50 жылдардағы БСО кездескен дуплет сөздердің морфологиялық варианттары
Дублет
сөздер
|
Жиілігі Ғ|
|
Пайызы%
|
Морфология ваоианттаоы
|
Жиілігі Ғ,
|
Пайызы %
|
Жиналыс
|
29
|
060155
|
жиылыс
|
18
|
0,0096
|
Сөзшең
|
4
|
0,0021
|
Сөзшіл
|
1
|
0,0010
|
жұмысшы
|
177
|
0,0951
|
жумыскер
|
3
|
0,0016
|
жағалау
|
23
|
0,0123
|
жағалык
|
1
|
0,0010
|
жартысы
|
61
|
0,0328
|
жармысы
|
2
|
0,0010
|
тракторш
|
6
|
0,0032
|
тракторис
|
CO
|
0.0016
|
гвардияш
|
5
|
0,0026
|
гвардеец
|
8
|
0,0043
|
Енді осы пікірімізді тіл біліміне қатысты кейбір
терминдердің қарастырылған БСО қолданылуы
ерекшеліктеріне толқтала отырып, әрі қарай өрбітейік деп отырмыз. Тіліміздің байлығы оның өмірдің түрлі саласына байланысты қолданылатын жан-жақтылығымен сипатталады. Осы түрліше салалардың бірі ретінде термитндік лексиканы атауымызға болады. Ғылыми ұғымдарды түсіндіру үшін әдетте тіл байлығына сүйеніп, ғылыми терминдерді түсіндіруге, дәлме-дәл брруге болатын сөздерді іздеп табамыз.
Терминдер сөйлеу практикасындағы ұғым-түсініктерді білдіріп қана қоймайды, сонымен қатар олардың арасындағы белгілі бір байланыстарды қалыптастырушы, өзара байланысты терминдерге негізделген ақпаратты берудің және қабылдаудың негізгі құралы болып табылады. Термин жасаудың әр түрлі жолдары белгілі. Дегенмен де олардың бәрі де жалпы халықгың тіл негізінде жасалған. Лингвистикада жаңа сөздер мен терминдер жасалуы тілдің ішкі дамуының жалпы заңцылықгары негізінде жасалады. Термин жасау барысында мынаны ескеру қажет - терминдер белгілі бір ұғымдарға тән белгілерді ғана емес, осы ғылымның өзге де ұғым-түсініктері мен белгілі бір деңгейдегі байланысын білдіруі керек.
Д.С. Лотте айтқандай: «Ғылыми терминология сөздердің жәй ғана жиынын емес, белгілі бір дәрежеде өзара байланыстағы сөздер мен сөз тіркестерінің жүйесін де білдіреді». Осылайша, белгілі бір жүйеге кіретін кез-келген ғылыми термин осы саладағы терминологияның жүйелік талабын қанағаттандырады. Сондықтан да жекелеген терминдерге баға беру кезінде оларды берілген жүйені құраушы бөлшектер рөтінде қарау керек. Лексикамыздың термин сөздермен толығып, басына кесел жасайтын кейбір көзқарастар туралы профессор Қ.Жұбанов "Қазақ тіл жөніндегі зертеулер" атты еңбегінде айта келіп, оларды қабылдауда басшылыққа алынатын 11 ұстанымды талдап береген болатын. Мұнда әсіресе Қ.Жұбановтың қазақ алфавитінің құрамына ф, х әріптерін енгізу туралы ұсынысын айтуға болады. Профессор Ө.Айтбаев "Термин және оның дәуірлік сипаты" еңбегінде терминдік сипат ала бастаған сөздердің күнделікгі қолданыстағы болмысын ғылыми таразыға салуға мүмкіндік жасағанын айта келіп, баспасөз материалдарын, публицистикалық құралдарын үнемі қадағалап қарастырып, жаңа қолданыстарды терминком талқысына салып отыруды дәстүрге айналдыру қажеттігіне тоқгалады.
Профессор Н.А.Баскаков термин жасауда негізге алатын басты-басты бес принциптерді ұсынады: 1) аударма, 2)калька арқылы, 3)сипаттама аударма, 4) күрделі сөз, 5) қосымшалар арқылы.
Зерттеу жүргізіліп отырған БСО мәтіндерінің терминдеріне талдау жасау кезінде біз де осы принциптерге сүйенеміз. БСО мәтіндерінде терминдердің қолданылуын реттеу үшін бізге мынадай міндеттерді орындау қажет.
1. Терминдер мен олардың бертін ұғымдарын оқыту тәжірибесімен ұштастыра зертгеу;
2. Қазақ тіліндегі жекелеген терминдер мен олардың ұғымдарының пайда болу көздерін анықгау;
3. Терминдердің статситикалық және салыстырмалы түрдегі сипаттамаларына сүйеніп, жасалған ұсыныс, пікірлерінің дұрыстығын тексеру.
Терминдер мен олардың ұғым-түсініктерін және іс-жүзінде практикада қолданылуын қарастыра отырып, біз бұл салаға қатысты барлық мәселерді түгелдей қарастыруды мақсат тұтпақ емеспіз. Біздің мақсатымыз - БСО мәтіндеріндегі кейбір терминдердің қолдану принциптерін жетілдірудің жолдарын ұсыну.
Өзіндік бағыт-бағдарын, зерттеу нысанасы бар әр ғылым саласын белгілі бір ұғымдар жүйесі, зертеу нысанасы болатыны мәлім.
Ғылым тереңдеп, салмақтанған сайын, оның терминдері де байып, саралана түспек. Әр ғылым саласындағы терминдерді жіктеп, бір арнаға салудың және сөздіктер құрастырудың практикалық мәні де зор.
Қазақ тілінің ғылыми термин жағынан толығуының көптеген жолдары бар. Солардың бірі - түркі халықтарының сөздік қорын пайдалану. Бұл көне түркі сөздерінен бастап қазіргі тілдерді қамтиды. Ал түркі тілдерін ең алғаш рет классификация жасаған ғалым - М.Қашғари . Ол түркі тілдерін таза және аралас тілдер деп екіге бөледі: "Таза, басқа тілдердің ықпалына түспеген, тек түркі тілдерінде сөйлейтін тілдер қатарына М.Қашғари яғма, тухси, қырғыз, қыпшақ, оғыз, шігіл, ығрақ, парук тайпаларын және бұларға жақындау иамақ, башқұрт, бұлғар, печенек, сувар тілдерін жатқызса, басқа тілдермен қарым-қатынасқа түсіп (соғды, қытай-тибет тілдерімен) бұзылған тілдер қатары сұғдақ, қанжақ, арғу, худан, тибет және ябақу, татар, басмык тайпаларының тілін енгізеді».
Міне осы түркі тілдерінің даму сатысында бір жағынан, көпшілік түркі тілдеріне негізделген жалпыға ортақ әдеби тілмен бірге ("Құдатғу білік", "Хибат-ул хақайық), ислам дінінің ықпалымен араб-парсы элементтері көптеп ене бастап, екінші жағынан оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар арасы алшақтай түсіп, өзіндік тілдік ерекшеліктері айқын көріне бастайды.
Қазіргі ұлттық тілдердің лексикалық құрамы мен фонетикалық-граматикалық жағындағы өзгерістердің болуы жоғарыда айтылған түркі тілдерінің негізін құраған ру-тайпалардың алшақтай түсіп, жеке-жеке ұлт тілдерінің қалыптасуына негіз жасауында.
Жаңа қоғамдық формация, мәдени-экономикалық қарым-қатынастар жаңа ұғымдарды дүниеге келтірді. Кезінде олардың көбісінің қай тілде болмасын атауы жоқ сөздер болатын.
Міне, осындай өміршең талаптан туған зәрулікті қанағаттандырудың екі түрлі жолы бар. Оның бірі - әр тілдің өз ішкі заңдылықгарына сүйене отырып жаңа сөздер жасау да, екіншісі - басқа тілдерден әзір тұрған сөздерді қабылдау немесе сөзбе-сөз аударып алу.
Бұл сөз еткелі отырған БСО лексикасындағы терминдер осы екеуінің соңғысына көбірек келіңкірейді. Енді тілімізде қолданылып жүрген осы терминдердің кейбіріне тоқталайық:
-
Сөз (слово) — азербайжанша сөз, өзбекше суз
түрікменше соз, қырғызша соз, татарша су, ұйғырша соз,
түрікменше соз башқүртша ьуз.
-
Мағына (значение) - азербайжанша мана, өзбекше
мано, түрікше анлам, қырғызша ман, татарша мана, ұйғырша
мана, түрікменше ман, башқұртша мағана.
-
Сөздік (словарь) - азербайжанша лұғат, өзбекше
сузлик, түрікше созлик, қырғызша созлик, татарша сузлик,
уйғырша лұғат, түрікменше созлик, башкұртша ьузликі.Ь.
Бұдан көріп тұрғанымыз — бірқатар сөздер кейбір фонетикалық өзгешеліктері болмаса, жалпы түркі тіддерінде бірдей аталады екен (Қосымша Б). Төңкерістен кейінгі дәуірде лексика саласының дамуындағы үлкен бір арна - орыс тілінен, неорыс тілі арқылы басқа тіддерден сөз алу болса, жоғарыда келтірілген мысалдардан шығатын қорытынды - өзінің тарихи даму сатыларында көптеген түркі тілдеріне тән ортақ нәрсе -бұлардың лексикалық қорына басқа тілдерден терминдер қабылдауы бір деңгейде болды. Десек те бұл тұжырым оңтүстік түріктерге (әзірбайжан, түрік, өзбек) қарағанда көне түркі, қыпшақ, қазіргі алтай, саян, сібір түріктеріне тән деуге болады.
БСО мәтіндеріндегі терминдердің басым бөлігін қазақтың төл сөздері құрайды. Мысалы: түбір сөзі (149 с/қ) лингвистикалық термин болуымен бірге, екінші бір мағынасында өсімдіктердің жер астындағы бөлшегі деген мағынаны да білдіреді. Ал жұрнақ сөзі терминдік мағынасына қоса қалдық немесе "заттың бір шағын бөлшегі" ұғымын да білдіреді.
БСО мәтіндеріне тән нәрсенің бірі —лық жұрнағының варианттары арқылы жасалған терминдердің көптеп кездесуі. Оқулық мәтіндеріндегі мұндай терминдердің саны -9 (564 с.қ.). Мысалы: атау септік (319 с.қ.), есімдік (12 с.қ.), жіктік жалғауы (9 с.қ.), үндестік заңы (4 с.қ.) т.б.
Кейбір лингвистикалық терминдер түркі халықгары үшін ортақ болып табылады. Мысалы: әдеби тіл термині азербайжан тілінде адаби дил, өзбекше адаби тил, түрікше едебидші, қырғызша адабитші, татарша адаби тип, ұйгарша адаби тил, түрікменше адаби дил, башқұртша адаби тил (Қосымша Б).
Сондықтан да кейбір терминдерді қазақ тілінде аударуда қиындықгар болса немесе дұрыс аударылмаса, онда бұл терминнің түркі тілдеріндегі аудармаларын ескерген жөн деп есептейміз.
БСО мәтіндеріндегі лингвистикалық терминдердің көпшілігі калька арқьшы жасалған (12 сөз, 795 с.қ.) Мысалы: дыбыс -звук (254 с.қ.), есім сөздер - именные слова (36 с.қ.), жак. -лицо (286 с.қ.) т.б. Кейбір терминдер оның сол арқылы аударылып отырған тідцегі эквивалентімен алынған:
сөз - слова (1190 с.қ.), буын - слог (130 с.қ.) т.б.
Дефис деген сөзден басқа барлық лингвистикалық терминдер қазақ тіліне аударылған және өзгеріссіз қолданылған (23-кесте):
Біздіңше, егер қазақ тіліне баска тілдерден енген терминдердің дәл осы мағыналық ұғымын беретіндей қазақ тіліндегі эквиваленті болмаған жағдайда оны өзгеріссіз сол қалпында қалдырған жөн секілді.
Біз бұл зерттеулерімізде қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдерге қатысты барлық мәселелерді жан-жақты қарастыруды мақсат тұтқан жоқпыз, тек оны толықтыру жолдарына қатысты өз ойымызды білдірдік.
Жоғарыда келтірілген мысалдарден мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Лингвистикалық терминдердің жасалуы негізінен
қазақтың байырғы лексикасын пайдалану арқылы іске асып
отыр.
2. Қолданылып жүрген терминдерді белгілі бір жүйеге
келтіріп, реттеу үшін БСО мен оқу кұралдарын құрастыру
барысында дұрыс деп есептелетін терминдерді сол
күйінде қалдырып, ал аударылған тілдегі қажетті эквивалетін
сұрыптау барысында сол терминнің таралу, яғни кеңінен
қолданылу жағын ескерген дұрыс.
БСО лексиканың реттестірілуіндегі тағы бір маңызды нәрсе -оқулық мәтіндеріндегі үндестік заңының сақталуында бірізділіктің жоқтығы, тілдік норманың бұзылуы дер едік.
50-70 ж.ж. БСО мәтіндеріндегі лингвистикалық терминдердің
қолданылуы
|
Термин сөздер
|
Абсолютті жиілік
|
Термин сөздер
|
Абсолютті жиілік
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
50 ж.
|
70
|
|
50 ж.
|
70
|
|
БСО
|
ж.
|
|
БСО
|
ж.
|
|
|
БСО
|
|
|
БСО
|
атау септік
|
139
|
21
|
жаттығу
|
749
|
135
|
әліппе
|
3
|
7
|
жекеше
|
18
|
25
|
барыс жалғау
|
2
|
27
|
жуан дауысты
|
76
|
72
|
бастауыш
|
11
|
35
|
жіктік жалғау
|
9
|
29
|
баяндауыш
|
55
|
37
|
жіктеу есімдігі
|
13
|
10
|
болымды
|
13
|
10
|
жіңішкелік белгі
|
4
|
-
|
болымсыз
|
13
|
11
|
жіңішке
|
88
|
64
|
буын
|
130
|
157
|
жіктеу
|
9
|
29
|
дауысты.дыб.
|
67
|
125
|
зат есім
|
95
|
61
|
дауыс-з дыб.
|
43
|
54
|
қатаң
|
57
|
6
|
дефис
|
10
|
15
|
қос сөз
|
12
|
12
|
дыбыс
|
254
|
323
|
қосымша
|
115
|
77
|
есім
|
36
|
57
|
көптікжалғау
|
28
|
7
|
есімдік
|
12
|
70
|
көпше
|
19
|
21
|
етістік
|
84
|
97
|
көмектес
|
31
|
5
|
жазу
|
18
|
112
|
күрделі сөз
|
16
|
34
|
жайылма
|
25
|
10
|
лепті сөйлем
|
12
|
5
|
жақ
|
268
|
394
|
мағына
|
61
|
38
|
жалаң сөз
|
25
|
24
|
мазмұндама
|
1
|
2
|
жалғау
|
129
|
102
|
мазмұн
|
25
|
73
|
жалғаулы сөз
|
8
|
21
|
мақала
|
8
|
5
|
жалқы есім
|
20
|
7
|
нүкте
|
84
|
316
|
жалпы есім
|
9
|
7
|
септік жалғау
|
31
|
167
|
жұрнақ
|
66
|
35
|
сөз
|
1190
|
170
|
жатыс септік
|
13
|
20
|
туынды сөз
|
16
|
7
|
сөздік
|
5
|
17
|
тыныс белгі
|
12
|
35
|
сөйлем
|
407
|
729
|
тәуелдік жалғау
|
15
|
69
|
сөйлемше
|
1
|
-
|
тіл
|
65
|
110
|
сұраулы сөйлем
|
11
|
9
|
ұгым
|
3
|
7
|
сын есім
|
50
|
59
|
ұяң
|
40
|
4
|
табыс септік
|
7
|
79
|
үнді
|
9
|
6
|
текст
|
2
|
112
|
үндестік заң
|
4
|
13
|
толымды
|
1
|
8
|
үтір
|
5
|
1
|
тұрлаулы мүше
|
5
|
5
|
хабарлы сөйлем
|
10
|
7
|
тұрлаусыз мүше
|
52
|
96
|
шығыс септік
|
4
|
15
|
түбір
|
149
|
96
|
ілік септік
|
16
|
17
|
|
|
|
|
|
10
| Үндестік заңы — агглютинативті тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне тән құбылыстың бірі. Соның арқасында қазақ тілі фонологиялық жүйесінін өзіндік ерекшеліктері бар тіл калпын сақтап қалуда. Алайда, соңғы кезде бұл заңның кағидалары сақталынбай, "қолдан жасалынған" қайшылықтары көбейіп кетті. Бұл әсіресе орыс тілінен және орыс тілі арқылы үнді-еуропа тілдерінен енген сөздерді жазуда анық байқалады. Себебі, ғалым ағаларымыз кезінде бул жөнінде "Орыс тілінен және орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздерді орыс тілінде қалай айтылып, қалай жазылса, казақ тілінде де оларды солай жазу керек" - деген болатын. Ал енді араб-парсы тілдерінен енген сөздерге байланысты мұндай заң болмаса да осы сөздерді үндестік заңына бағындырып та, бағындырмай да жазып жүрміз. Негізінен, мұндағы белгілі бір жүйенің болмауы - тіліміздегі үндестік заңының бұзылуында дер едік. Себебі, мектепте оқушыларға үндестік заңын оқытып, үйретеміз де, ал жазу барысында ол заңды сақтамаймыз. Егер де оқушылар басқа тілдерден енген сөздерді айтылуы бойынша мұғалым, кітәп, қәзір деп жазса, оны түзетіп мұғалім, кітап, қазір деп жаздырамыз. Ал қазан төңкерісіне дейін қазақ тіліне араб-парсы тілінен ғана емес, орыс тілінен енген сөздер де үндестік заңына бағынып айтылып та, жазылып та келгені белгілі: бәтеңке, жәрмеңке, кәмпит, кереует, бөрене т.б. Ал қазір жазудағы морфологиялық ұстанымға көбірек арқа сүйейтін болдық. Мысалы, қазіргі ділмар, діндар, пәтуа, білімдар сөздерін ділмәр, діндәр, пәтуә, білімдәр деп неге жазбасқа?!
Кезінде Халел Досмүхамедұлы "Бір жуан сөз, бір жіңішке сөз екеуі бірігіп қосылғанда көбіне жуан сөз өзгеріп, жіңішкеріп кетеді",-дей келіп, бай-шешек, гүл-айым деген сөздерді мысалға келтірген болатын. Егер осы қағидаға сүйенетін болсақ, онда зерттелініп отырған 50 ж. мектеп оқулықтары мәтіндеріндегі кездесетін кіна (2 с.к), кітап (344 с.к), құдыретті (1 с.қ), корек (17 с.к), кауіпті (4 с.к), кате (6 с.к), қаперсіз (1 с.к), қасиет (5 с.к) т.б. араб-парсы тілдерінен енген сөздерді үндестік заңына бағындырып кінә, кітәп, құдыреты, көрек, қауыпты, қата, кәперсіз, кәсиет деп жазуға болмас па еді?! Соңғы кездері кіна сөзі кінә деп жазылғанымен, оған қосымша жалғанған жағдайда бұл реттілік тағы да бұзылғандығын көреміз: кінәлайтындай (70 ж. БСО 1 с.қ). Біздер қарастырған 50 ж. БСО мәтіндершдегі үндестік заңына бағынбай жазылған кайткен сөзі кәйткен болып айтылса, Қәз/р — кәзір, қазіргі — кәзіргі, қайтеді — кәйтеді, қайтсін — кәйтсін, қайтіп — кәйтіп, қабілет — кабылет, мұғалім — мұғалым болып айтылатыны даусыз. Біз келтірген сөздердің екінші варианттарын қолданғанды дұрыс дер едік.
Тіліміздің лексика саласындағы осы келеңсіздік морфологияға да әсер етпей калған жоқ. Оған мысал ретінде тіліміздегі үндестік заңына бейімделіп үлгермей қалған көмектес септігінің жалғауларын (баламен, дауылмен, қармен т.б.), меншіктілікті білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшаларын айтуға болады. Төңкеріске дейін қазақтардың тілінде көмектес септігінің қосымшасының жуан варианты (атпан келді, арбаман көшті) мен оныкы, мұнықы сияқты оралымдар болған.
Алайда тілге деген немқұрайдылық, әркелкі пікірлердің салдарынан мұндай қосымшаларды қазір қолданудан шығарып тастадық деуге боларлық. Бүгінде жуан сөзден кейін де, жіңішке сөздерден кейін де тек жіңішке қосымшалар (-мен, -бен, -нікі, -дікі, -тікі) жалғанады.
50 ж. БСО мәтіндеріндегі көмектес септігінің жалғаулары бүкіл жалғаулардың 3,09% үлесін құрайды (1490 с.к). Оның ішінде 1,62%-ы жуан дауысты дыбыстардан тұратын буындарға біткен сөздерге жалғанған. Мұның бәрі тіліміздегі сөздердің үндесіп айтылуын әлсіретіп, жазуымыздағы ала-құлалыққа алып келеді. Ал білім негізі бастауыш сыныптарда қаланатын болғандықтан, жоғарыда келтірілген кірме сөздердің жазылуын реттеу БСО мәтіндерінен басталғаны жөн секілді.
БСО мәтіндеріндегі үндестік заңына бағьштайтын кейбір сөздердің қолданылу жиілігі
|
Сөздер
|
Абсол
|
ютгі жиілік
|
Сөздер
|
Абоолютті жиілік
|
|
50 ж. БСО
|
70 ж. БСО
|
50 ж. БСО
|
70 ж. БСО
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қабілет
|
1
|
4
|
қате
|
6
|
11
|
қабілетті
|
1
|
1
|
қатер
|
7
|
9
|
қабілеттілік
|
1
|
1
|
қауіпті
|
4
|
13
|
қазір
|
114
|
57
|
қауіп
|
2
|
4
|
қазіргі
|
6
|
15
|
қорек
|
17
|
18
|
қайбір
|
1
|
2
|
күдіретті
|
1
|
2
|
қазірде
|
4
|
1
|
кітап
|
344
|
369
|
қайтеді
|
29
|
1
|
кіна
|
2
|
6
|
кдйткен
|
1
|
1
|
мейман
|
2
|
5
|
қайтсін
|
2
|
14
|
онымен
|
8
|
8
|
қайтті
|
17
|
1
|
оныменен
|
-
|
2
|
қайтіп
|
4
|
47
|
хикая
|
1
|
6
|
касиет
|
5
|
7
|
кәне
|
2
|
4
|
қасиетгі
|
3
|
1
|
мұғалім
|
90
|
86
|
қаперсіз
|
1
|
-
|
|
|
| Біз қарастырған 50 ж. БСО мәтіндеріндегі үндестікті бұзып тұрған сөздердің жалпы саны 25 (670 сөз қолданыс, яғни барлық сөздердің 6,5%-ы). Олардың ішінде ең жиі қодданылғаны кітап (344 с.қ) және казір (114 с.қ.) сөздері, ал 70 ж. БСО мәтіндеріндегі бұл сөздердің үлесі 369 с.қ (кітабі) және 57 с.қ (казір) (24-кесте). Қорыта келе айтарымыз:
1. Үндестік заңы - қазақ тілінің негізгі ерекшеліктерінің бірі.
Сондықтан да оқулықтар мен оқу кұралдарын құрастыру
барысында жоғарыда айтылған пікірлер ескеріліп, бұл заңның
қағидалары қатаң сақгалуы тиіс. Ал емлелік ережелерімізге
өзгерістер енгізу қажет секілді.
2. Кірме сөздердің көптеп енуі тіліміздің сөздік қорын
байытатыны белгілі болғанымен, оларды тіліміздің төл
дыбыстарымен, үндестік заңына бағындыра отырып
жазуымыз керек. Ал мұны БСО мәтіндерінен бастаған жөн
десек те, бұл өлі шешімін таппай келе жатқан мәселе. Жоғарыда келтірілген келеңсіздіктермен бірге, оқушылардың меңгеретін сөздерінің шамасы, оқулықтардың мұндай көп мағыналы сөздермен қамтылуы да аса маңызды. Көп мағыналылықтың арасы алшақтап, омоним жасалатын жағдайлардың БСО мәтіндерінде молынан қамтылуы оқушының тіл байлығын арттырып, сөздік қорын кеңітеді.
Осы тұрғыда өз зерттеуімізде БСО мәтіндеріндегі омонимдерге қатысты өз пікіріміз бен ұсыным, тұжырымдарымызды зерттеу барысында алынған лингвостатистикалық нәтижелерге негіздейміз.
Бастауыш сыныпқа барған оқушы жаңа материалды игеру барысында өзінің сөздік қорын үнемі толықтырумен болады. Олар мағынасы бұрын беймәлім сөздер мен сөз формаларын, сонымен бірге сөздің көп мағынада жұмсалу ерекшеліктерін де оқып -үйренеді.
Тілдің даму барысында көп мағыналы сөздердің мағыналарының алшақтап, ажырауынан омонимдер жасалатын жағдайлар жиі ұшырайды. Мысалы 1. той — етістік, 2. той — зат есім. Біз қарастырған мәтіндерде лексика-грамматикалық омонимдердің мына төмендегіше түрлері кездесті:
1. Зат есім әрі етістікке жататын түрін шартты белгімен (3-Е) деп белгілесек, оған мысал болатын - айқас сөзі зат есім түрінде 19 рет, ал етістік түрінде - 4 рет кездескен:
2.(3-С), уста, (з-25), (с-2) з.(З-К), ара, (з-86), (к-205). 4.(3-Y), can, (3-596), (ү-50). 5.(3-А), жүздік, (з-50), (а-57). б.(3-П),топ, (3-102), (л-1). 7.(3-М), ана, (3-123), (м-18). 8.(3-Ш), қатар, (з-Ю), (ш-11). 9.(3-0), қап, (3-107), (о-2). Ю.(Е-М), сол, (е-70), (м-317). 11. (Е-С), алыс, (е-16), (с-59). 12.(Е-К), арт, (е-50), (к-49). ІЗ.(Е-Д), аз, (ә-120), (е-1). 14.(Е-Ш), ал, (е-1256), (ш-747). 15.(Е-А), кырык, (е-1), (а-20). іб.(С-Ү), жаңа, (с-187), (ү-16). 17.(С-Л), жалаң, (с-1), (л-1). 18.(С-А), жарым, (с-3), (а-8). \9.(С-Ц),хош,(с-1),(д-1). 2О.(Ш-М), мен, (ш-742), (м-870). 21.(Ш-Ү), кейін, (ш-335), (ү-95). 22.(Е-О), мә, (е-3), (о-і). 23.(Ү-О), кош, (ү-5), (о-12). 24.(О-Ш), па, (о-і), (ш-19).
26.(Ш-К), соң, (ш-299), (к-72). 27.(Ү-Е), кдлт-кұлт, (ү-1), (е-1). 28.(М-А), бір, (м-20), (а-2024). 29.(О-3-Е), ой, (о-ІЗ), (з-52), (е-27).
ЗО.(З-С-Е), ку, (о-6), (з-8), (е-54). ЗІ.(З-Ү-Л), кілт, (з-6), (ү-4), (л-3). З2.(3-Е-Ү), таң, (з-39), (е-9), (ү-13). ЗЗ.(З-Е-О-Ш), ау, (з-7), (е-11), (о-7), (ш-13).
Сондықтан да оқушылардың меңгеретін сөздері мен сөздердің көп мағыналылығының арасындағы сандық арақатынасты анықтаудың маңызы ерекше. Себебі - сөздің көп мағыналылығы көбейген сайын, мәтіндегі осы көп мағыналы сөздердің саны да азая түседі [62,103].
Ал бастауыш сынып оқушысы белгілі бір сөздің формасымен бірге оның мазмұнын, яғни түрлі мағыналарын қоса меңгеретінін ескерсек, омонимдердің сөздік қорды толықтырудағы маңызы айқындала түседі.
Жоғарыдағы 25 кестеден көрінгендей, лексика-грамматикалық омонимдердің ішінде ең жиі кездесетіңцері ЗЕ (31,04 %), ЕШ (17,61%), ЗС (5,5%), ШМ (7,38%), МА (6,07%), ЕД (5,23%) және ЗҮ (29,5%) түрлері.
Ал ең аз кездесетін іүрлеріне СД (0,008%), ЕО (0,01%), СА (0,002%) және ҮЛ (0,02%) секідді омонимдер жатады.
Бұдан шығатын қорытынды - БСО мәтіндеріндегі лексика-грамматикалық омонимдердің көптеп кездесуі оқушылардың сөздік қорын, ұғым-түсінікгерін кеңейтіп, бір сөздің әр түрлі мағынада жұмсалу ерекшеліктерін тереңірек оқып-үйренуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |