Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Таңқурайдың ал қызыл (дидимелла) ауруы



Pdf көрінісі
бет216/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

181-сурет. Таңқурайдың ал қызыл (дидимелла) ауруы (қоздырғышы – 
Didymeila applanata Sacc.): 1 – дерт шалған ӛсімдік сабағы мен 
жапырақтары аурудың бастапқы кезеңінде; 2, 3 – кеселдің едәуір 
залалдауы; 4 – бойында қалталары бар псевдотеций; 5 – аскопролары шыға 
бастаған қалта; 6 – ӛніп шыққан аскоспоралар 
Кеселге шалдыққан ӛсімдіктің жидектері майдаланып, сабақтары 
мен жапырақтары қурап мезгілінен бұрын түсіп қалады. 
 
6.3.3.2 Таңқурайдың вирус аурулары 
Республиканың барлық аймақтарында таңқурайдың вирус 
аурулары кездеседі. 
Таңқурай теңбілі. Вирус ауруларының ішінде ӛте кең тарағаны. 
Жапырақта сары, жасыл жайылған дақтардың кезектесіп орналасуынан, 
теңбіл дақ түзіледі. Ӛсімдік қатты залалданғанда жапырақта дӛңес 
бӛліктер пайда болады. Ауа райы ысты болғанда ауру белгілері бәсеңдеп, 
ал күзге қарай, күн салқындағанда, кеселдің дамуы қайта ӛршиді. 
Ауру қоздырғышы – Rubus virus I Smith, вирусы. Қоздырғыш 
насекомдармен және отырғызылатын материалдармен (кӛшеттермен) 
таралады.Ауруға шалдыққан ӛсімдіктер биіктеп ӛспей, ӛркендері 
жіңішкеріп, жидектері майдаланып, дәмсіз болады. Сондықтан ӛнім 
мӛлшері күрт тӛмендеп, сапасы кемиді . 


294 
182-сурет. Таңқурай жапырағының теңбілі 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жапырақтың бұйралануы. Кеселдің белгісі екі жылдық ӛркендерде 
айқын білінеді. Ауруға шалдыққан ӛркендер сауларынан едәуір аласа 
болып, жапырақтары бұйраланады. 
Залалданған 
жапырақтың 
беті 
бұдырланып, жиегі астына қарай 
ширатылады. Жапырақ бетінде сары 
дақтар пайда болады. Дақ түзілген 
бӛліктегі 
ұлпалардың 
ӛсyi 
саябырлайды да, жапырақ жиырылып, 
бұйраланады. 
Жапырақтың 
дӛңестенген жасыл ұлпалары күзде 
қола түске енеді, ал жүйкелер бозарып, 
кейін жансызданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет