий хлориді натрий мен хлордың жұп иондарынан немесе NaCl молекуласынан тұратынын білдірмейді.
Әрбір хлор анионы алты натрий катионын тартады. Иондық қосылыстарға иондық кристалдық тор тән. Иондық қосылыстардың кристалдық торы ток өткізбейді. Егер иондық қосылысты балқытса, ол өткізгішке айналады. Иондық қосылыс суда ерігенде су молекуласының әсерінен иондарға ыдырайды. Осылайша иондық қосылыстардың көбі суда ерімтал келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет