Оқулық «Мәдениеттану»



бет52/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Мадениет тану экзамен

Мәңгүрттік тип. Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін, күндедікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. Айтматовтың шығармашылығында әсерлі жазылған. Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан айырылған адам.

Мәдениеттанулық әдебиетте ұлттық мәдениеттен тыс қалған типтік бейнені «евнух» (әтек) деп те айтады. Осман империясындағы әскердегі янычар, уәзір болған христиан, гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалтқан «евнухтың» классикалық түріне жатады.

Мәңгүрттік тип - дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік - сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.

Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:

• 1. Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отарлық әкімшілікпен алмастыру.

• 2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.

• 3. Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу, алфавитті алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу.

• 4. «Бұратана» халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, күндедікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет пен мәдениетті күшпен енгізу.

Осыдан келіп «мәңгүртсің» деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы - ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.

Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизмді (кемсітушілікті) алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде, біздің республикалық басылымдардағы кездесетін мынадай пайымдаулардың төркініне көз салайық:

- қазақ тілі көшпеділік үрдістен қалған реликт;

- көшпеділер шынайы мәдениетке жете алмаған, «мәдениет» деген сөз арабша «қала» мағынасын білдіреді, сондықтан оны тек отырықшылардың үлесі деп жариялау;

- «Психологиялық зерттеулер» республикада екі тип бар екендігін көрсетеді: біріншіден, психодиагностикаға икемді «еуро-паорталықтандырылған» тип, екіншісі - этноорталықтық мінез-құлыққа және дінге бағдарланған «ортодоксты-азиялық» тип.

- Түрік халықтарының мәдени мұрасының түбінде арийлік архетип жатыр, олардың мәдени жетістіктері ирандық «баулудың» нәтижесінде қалыптасқан. Кейбір зерттеушілердің түпкі атамызда ақ нәсілдік тип басым болған, сондықтан олар арийлер деп жариялауы да кездеседі. Бір тілдік топтың әртүрлі нәсілдерден құралу мүмкіндігін ескерген жөн.

Мәңгүрттік менталитеттің өкілдерінің типтік белгілерін күндедікті өмірден де аңғаруға болады. Жоғарыда келтіргеніміздей мәңгүрттік типке тарихи жадыдан алыс болу жатады. Тарихи жады мен руханилықтың маңызды бір тармағы - әрбір ұлттың адамгершілік туралы түсініктері мен әдеп жүйесі. Батыстық мәдени ауысушылықтың белгілі бір жақтары қазақ-тың ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне принципиалды сәйкес келмейді. Кейбір басылымдар ақша үшін құныға тарататын жезөкшедік, нашақорлық, маскүнемдік, рэкет, отбасылық құндылықтарды сыйламау, ж.т.б. осы сияқты құбылыстар мәңгүртікке апаратын тура жолға жатады. Әрине, тек Батысты кінәлай беруге де болмайды. Көп жағдайда батыстық өркениет ізгілікке жатпайтын теріс қылықтарды тежеп, мәдениетті нарықтық гуманистік әдеп, жүйесімен үйлесімді қоса білген. Бұл жерде әңгіме транзиттік (өтпеді) қоғамдағы мәдени қайшылықтар туралы болып отыр. Сосын ұлттық тілді жақсы меңгеру әр уақытта мәңгүрттік менталитеттен құтқара алмайды.

Кейде мәңгүрттік мәдени типпен (оны мәдениет деп айту шартты нәрсе) маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның үстіне маргиналдар қатарына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен, маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?

Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р. Парк енгізген және латын тілінен - «шетте болушы» деп аударылады. Р. Парк маргиналдар деп мінез-құлқында тынымсыздық, агрессиялық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениеттану мен әлеуметтануда бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, «өліара» мәдениеттің өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады.

Әдетте маргиналдық ұғымымен қалыпты мәдени сәйкестікке оппозициялық қатынастағы адамдарды сипаттайды. Қысқаша айтқанда, маргиналдар - не қоғамнан өздері аулақ кеткендер, не қоғамның өзі оларды шеттеткендер.

Ескі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшырап, бұрынғы нысаналар мен мұраттар көмескіленгенде маргиналдардың саны артады. Мысалы, ауыл-селодан қалаға қоныс аударғандарды алып қарайық. Кеңес Одағы көзінде бұл процесс қанша дегенмен мемлекет бақылауында болды. Транзиттік қоғамда нарықтық қатынастардың енуіне байланысты ауылдық жердің көптеген тұрғындары кәдуілгі үйреншікті мәдени ортаны тастап, қалаларға келді. Ал қалалық мәдениет пен өмір салтына олар онша икемделе алмай, марғаналдардың санын көбейтті.

Француз ғалымы А. Фарждың пікірі бойынша, маргиналдардың алдында екі жол тұр:

- барлық дәстүрлі қарым-қатынастарды бұзып, өзінше жаңа бір субмәдениетті қалыптастыру;

- біртіндеп заңдылық аймағынан шеттелу.

Әрбір өзін-өзі өркениетті деп есептейтін қоғам тас джунглилердегі адасып жүргендердің санын көбейтпеуге ұмтылуы қажет. Бұл жерде мәдени адаптациялық жүйелердің қызметінің маңызы зор. Өйткені басқа мәдени ортаға жаңадан келгендер өздерінің ғасырлар бойы қалыптасқан басқа мәдениеттермен қарым-қатынасқа түсу тетіктерінен айырылып қалады. Мәдени адаптацияны аккультурациялық процестермен теңестіру дұрыс емес. Резервациялар мен фильтрациялық ұжымдарда, күшпен орнатылған басым мәдениеттің тар шеңберінде адамдық абырой мен намыс аяққа тапталып, рухани, азғындау әріс жаяды.

Қазіргі кезде өркениетті елдерде бұрынғы жоғары мәдениетке күшпен енгізу (аккультурация) бағдарламасының орнына «мәдениеттер сұхбаты» идеясы ұсынылып отыр. Бір ескере кететін жайт: мәдениеттанушылар «жоғары және төменгі» деген бөлуден мәдениеттердің тең қалыпты принципін қолдауға көшті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет