Демократия
XX ғасырдағы өркениеттілік ізденістердің бір сабағына мәдениет пен демократияның ішкі қисындылығы туралы идея жатады. Кейбір қазіргі либерализмнің өкілдерінің демократия өзіне-өзі мақсат емес, ол адамдық ынтымақтастық пен бірге өмір сүрудің тиімді түрлерін нығайтуға бағытталған утилитарлық құрал болып табылады, кейде «тарихта мәдениет пен руханилықтың өрлеу дәуірі демократиялық емес, керісінше ав-торитарлық басқару кезеңдеріне сәйкес келеді» десе де, шынтуайтқа келгенде, демократия мен мәдениет іштей байланысты болады. Мәдениет адамның болмыстық тәсілі болса, осы болмыстың мәнді сипаттамасына бостандық жатады. Демократия - осы бостандықтың жүзеге асу тәсілі. Демократияға деген ұмтылыс тек батыстық мәдениеттің феноменіне жатпайды, ол әмбебапты құбылыс және бүкіл адамзаттың еріктілік пен өзін- өзі басқаруына апаратын сара жолға жатады.
Демократияның мәнісін А. Линкольн мынадай бір әсерлі формада түсіндіріп өтті: «Демократия дегеніміз халық үшін халықтың өзі іске асыратын халық басқаруы». Демократия, басқа жағынан алғанда, полиархия түрінде қарастырылады, яғни ол саяси процестерге азаматтардың толыққанды араласуына мүмкіндік беретін, қоғамның неғұрлым көп бөлігіне азаматтық құқықтарды барынша мол беретін билік жүйесі ретінде анықталады.
Демократиялық саяси үлгіні орнатуға бағытталған саяси белсенділік, өзінің өту жағдайлары (экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани) бойынша да, қойылған мақсаттарының ауқымдылығы жағынан да саяси қатынастың күрделі түріне жатады. Демократиялық қоғамға бағытталған қозғалыс барысында кейбір елдер бірден тоталитарлық дағдылардан арыла алмай «рационалды авторитаризм» сатысынан да өтуі мүмкін, бұл демократиялық режим қалыптасуының күрделілігін көрсетеді.
Қазақстан сияқты көп құрылымды мемлекетте полиархияны орнықтықтыру күрделі болғанымен, өз шешімін таба алады. Осындай қоғамда қалыптасып келе жатқан демократия мынадай негізгі алғышарттарын назардан шығармауы тиіс:
Ұмтылу, мемлекеттіліктің «этнократиялық үлгісінен» бас тарту, өркениеттілік пен гуманизмге қадам жасаудың кепілі болып табылады. Ол бұрынғыдан келе жатқан тоталитарлық қалдықтардан әлі толық арылмағанымен және неше түрлі күрделі соқпақтардан өтетіндігімен, өзінің түпкі бағытында саяси процестердің өркениетті жолымен дамуына негіз бола алады және қазіргі заман талаптарына сай саяси мәдениетті қалыптастыра алады.
Этнократия деп әлеуметтік негізде емес, керісінше, этникалық бастауларға иек артатын және «олигархиялық коллективизмнің» (Д. Бернхэм) бір түрі болып табылатын билік жүйесін айтады. Ол саяси процестердің субъектісі ретінде әрекет ететін азаматтардың санын азайтуға бағытталған және басты белгі түрінде азаматтардың ұлттық және тілдік ерекшеліктерін қабылдайды.
Этнократиялық саяси модельді орнатуға ұмтылу, оны пантүріктік, панисламдық, ұлттық-демократиялық, немесе этатистік-қауымдық идеялармен толықтыру, қоғамдағы бүкіл әлеуметтік-саяси қатынастар жүйесін ары қарай ұлтшылдандыру мен этатизацияға ұшырау, этностарды саясаттандыруға алып келеді. Осыдан пайда болатын сегментарлық қайшылықтар мен сепаратистік қозғалыстар әлеуметтік тұрақтылыққа нұқсан келтіріп, этникалық негізде пайда болатын шағын немесе аумақты этникалық қақтығыстарға әкелуі мүмкін. Билікті архаика мен тоталитаризмнің дәстүрлі тәсілдерімен қалыптастыру Қазақстандағы демократия дамуын тежеп жіберуі де ғажап емес.
Кландық-рулық, этатистік-қауымдық доминанттарды қазақтың билеуші элитасы өзін-өзі теңестірудегі басты белгі ретінде алса, онда билік бытыраңқылығы мен трайбализм қауіпті туады. Кейбір саясаттанушылардың сараптауы бойынша, Қазақстандағы саяси оппозиция да белгілі бір аймақтың, жүздің, рудың партикулярлық мүдделерін білдіре бастады. Сондықтан, қазіргі Қазақстандағы билеуші топ өзінің либералдық-демократиялық бағдарларды ұстайтындығын жария еткендіктен және ұлтты осы заман талаптарына сай құндылықтарға бастайтығындығын бірнеше рет айтқандықтан мемлекеттік құрылыс демократиялық принциптер негізінде жүргізілуі тиіс. Бұрынғы этникалық саяси элитаның ұрпақтан ұрпаққа рулық принциптен тыс тұратын «ақсүйектер» тобы - сұлтандар, төрелер және қауымдық-рулық басқарушы - билер болып бөлінгені белгілі. Қазіргі заманда бұл бөлінісгі қалпына келтіру архаикалық сананың қатпарларына жатады және болашақ үшін кертартпалық мазмұны бар.
«Демократиялық мемлекет» моделі тек саяси билік пен азаматтық қоғам арасындағы кері байланыстардың жүйесін талап етпейді (осындай жүйе билік пен демостың бір-бірінен әлеуметтік жатсынған жағдайындағы құрылымда да әрекет етуі мүмкін), ол сонымен бірге саяси билік институттарының әрекет етуінде барлық әлеуметтік топтар мүдделерінің ескерілуін де қажет етеді және олардың билік ұжымдарының өкілеттілігін қорғап отырады. Осындай өкілеттілік халықтың сайлаған адамдарының міндетті түрде теориялық арнаулы дайындалған сарапшылар немесе мамандар болғанымен шектелмей, билік құрылымдарын қалыптастыруды демократиялық жолмен өткізу арқылы жүзеге асады. Азаматтар мүдделерін білдіру және қорғау құқығы, депутаттарда арнаулы білімдер жүйесінің барлығымен ғана немесе олардың әкімшілдік-бюрократиялық элита жасаған формалды талаптарға сәйкес келетіндігімен емес, репрезентативті демократияның саяси-ұйымдастыру принциптерімен негізделуі қажет.
Қоғамды қалыптастырудың демократиялық принциптерін нығайту жоғары деңгейдегі саяси мәдениеттілікті талап етеді. Қазіргі өркениетті әлемнің саяси мәдениеті тұлға орталықтық сипатта болады. Оның мәнісі ашық қоғамның жоғары құндылықтарына сай келетін, барлық нормативтік салаларда (күнделікті өмірде, рухани және материалды әрекетте) жеке өмір мен бостандыққа бағытталған адам құқықтарын қорғаумен байланысты.
Постиндустриалдық қоғамда ерекше консенсус (келісім) қалыптасқан: көп тұлғалық жағдайда әрбір жеке тұлға өз мүдделерін білмеуші пердесін жамылып алып, рационалды түрде басқалармен үйлесімді шешімге келеді, яғни әділдік принципі жүзеге асады: әрбір адам басқалармен салыстыруға келетін ең жалпы түбегейлі еркіндіктіктерге бірдей құқылы болып шығады және осы арқылы табиғи құқықтың И. Кант айтып кеткен әмбебапты еркіндік принципі жүзеге асады: «Әркімнің еркіндігімен және жалпы заңмен сәйкес бір адамның жігер еркіндігі кез келген тұлғада көрініс таба білуі қажет» яғни, жеке тұлғаның еріктілігі жалпы бостандықтың негізі болып табылады. Осындай модель азаматтық қоғамның либералды-демократиялық принциптеріне сәйкес келеді.
Алайда, әлеуметтік кедісімнің ұлттық дәстүрлі түптамырларын ескермей демократияның батыстық формаларын абсолютке айналдыру, ең жақсы дегенде, қатып-семіп қалған, абстрактылы доғалар мен схемаларға әкеледі. Бұл жерде формалды логиканың ұғым көлемі мен мазмұнының кері қатынасы туралы заңдылығын ойға түсіруге болады. Біз тым жиі, тым жалпылама, абстрактылы, тікелей өзін алғанда әртүрлі құбылыстарды тым тар білдіретін ұғымдар (демократия, халық, мәдениет, мемлекет ж.т.б.) арқылы ойлаймыз. Жалпы, дұрыс ұғымдар өмір нақтылығымен толықтырылып отырылуы қажет.
Қазақ өркениеті және оның әлеуметтік-ділдік рефлексиясы партиялық-саяси плюрализм негіздерінде қалыптасқан емес және оның құндылықтарының институционализациясы парламенттік түрлер арқылы жүрген жоқ. Бірақ бұдан кедіп қазақтың дәстүрлі саяси мәдениетінде тұлға аралық қатынастарды әлеуметтік-мәдени реттеу және билік бөлінісі болған жоқ деген пікір тудырмаған жөн. Тарих қазақтың көшпелі мәдениетінде билік бөлінісінің де (құрылтай - халық өкілдеріні мәжілісі, хан-сұлтандық атқарушы және әскери билік, билердің соттық басқаруы және ақсақалдар мен ақындар жүзеге асыратын қоғамдық пікірдің билігі), толеранттылық, плюрализм, адам мен қауымның бағалылығы, еркіндікті сүю сияқты мәдени-әлеуметтілік құндылықтарының да бар болғанның куәсі.
Ұлттық ерекшеліктерді ескеру демократия үлгілерін тандауда, әрине, үлкен мәнге ие болады. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тек ұлттық ерекшеліктерден шыға алмау демократияның орнықты және пәрменді дамуына ыңгайлы бола алмайды. Кейбір саясаттанушылар тоталитаризмнан демократияға өту уақытында ақылға сыйымды авторитаризм кезеңі қажет дегенді айтады (А. Мигранян және И. Клямкин). Осымен демократиялық өзгертулердің дәйексіздігі ақталады; ізгілік жартылай болмайтындығы сияқты, қысқартылған демократияны жақтау, көбінесе, спекулятивтік сипатта болады.
Демократия мәдениеттілігінің әмбебапты құндылықтары 1995 жылғы әлем мәдениеті туралы ЮНЕСКО-ның жинақталған баяндамасында былай дедінген: «Демократиялық мәдениеттілікті қолдауға бағытталған шараларды күшейте түсу қажет және ол мынадай әрекеттермен толықтырылады: азаматтық қоғамды мобилизациялау, саяси партиялардың еркін қалыптасуына жағдай туғызу, сайлауға көмек беру, тәуелсіз ақпарат құралдарының дамуына үлкен көңіл бөлу, адам құқықтарын сақтау арқылы бейбітшіл саяси мәдениетті қалыптастыру және оның жүзеге асуын тұрақты бақылап отыру, үкіметтегі мемлекеттік басқару секторларының және демократиялық құрылымдарының әрекеттеріндегі ашықтықты, есептілікті және сапалықты жақсарту, оған қоса заңдылық жүйесін жетілдіру. Парламенттің, соттың және сайланылған ұжымдардың басқарушы құрылым-дарын жетілдіргенде орталықсыздандыру мен жергілікті басқару органдарына ерекше назар аудару қажет және осы процесске азаматтық қоғамның ұйымдарын қатыстыру маңызды».
Демократияның әмбебапты үлгісі жоқ, бірақ қазіргі әлемдегі кез- келген адам шынайы демократиялық құндылықтарды интуитивті түрде ажырата алады. Әлем мәдениетінің мақсаты осы құндылықтарды нығайту және терендету міндетгерімен байланысты.
НАРЫҚ
Демократиялық қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардың енуімен жалпылама сипатқа ие бола бастады. Мәдениеттің, демократияның, нарықтың арақатынастарын қарастырайық.
Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз: адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ.
Нарықтық шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылдығын қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын әдістететін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады. «Әлеуметтік нарық экономикасы» атты кітабында X. Ламперт нарықтың төмендегідей приоритетгерін атап өтеді:
- еркін баға жүйесі ең төмен шығындарға негізделген және осы арқылы өндіріс құралдарын тиімді түрде қолданатын осыған дейін белгілі өндірістік қатынастардың арасындағы нағыз ұтымдысы болып табылады;
- өз шешімін қабылдауда автономды және ерікті болып табылатын кәсіпкерлер шығынды аз жұмсайтын өндіріс тәсілдерін қолданып, өзгермеді сұраныс жағдайында жылдам әрекет ете алады және өз әрекеттерінің тиімділігін қашан да естен шығармайды, керісінше, мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын құрылымдар көптеген жағдайда динамикасыз, бюрократиялық машиналардың тетігіне айналып, дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдай алмайды және олар өндірістің жағдайымен көсіпкерлерге қарағанда формалды түрде ғана таныс болып келеді;
- әкімшілік экономикасының үлгісіне қарағанда нарықтық шаруашылық моделі жеке белсенділік пен іскерліктің толыққанды, шығармашыл және еркін жүзеге асуына көбірек мүмкіндік береді;
- сосын, нарықтық шаруашылықта өндірушілер шектелген, қатал, міндетті жалпышаруашылық жоспарларымен тоқталынбайды, шаруашылық субъектілері өндіріс құралдарын өз мақсаттарында еркін қолданады және осы себептен нарықтық жүйеге және ондағы өзгерістерге жылдам бейімделе алады.
Нарық - бұл демократиялық құрал, онда әрбір тұтынушының дауыс құқығы бар. Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция және тыйымдармен шектелмеген нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден бір жолы бар. Ол - тұтынушылардың талап-мұқтаждарындар көзінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында тынбай еңбек ету.
Мәдениет нарықтық қоғамда оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың осыған ұқсас адамға қатысты, айталық адамның өзін- өзі бағалауына байланысты ұғымының пайда болуына әкеліп соқты. құралдары, неше түрлі «имидж» қалыптастырушылар іске кірісіп Өзін өзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа қатысты есептейтін мінез-құлық бағдарын нарықтық адам бағдары деп сараптайды. Соңғы жылдары «тұлғалық базар» деп аталатын әлеуметтік құбылыс қалыптасқан. Ондағы бағалау жүйесі мен принциптері тауар базарымен бірдей: біріншісінде сатылуға тұлғалар ұсынылады, екіншісінде - тауарлар, табыс негізінен, адам өзін-өзі базарда сата білгеніне байланысты; қаншама оның сыртқы түрі жарасымды, қаншама ол тартымды? Белсенді? Керек адамдармен байланысқа түсе ала ма? Отбасылық жағдайы қалай? Қолынан не келеді, қаражаты қалай? Адам өзінің беледі мен құндылығынан гөрі, өтімді тауар болғанды көбірек қалайды. Элиталық тауар сияқты, адам модалы болуы керек, ал осылай болу үшін, тұлғалар бәсекесі қажет. Осы тұстан жарнама, бұқаралық ақпарат кетеді.
Нарықтың бағасын ойлайтын адам өзін әрі сатушы, әрі тұтынушы ретінде қарастырады және оның көңіл-күйі тұлғаның өзінен гөрі, оған бағынбайтын сыртқы жағдайларға көбірек тәуелді болып шығады. Егер ол табыстан табысқа жетсе, онда құнды, ал сәтсіздіктерге жиі ұшыраса - құндылығынан айырылған. Ол өзінің ішкі мәнді күштерімен тұтас әрі үйлесімді емес, себебі ол үшін, өзін өзі жүзеге асырудан гөрі, нарық база-рында табысты сатылғаны мәнді.
Осында ділдік тип қазіргі мәдениет жүйесіне де үлкен ықпалын тигізеді. Мәдениет бұл жағдайда шығармашылық пен жасампаздықтан, нарық мүдделеріне сай мол ақпарат жинақтауға көбірек бағытталады. Мәдени қайраткерлер өз туындыларының құндылығына қарағанда, олардың нарықтағы бағасына көп көңіл бөледі, басқаны ойлауға оның мұршасы да жоқ.
Нарықтық бағдарды мәдени жасампаздықтан бөліп қарастыру салыстырмалы түрде жүргізіледі. Нарықтық бағдарға сынның абсолюттік мораль тұрғысынан берілетіндігін есте тұту керек. Нарықтық бағдар шынайы адамдық құндылықтарға әкелуі үшін, нарықтық қатынастар субъектілері белгілі бір қылық ережелерін сақтауға міндетті. Тек гуманистік, этикалық ережелерді бұлжытпай орындау нарықты қазіргі әлем мәдениетімен үйлесімді қоса біледі. Адамдық ынтымақтастықтың спонтандық тәртібі қалыптасқан жерде өз әрекеттерін жалпы мәдениеттілікке бағыттаған әлеуметтік топтардың нарықтық табыстары адамзаттық жоғары әдеп жүйесін нығайтады. Бұл процесс тура бағытты болып келмейді және адамдық топтар өз әрекеттерінде тек ылғи рационалды есепшілдікті басшылыққа ала бермей, көп жағдайларда жіберілген қателіктерінен сабақ алу арқылы коррекцияларға (түзетулерге) барып отырады және бұл түзетулер бәсекедік қалпында өтеді. Түбінде ынтымақтастық деңгейі жоғары топтар тарихта ұтып отырады. Ф. Хайектің жазғанындай, «іс-әрекеттер ережелерінің эволюциясы ылғи даңғыл жолмен жүріп отырмады, өйткені қалыптасып қалған дәстүрлі көзқарастар эгоизмді қорғаштап, өзінікін дұрыс және әділетті деп есептеп келеді». Егер өркениет мәдениеттің арнаулы емес өзгерістерінің нәтижесінде біртіндеп қалыптасты десек, онда өркениетте моральды критерийлердің болмауы на-рықты оның коррупциялық және криминалдық түріне айналдырады деген пайымдаудың көп негізі бар.
Әрине, бүкіл тұлғалар нарығы мен өмірді қастерлеуге негізделген жоғары ізгілік этикасының арасында белгілі бір алшақтық бар. Алайда мынадай сұрақ туады: қандай моральға нарықтық бағдар сәйкес келмейді? Әрине, жоғары адамгершілік құндылықтары бүкіл моральдың мазмұнын тауыспайды. Мұрат - нормадан басқа күндедікті мақсаттарға сай нормаларда жеткілікті. Сонымен, нарықтық бағдар қандай моральды күнделікті өмірде негізге алады? Оны жеке мүдделерді үйлесімді ететін әлеуметтік әріптестік әдебі деп атауға болады және оның басты құндылықтарына әділеттілік (жеке басының жетістіктері бойынша), тендік (құқық), тұлға дербестілігі және адам абыройлығы жатады.
Тұлға орталықтық көзқарас маңызды болғанымен қоғам байлықтың бір қолда жинақталып, басқалардың көлейленуін және пауперлендіруін қолдамауы керек. Әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықтың тереңдеуіне әртүрлі әлеуметтік әрекеттер қарсы бағытталуы тиіс. Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени реттеу функциялары артып келеді. Осыдан келіп қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздіктің жалғыз кінәлісі деп нарықты айта беруге жөн жоқ. С. Темірбековтың атап өткеніндей, дәстүрлі тарихи дамудың жемісі ретіндегі ұлттық мәдениеттің басты құндылықтарын таза нарықтық бағамен өлшеуге келмейді. Сол себепті шектеусіз нарықтық қатынастар жағдайында ұлттық құндылықтардың кейбіреулері нарыққа икемделе алмай, қолданыстан шығып, мұражайлық, этнографиялық құндылықтарға айналып кетеді.
Нарықтық либералдану дәстүрлі құндылықтарды, нормаларды, институттарды, әлеуметтік-қызметтік стереотиптерді, өткен ұрпақтардың тәжірибесін өмірлік табыстарға жетудің стратегиясы ретінде жарамсыз және адекватты емес қылып, бұрын-соңғы болмаған қысымға алды. Осының нәтижесінде бұқаралық, азаматтық, әдептік және ұлттық өзіндік сананың деформацияға үшыраған құрылымдары пайда болды. Оларда дәстүрлі құнды-лық-мағыналық иерархиялар мен басымдылықтар қиратылып не маргиналданып, қазіргі өмір ырғақтарына сай рухани-адамгершілік ұстанымдар өлі қалыптаса алмады. Осы жағдайларда дәстүрлі ұлттық құндылықтар арзандатылып және ескі раритеттер түрінде қалды, ал оларға иек артатын тұлғалар экономикалық прагматизмнің либералдық демократиялық принциптерін қабылдай алмады және өздерінің күнделікті әрекеттерінде бойкүйездік, селқостыққа немесе агрессияшыл тынымсыз девияцияға бұрыла бастады, кейбір тұлғалар ескі әлемнің құндылықтарының ауысуын бүкіл адамдық ынтымақтастық, руханилық жоғалуы деп жариялады.
Нарықтық қатынастарға тежеусіз ерік бере отырып, мемлекет те өз әрекетінде осы стихияның ықпалында кетеді. Ол болашаққа бағытталған бағдарларды күнделікті өмір талаптарына құрбан ете салады. Болашақты бағдарламау адамның өзіне теріс әсерін тигізеді. Мысалы, «адамдық капиталды» инвестицияландыру мәселесін алайық. Қазақстан сияқты ТМД елдерінде стихиялық нарық табысты кейінірек түсіретін ғылым, білім, мәде-ниет салаларын қаржыландыру қиындықтарын туғызды. Тікелей пайда әкелмейтін бұл салалар құлдырай бастады.
Мысалы, орта білімді қаржыландырудың пайдасын он жылдан артық күту қажет. Бірақ білімсіз халықтың болашағы солғын. Сол себепті таза прагматикалық ұстанымды шектеп, болашақты да ойлаған жөн. Мемлекеттің азаматтық қоғам салаларынан мүлдем кетуі, стихиялық нарық жағдайында мәдениеттің, ғылымның, білімнің толық коммерциализациясына әкеледі.
ТМД елдеріндегі нарықтық экономика мен жеке меншіктік қатынастарға өтуінің кейбір тәсілдерін В. Эрн ұсынған «катастрофалық прогресс» терминімен де атауға болады. Нарықтық экономика тетіктерінің еркін қалыптасу принциптерін ұлттық игілікті бұрын болып көрмеген тойымсыз және тоқтаусыз талан-таражға салумен жиі алмастыру да ТМД елдерінің кейбір көріністеріне жатады. Осындай «тәжірибеге» талдау бере келе, белгілі бір сарапшылар мен ғалымдар классикалық либерализмнің нарықтық экономика, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет идеяларының ішкі қиындылығына күмән келтіре бастады: «Адам құқықтарын, демократия мен еркін нарықты бір-бірімен байланыстыру концептуалдық немесе эмпирикалық пайымдаудан гөрі құндылық пікіріне жақын... Нарыққа өту мен демократиялық биліктің арасында ішкі байланыс жоқ. Осындай байланыстың мүлдем болмауы да мүмкін».
Нарықтың мәдени негіздерін сынау тек белгілі бір шекке дейін ақылға сыйымды. Одан тыс болса, ол адамзаттың артқа қалдырған кезеңдерін қайтадан қалпына келтіруді көздеуі мүмкін. Оның ішінде кертартпа үлгілерді мұратқа айналдыру қоғамға зиянын тигізбей қоймайды.
Тағы бір ескеретін жай: адамзат заман талабына сай осы мәселе бойынша жауап таба білді. Қазіргі постиндустриялық өркениет үшін мәдени шынайы гумандық бастауларын жаңғырта алды. Дамыған елдерде мәдениет өзінің тартымдылығымен, көп функционалдығымен, адамгершілігімен, ыңғайлығымен және оптималдығымен көзге түседі. Бизнестің әр түрлі құрылымдары мен филантропиялық ұжымдар мен тұлғалар жоғары мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әрекеттерге барады, фирмалар мен корпорациялар қызметкерлерінің мәдени деңгейі артып келеді, мұның өзі нарықтық субъектілердің табысын көбейтеді, мәдениетті қолдау қоғамның рухани байлығын молайтады және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алады, іскерлік және әлеуметтік белсенділікті жоғары деңгейге көтереді, осының бәрі қуатты мәдениет индустриясын қалыптастыруға мүмкіндік береді, Қазақстан жағдайында да осындай өркениеттілік бағдарларына бетбұрыс жасау қажеттігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |