Оқулық «Мәдениеттану»



бет18/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Мадениет тану экзамен

Көне Қытайдың мәдениеті.

Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі – ежелгі Қытай едінінің тұрғындары – ерекше материалдық және рухани мәдениеті жасаушылар болды. Олар өмірді – құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір – біріне қарама – қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының нәтижесінде әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырады деп санады. Көне заманда қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың. өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Солардың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұсайтын «жоғары құдай» ерекше бағаланды.

Кейіннен қоғамдық өмірде болған өзгерістерге байланысты патша билігін дәріптеушілік пайда болды. патша «аспанның ұлы» деп танылып, ол – құдайдың жер бетіндегі өкілі ретінде мойындалды. Б.з.б ХІІІ ғ. бастып – ақ бұрын тек қана «жоғарғы құдайды» белгілеуге арналған иероглифтермен жаңа патшаларды да белгілей бастады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қытайда ата – баба рухына табынуға үлкен мән берген. Бұл дәстүрлі наным – сенімнің негізінде адам өлгеннен кейін де оның жаны өмір сүруіен жалғастыра береді, тіпті ол тірілердің істеріне араласа береді деген ұғым жатыр. Қытайлықтардың бұл қағидаларға кәміл сенгендігі соншалық, олар өлген уақытта адамдар мен құлиеленушілердің қызметшілерін, құлдарын, тіршлілікке пайдаланған заттарын (қару-жарақтарын, әсемдік бұйымдарын және т.б.) қоса көмдірген.

Б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасында Қытай едінде кейіннен философиялық жүйеге айналған үш басты идеологиялық бағыт қалыптасты. Олар: даосизм, Конфуций ілімі және Үндістанда пайда болып, кейіннен Қытайға кеңінен тараған — буддизм. Бұл ілімдердің Қытай мәдениетінде алатын орны өте зор және осы заманға дейін қытайлықтардың қоғамдық өмірінің барлық жақтарына өз ықпалын сақтауда.

Бұл ілімдердің бірі «даосизм». Оның негізін қалаушы б.з.б. VI ғ. өмір сүрген «Дао және дэ» кітаптарының авторы, ұлы кемеңгер ойшыл Лао-Цзы. Даосизмнің негізгі философиялық категориясы — «дао» — заң («дао» иероглифі дәл мағынасында «жол» дегенді білдіреді). Даосизм бойынша, бүкіл дүние жүзі бір ғана заңдылыққа — «даоға» бағындырылған. «Дао» — бүкіл тіршілік атаулының негізі және қайнар бұлағы, ал оның басты белгісі «табиғилық» болып есептелінеді. «Дао» табиғаттағы құбылыстар мен заттардың сан алуандығын қамтамасыз етеді, олай болса нақты өмір — табиғат «құдайдың» немесе табиғаттан тыс күштердің еркіне емес, «даоға» байланысты өмір сүреді. «Даосизм» адам заттардың табиғи реттілігін ешуақытта да бұза алмайды, сондықтан да кез келген адам қоғамдағы оқиғалардың барысына сырттай қараумен ғана қанағаттану керек және «даоға» жетуге тырысушылық — адамның тағдыры, «жазмышы болып саналады» деп санады. Демек, даосизмнің жолын қуушылар батыл іс-қимылдан бас тартуды уағыздап, «әрекетсіздік» теориясын ұсынды. Бұл теория— даосизмнің басты қағидасына айналды. Олар «ең ақылгөйлік жол — әрекетсіз-күрессіз жол» деп пайымдады.

Философиялық даосизмнің негізінде б.э-ң басында «діни даосизм» пайда болды. «Абсолюттік дао» - бұл жаңа бағыттың негізгі ұранына айналды. Ол бойынша өмір дегеніміз - бар болғаны сағым мен қиял ғана, ал өлім - даоға, яғни жанның мәңгілік шынайы болмысына қайта оралу болып саналады. Кейіннен «мәңгілік өмір» жайындағы даосистік ілім шамандықпен, сиқыршылықпен, астрология және демонологиямен ұштасып кетті. Діни даосизмнің үстемдік еткен кезеңінде мәңгілік өмір сүретін даосистік әулиелер жөнінде түрлі аңыздар таралып, олардың мәңгілік өмірді сыйға тарта алатын қабілеттері баса айтылып, дәріптеле бастады. Осы жағынан алып қарағанда, даосизм еуропалық алхимиктерді еске түсіреді. Діни даосизм үстемдігі кезеңінде Қытайда монастырьлар салынып, онда ондаған және жүздеген мың даосистік монахтар тұрды. Олар өздерінің діни қызметтерінен және жерді тиімді пайдаланудан қыруар табыс тауып отырды. Монахтар мен абыздардың қызметі сан алуан болды. Олар адамдар тағдырын болжады, бал ашудың түрлі әдістерін игерді, жын-шайтандарды аластады, бәле-жаладан сақтайтын бойтұмарларды сатумен айналысты, діни құрылыстар мен молалар салуға лайықты «Жын шайтандарсыз» жерлерді анықтады, той жасауға, жолға шығуға және т.б. байланысты сәтті күндерді белгіледі. Діни даосизм де «әрекетсіздіктің және тағдырға бой ұсынып «қарсы шықпауды» уағыздады. Бір ғажабы, діни даосизм өзінің өміршеңдігін көрсетіп, осы кезеңге дейін сақталып отыр.

Біз II—III ғ. неодаосизм (бұл жаңа еуропалық термин) деп аталатын екінші бір ағым қалыптасты. Неодаосизмнің бұған дейінгі діни ілімдерден басты айырмашылығы - бұл ілім әлеуметтік-мемлекеттік өмірдегі қалыптасқан жағдайларға икемдедіп жасалды және мемлекеттік істерге қатысудан бас тартуды талап етпеді. Керісінше, «жаңартылған даосизмде» Конфуций ұлы уағызгер және ұлағатты өмір ұстазы ретінде аса жоғары бағаланды. Бірақ осы бір өзгешедігіне қарамастан даосизмнің бұрынғы рухы сақталынды және соның негізінде «жол мен тасқын» деп аталатын көркемдік стиль туындады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, діни даосизм осы уақытқа дейін сақталып қалса, ал неодасизм қойнауында туындаған «жол мен тасқын» стилі қытай мәдениетінің ажырамас бөлігіне арналған.

Даосизм ілімінде мифологиялық сарын басым болғанымен, шындығында бұл жағдайды мифке қайтып оралу деп әсте санауға болмайды. Егжей-тегжейіне бармай-ақ, бұлардың принциптік айырмашылығы - даосистік өмірдің басты идеалының адамның ішкі жан-дүниесінің бостандығына негізделуі деп толық сеніммен айта аламыз. Даосизм оңтүстік-шығыс Азия елдеріне кеңінен тарап, жаңа өнер мен өмірге жаңа көзқарастың қалыптасуына елеулі ықпал етті. Даосистік ілім адамның деспотизм құрсауынан босануына жол ашып берді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұл ілімнің қытай мәдениетінің гүлденуіне, оның жан-жақты дамуына зор әсер еткендігі ақиқат.

VI ғ. аяғы мен V ғ. басында дүниетанымдық жүйенің екінші бір саласы — Конфуций ілімі пайда болды. Оның негізін қалаушы Еуропада Конфуций деген атпен белгілі болған ұлы уағызгер Кунфу-Цзы болды. Азғантай ғана уақыттың ішінде, яғни төрт ғасырдың ішінде бұл ілім қытайлықтардың жүрегінен жылы орын тауып, б.з.б. II ғ. өзінде-ақ императорлық Қытайдың басты идеологиясына айналды. Ол қоғамдағы бей-берекетсіздіктердің басты себебін — адамдардың азғындауынан іздеп, бағыныштылықты, адалдықты, қарттар мен ата-аналарды сыйлауды басты орынға қойды. Міне, сондықтан да болар. Ұлы уағызгердің басты өмірлік қағидасы — «ата-аналарды құрметтеу мен қарттарды сыйлап-қадірлеуге» кедіп тіреледі. Конфуций ілімінің басты құндылығы мен ерекшелігі - оның Шығыс елдеріне тән рухта мемлекеттік және адамгершілік парыздары бір-бірімен ұштастыра білуінде болып саналады.

Өкімет басындағы шенеуніктер конфуцийлік әдебиетті толық білуге тиісті болды, өйткені бұл ілімнің негізгі қағидаларын білу — мемлекеттік қызметке алынатындарға қойылатын басты талаптардың бірі болды. Сондықтан да болар, конфуцийлік парыздарды ең мұқият сақтаушылар да осы шенеуніктер (чиновниктер) болды. Демек, мемлекет пен конфуцийлік дін біртұтас саяси-әкімшілік жүйесіне айналды, оның мақсаты — қоғамдық ережелерді баянды ете отырып, халықтың өкімет билігіне бағыныштылығын қамтамасыз ету болды. Конфуций ілімінің дамуына байланысты тұрмыстық іс-әрекеттерден бастап, мемлекеттік іс-әрекеттерді бағалаудың негізгі шарттары жасала бастады. Мысалы, ер адамнан өз міндеттерін мүлтіксіз орындау, адал қызмет ету, рудың басшысына бағыну талап етілсе, ал әйелдерден ерін, ата-енесін тыңдап, олардың айтқандарын қалтықсыз орындау және болашақ ұрпақты жалғастыру талап етілді. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жайт, әйелдің ең басты міндеті — еріне адал қызмет ету болып саналады. Әйелдің ақылдылығы, шешендігі және терең ойлылығы басты орынға қойылды да, оның сыртқы сұлулығы есепке алынбады. Нағыз әйел ерімен бірге өлімге де бас тігетін әйел болып есептедінді.

Біздің заманымыздан бастап Үнді едінде пайда болған будда діні Қытайға да кеңінен тарай бастады. Буддизм бойынша өмір дегеніміз — шексіз қайта өмірге келу мен жаңданулардың тізбегі, ол — қайғы-қасірет пен зұлымдықтарға толы. Мұндай тығырықтан шығудың жолын буддистер адамның өмір қызығынан бас тартумен байланыстырды және адамдар өз бойындағы барлық мұқтаж-тілектерін барынша басып отыру қажет деп санады. Олар рух — мәңгілік, ал материяның басы мен аяғы бар деп пайымдады. Материалдық өмір жеке өмір сүре алмайды, ол бар болғаны мистикалық рухтың көрінісі ғана. Кейіннен, яғни б.з.-ң IV ғасырына қарай буддалық шіркеулер Қытайдың басты экономикалық, саяси және діни күшіне, ондаған мың будда шіркеулері мен монастырьларын, жүздеген мың монахтардың басын біріктірген айбынды да, қуатты ұйымдарға айналды. Заман ағымындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты буддизм даосизм сияқты кейіннен конфуцийлік дінге жол берді.

Тереңірек үңіле қарасақ, Кытайдың барлық діни жүйелерінде ұқсастық, ортақ белгілер бар. Олар: ата-аналарды, бабалар мен қарттарды сыйлап, құрметтеу, бағыныштылық, «әрекетсіздік» теориясы және т.б.

Ежелгі Қытайдың діни және рухани өмірі жайындағы ғалымдардың ғылыми тұжырымдары жазба деректерге негізделген, олардың көпшілігі сол көне заман көзінде дүниеге келген. Б.з.б. XV ғ. өзінде-ақ Қытайда иероглифтік жазу жүйесі қалыптасып, екі мыңнан астам иероглифтер белгілі болған. Көне Қытай әдебиетінің ең көне жазба ескерткіштерінің қатарына үш жүз әндер мен өлең жолдарынан тұратын «Әндер кітабы» және «Өзгерістер кітабы» жатады. Қытайлықтар көп уақытқа дейін табиғи бояулармен жібекке жазған. Уақыт өткен сайын иероглифтер саны өсіп үш мыңға жеткен. Қытай жазуының ең дамыған кезеңі б.з.-ң алғашқы ғасырлары болды. Мысалы, б.з.-ң ІІ-ші ғасырында иероглифтер саны 10 мың болса, ал III ғ. олардың саны 18 мыңнан асып түскен. Дәл осы кезеңде Қытайда жазудың біртұтас жүйесі қалыптасып, кейіннен бұл жазып-сызу жүйесі қытай жазуының негізін құрады. Алғашқы сөздіктер дәл осы уақытта жасалды. Император сарайларында бай кітапханалар пайда бола бастады.

Ежелгі Қытайдың атақты ақындарының қатарынан Лу Цзы, Мей Шен, Ян Сюнь, Тао Юань Минь сияқты дарынды ақындар берік орын алды. Олар б.з.б. IV—III ғ. өмір сүрген, қытай поэзиясының негізін қалаған алғашқы ұлы ақын Цюй Юанның тамаша әдеби дәстүрлерін одан әрі жалғастырушылар еді. Солардың бірі — «Тарихи жазбалар» атты баға жетпес тарихи еңбектің авторы, алғашқы қытай тарихшысы Сым Цянь болды. Оның тарихи оқиғаларды баяндау әдісі мен стиль ерекшелігі замандастарын таң қалдырып, үлгілі-өнегедік мәнге ие болды.

Біздің заманымыздың бастауында Қытайда кескіндеме өнері гүлдену сатысында болды. Көптеген ғалымдар өнердің осы саласындағы мұндай алға басушылықты будда дінімен байланыстырады. Шындығында да, будда ғибадатханаларында түрлі құдайлар мен әулиелердің мүсіндері көптеп орын ала бастады. Әсіресе, жібекке, қағазға тушпен салу кеңінен тарап, фрескалар өнері бой көрсете бастады. Бір айта кететін жайт, ежелгі Қытайдың кескіндеме туыңдыларының әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Мысалы: шырша — ұзақ өмір белгісі болса, бамбук - қажымас қайрат пен ерліктің, ал көкқұтан — жалғыздық пен қасиеттіліктің белгілері болып саналады. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, бүкіл көне Шығыс көркемдік мәдениетінің ең басты элементі — «Күн» болып саналатынын да атап өткенді жөн көрдік. Күн әдетте, Аспан құдайының мұрагері және туған ұлы ретінде адам бейнесінде беріледі. Күн «Аспан құдайының» бәрін көре де, біле де білетін қасиетін мұра еткен. Күн сонымен қатар Шығыс елдері мәдениетінде сұлулықтың басты белгісі болып саналады.

Қытайдың көркемдік мәдениетінде кескіндеме өнері мен әдебиеттің арасында үзілмес сабақтастық байқалады. Өйткені, қытай поэзиясы кескіндемедік сипатта болса, кескіндеме өнері поэтикалық сарында болып келеді. Жалпы алғанда, Қытайдың көркемдік мәдениеті элиталық сипатта болды, ал бұл қасиет көне Шығыс елдерінің көпшілігіне тән екендігін ешкім де жоққа шығара алмас.

Қытайда медицина ғылымы саласы да ұдайы даму үстінде болды. Б.з.б. I ғ. медициналық кітаптардың каталогы жасалып, онда көптеген ауруларды емдеудің рецептері берілді, сонымен қатар фармакология саласында құнды ғылыми трактаттар жазылды. Осы орайда күні бүгінге дейін медицина саласындағы баға жетпес табыс болып саналатын ауруларды инемен емдеудің Қытайда ойлап табылғанын да естен шығармағанымыз дұрыс. Ежелгі Қытайдың астрономия ғылымы саласындағы жетістіктеріне келетін болсақ, б.з.б. екі мыңжылдықтың көзіңде-ақ қытайлықтар жылды он екі айға, ал әрбір айды аптаға бөлген. Б.з.б. V ғ. бастап, олар аспан денелеріне астрономиялық бақылаулар жасаудың нәтижесінде дүние жүзінде тұңғыш рет жұлдыздар каталогын жасаған. Б.з.-ң 28-жылы қытайлықтар адамзат тарихында тұңғыш рет Күннің бетіндегі дақтарды суреттеп берген, ал арада екі ғасыр салып астроном Чжан Хэн дүние жүзіндегі тұңғыш аспан глобусын жасаған.

Қытайдың сәулет өнері де өзінің әсерлігімен, әсемдігімен, өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдырған. Солардың ішіндегі шоқтығы биігі — Пекинде 1420 жылы салынған «Аспан ғибадатханасы» деп аталатын сонау көне заман сәулет өнері саласындағы үлгілерді сақтаған «ғибадатханалар ансамблі». Б.з.б. III ғ. Қытайда 700-ден астам императорлар сарайлары салынған екен, солардың ішіндегі тек қана орталық залына он мыңнан астам адам сиятын император сарайының орны ерекше.

Қытайдың бір орталықты мемлекетке біріге бастаған кезеңінде (б.з.б. 221-207 ж.) қытай қорғанының негізгі бөлігінің салынуы да - сәулет өнерінің айтарлықтай табыстарының бірі болды. Ұлы қытай қорғаны - Қытай императорларының адам айтқысыз байлығы мен шексіз билігін паш ететін, ең бастысы - дүние жүзіндегі ең үлкен керемет болып саналатын осы бір таң-ғажайып алып құрылысты салған қытай шеберлерінің еңбекқорлығы мен шыдамын әйгілейтін, талай адамдардың өмірін өксіткен қанды да, қасіретті ескерткіш болып табылады. Ал осы бір тарихи-мәдени ескерткіш толық күйінде болмаса да, біраз бөлігі осы кезеңге дейін сақталып қалған. Жоғарыда атап көрсеткен, залына он мың адам сиятын император сарайындағы залдың төменгі қабатының биіктігі соншалық, мұндағы ілінген сырықтың биіктігі елу қар болған, бірақ өкінішке орай бұл тамаша әсем ғимарат - император сарайы бүгінгі күнге кедіп жетпеген. Оны салдырған — Қытайдағы дербес князьдіктерді өзіне бағындырып, жас мемлекет - Қытайдың күш-қуатын арпырған және өзін «Циннің» (Цинь мемлекетінің) «бірінші императорымын» деп жариялап, бұл патшалыққа өз есімін берген — Цинь Шихуанди болатын. Ол көзінің тірісінде-ақ биіктігі бес жүз қар, айналасы бес мың қар келетін кесене салдырған. Оның төбесіне жұлдыздар әлемі бейнеленіп, еленімен аққан сынап өзені сынап теңізіне құйылып жатқан. Кесене құрылысына 700 мың адам қатынасқан. Осы сияқты алып құрылыстарды салуға миллиондаған адам жұмылдырылған, демек мейлінше көп жұмыс күші қажет болған. «Осы орайда, император осыншама адамды қалай жинады екен?» — деген орынды сұрақтың туындауы сөзсіз. Ғалымдардың пікірінше, жұмыс күшінің негізінен екі басты көзі болған: біріншісі - қолға түскен жүздеген мың тұтқындар болса, екіншісі - императордың мемлекетті «У» және «Ши» деген бөліктерге бөлуі себепкер болған. Егер бір адам жаза басып, күнәлі болып қалса, сол үшін он жанұя құлдыққа алынған, ал олар өз кезегінде Цинь Шихуандидің ұлы құрылыстарына жөнелтілетін болған.

Ежелгі заманда салынған Ұлы Қытай қорғаны сияқты алып құрылыстардың барлығы да, шындап келгенде дәл осындай адамдардың күшімен тұрғызылғаң. Күн сайын өлген ондаған мың адамдар келесі күні-ақ қайтадан жаңа жұмыс күштерімен толықтырылып отырған. Цинь Шихуанди дүние жүзіндегі ең әйгілі әскери-инжәнерлік құрылыс - «Ұлы Қытай қорғанының» негізін салдырған тарихи тұлға болып есептеледі.

Сәулет өнерінің дәл осындай қарқынды дамуына математика ғылымының дамуы да өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Б.з.б. бірінші ғасырда Қытайда осы ғылым саласындағы ғасырлар бойғы жинақталған жетістіктерді саралайтын «Тоғыз тараулық математика» деп аталатын өте маңызды ғылыми трактат жазылды. Ежелгі қытайлықтардың техникалық жаңалықтар ашуға қосқан үлестері де бір төбе. Мысалы, олар б.з.б. үшінші ғасырда компастың алғашқы түрі — магниттік аспапты тұңғыш рет ойлап тапса, ал біздің заманымыздың алғашқы кезеңдерінде - су диірменін, суды жердің бетіне ағызатын машина сорғышты, дүние жүзіндегі алғаш сейсмографты ойлап тапқан. Қорыта келгенде айтарымыз, ұлы Қытай халқы — мәдениет пен өнердің қай саласыңда болса да қомақты табыстарға жетіп, дүние жүзілік өркениетке өзіндік үлестерін қоса білген дарынды да, еңбекқор халық болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет