Оқулық «Мәдениеттану»



бет16/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
Мадениет тану экзамен

Ежелгі Шығыс мәдениеті

Көне Египет мәдениеті

Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық -- билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері - перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол - құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.

Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына терендей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.

Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсіншіні «санх», яғни «өмірді жасаушы» деп атады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандандыру деп санап, бұл кәсіптерін ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде сиқырлы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына «егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады» деген түсінікті сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына өз таңбасын салды.

Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну - перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай - патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі — құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән-салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті.

Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.

Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш-«Каға» (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен келей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы - көне Египет қоғамындағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады.

Б. з. б. III-II ғ. құдай - патшаларға арналған құрылыстар - пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу — халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және т.б.) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді.

«Құдіретті құдай» - фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері - пирамидалар көргенді де, көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, «әлемнің жеті кереметі» аталған өнер туындыларының бірінен саналады. Ерекше атап өтетін бір жай, Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын, шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғимараттарды салған сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін белгісіз күйінде қалды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы - перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі - осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сәулетшісі — Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Ол сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы кезеңінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен астасып жатқан. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған «медицинаның құдайы» ретінде табынған. Оның мүсіні, сіре, ғалымдарға орнатылған алғашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.

Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан-ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биікгігі — 60 м. болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты. «Сонда осындай алып құрылыстарды салу неге қажет болды екен?» — деген ойға еріксіз келесің. Біздің ойымызша, жиналған байлықты қоғам өзінің билеп-төстеушілері арқылы аспан мен жер үстіндегі өктемдігін жүзеге асыру ісіне жұмсаудан басқа амал таппады. Сонымен бірге жұмыр басты пенденің ой-қиялын өзіне табындырып қою үшін тірі құдай — перғауын о дүниелен тыныш орын алмақ та болған шығар. Басқаны былай қойғанда, пирамидалардың өте биік етіп салынуы — өзін құдаймен қатар қойған тәкаппар да, мансапқор перғауынның қарапайым халықтан артықшылығын көрсету мақсатынан да туған сияқты. Әйтеуір, қалай болғанда да Египет (Мысыр) мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз едіндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қала береді.

Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен-жексен болды, мейірімсіз де қатал уақыттың сынына шыдай алмаған кереметтер («Әлемнің жеті кереметі») бірінен соң бірі жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша ғимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде қала бермек.

Б.з.б. бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды. Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, ал мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспейтін болды. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті құдай, яғни құдайлардың құдайы — Күн құдайы «Ра» болды. Одан кейінгі басты орынға — өлім құдайы «Осирис» шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Осирис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйеді — Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналса, ал Маат — шындық пен тәртіптің құдайына айналды.

Көне Египетте кеңінен орын алған мұндай көп құдайға табынушылық мемлекетті орталықтандыру ісіне нұқсан келтіріп, басқарушы өкіметті одан әрі әлсірете түсті, тіпті мұндай жағдайда басып алған тайпаларды бағыныштылықта ұстаудың өзі қиындыққа соқты. Міне, осындай сындарлы кезенде тарих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (б.з.б. 1419—1400 ж. аралығында билік жүргізген) шықты. Оның басты мақсаты - бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдай «Атон» деген ат берілген Күн шарын жариялады. Осы күннен бастап көп құдайға табынушылық жойылып, осыған байланысты олардың ғибадатханалары жабылып, олардың иедігіндегі дүние-мүліктер тәркіленді. Бұл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын IV Аменхотеп өз атын құдай атына сәйкестендіріп «Эхнатон» деп («Атан рухы» деген мағына береді) өзгертіп, Египеттің астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған «Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді. (Бұл қаланың орнында қазіргі уақытта Амарн атты шағын қыстақ тұр, сондықтан да Египет тарихының Эхнатонға байланысты барлық кезеңі «Амарвдық» деп аталады).

Эхнатонның жүргізе бастаған реформаларының абыздар тарапынан жойқын қарсылыққа ұшырап, өмірінің қысқа болуына қарамастан сол дәуірдің мәдениетінің даму барысына, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ең бастысы - өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартушылық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән беру құбылысының алғашқы нышандары белгілі бола бастады: Атап айтқанда, «Амарн өнері» деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы - баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады.

Ойымыз дәлелді болу үшін ата-анасының алдында жұмсақ жастыққа отырып, қаннен-қаперсіз ойынға кіріскен Эхнатонның қыздары - кіпкішкентай жалаңаш ханшалар бейнеленген суретті алайық. Рахат та, бейғам өмірдің құшағындағы осы бір бейкүнә сәбилердің шаттық өмірін бейнелейтін бұл сурет шын мәнісінде Египеттің асқаралы өнеріндегі бұрын кездеспеген жайлар болатын.

Не болмаса Эхнатонның әйеді Нефертитидің портретін көз алдыңызға елестетіңізші. Ғажайып та, сымбатты бұл бейненің даңқы бүгінгі заманға дейін жетіп отырған жоқ па? Әйелге тән нәзіктік пен сұлулық, тек әйел атаулыға тән аналық пәк сезім мен ішкі жан тебіренісі, ой тереңдігі мен табиғи тәкаппарлығы ғажайып бейнелен ап-айқын боп көрініп тұрғанын қалайша мойындамасқа! Ендеше, Нефертити портретінің барлық әйелдердің ішіндегі ең тамашасы деген атаққа ие болуы да - осы бір ерекше қасиеттердің құдіретті бейне бойынан табылуы болса керек.

Бұл дәуірден кейінгі кезендерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 ж. дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемәнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонның мұхият жасырылынған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс — ағылшын археологы Г. Картердің «Патшалар алқабындағы» ұзақ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын. Эхнатонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атаққа ие бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелері арқылы біздің заманымызда ерекше даңққа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутанхамонның қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған.

Египет мәдениеті - сан-салалы мәдениет. Солардың бірі - біздің заманымызға кедіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар — құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Б.з.б. екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат. Өкінішке орай, олар біздің заманымызға дейін кедіп жетпеген. Египеттің көркем әдебиетінің түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз бабаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және т.б. Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі — «Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады. Өмірден қатты түңілген бұл адам өлімге бет бұрады. Бірақ оның жаны бұл әрекетке барынша қарсылық жасап, бұл өмірдің қызығы мен рахатын көруге кеңес беріп, оны өлімнен сақтандырады.

Иероглифтер — көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеле салынған қай ғимаратты алсаң да, олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дәстүрлерін сақтап қалған).

Ерекше атап өтетін бір жайт, Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс — Египет әміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған. Ол осы уақытқа дейін Хефрен пирамидасын күзетіп тұр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан отыз есе үлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді.

Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аңғаруға болатын сияқты. Б.з.б XXI ғ. аяғы мен XIX ғ. басында шардың жоғарғы жағы үлкен дәлдікпен есептедіп шығарылды. Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар — су және күн сағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында тамаша табыстарға жетті. Адам организміндегі мидың атқаратын қызметі анықталды, сонымен қатар әртүрлі ауруларға байланысты көз, тіс және т.б. дәрігерлері пайда болды.

Б.з.б. екінші ғасырдың аяғы бір мыңыншы жылдықтың басынан бастап Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойындағы құл иленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Б.з.б. VI ғ. Египетті парсылар жаулап, ал олардың үстемдігі б.з.б. 405 ж. дейін созылды. Одан кейін де Египет мемлекетінің тәуелсіздігі ұзаққа созылған жоқ, біздің з.б. 332 ж. македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александр Македонскийдің (б.з.б. 356—323 ж.) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады. Египет абыздары Македонскийді құшақ жая қарсы алып, оны «Құдайдың ұлы» деп жариялады. Осы бір тарихи көзінде Египет гректер мен египеттік құдайлардың басты қасиеттерін бойына жинақтаған жаңа Сарапис құдайының бейнесін қалыптастырды, оған халық болып табыну басталды. Ал Александрия қаласы болса Шығыс әлемі мен грек халқының мәдени орталығына айналады, сөйтіп Египетте эллиндік мәдениет кеңінен қанат жайды. Атақты сәулетші Дейнократтың жобасы бойынша салынған Александрия қаласының ұзыннан-ұзақ көшелері, театры, кітапханасы, толып жатқан ғибадатханалары мен бақшалары, моншалары мен түрлі демалыс орындары болды. Мұнда өз дәуірінің талай ғұлама ғалымдары, ақындары, суретшілері еңбек етті. Бұл қалада «Әлемнің жеті кереметінің» бірі — атақты Александрия шырағы салынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет