Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет6/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

1-сурет. Бидайдың тат ауруы (бидай сабағында түзілген бӛртпелер) 


12 
Бӛртпелерсаңырауқұлақтар қоздыратын, оның ішінде негізінен 
тат ауруларына тән белгі. Бӛртпелер – саңырауқұлақ спораларынан 
тұратын, пішіні сопақша келген ӛсімдік бетінде пайда болатын түзілім (1-
сурет). Олар ӛсімдік ұлпасының бойында түзіліп, басында беті 
эпидермиспен 
жабылып 
тұрады. 
Кейін 
эпидермис 
жарылады. 
Ӛсімдіктердің вегетациясы кезінде тат ауруының бӛртпелерінің түсі сары, 
сарғылт қызыл, сарғылт қоңыр, қоңыр және тат түсті болады. Сондықтан 
да бұл ауру тат ауруы деп аталады. 
Шіріктер – кӛбіне суы және қор заттары мол ӛсімдік мүшелері: 
жемістер, тамыржемістер, түйнектер, пиязшықтар, жапырақты сабақтар 
залалданады. Шіріктер демді (сулы) және құрғақ болып екіге бӛлінеді. 
Демді шіріктер негізінен бактериялар қоздыратын немесе қоршаған 
ортаның кейбір факторларының әсерінен болады, ал құрғақ шірік 
патогенді саңырауқұлақтар әрекетінің нәтижесінде пайда болады. 
Ісіктер немесе ӛсінділер – ӛсімдіктің кей мүшелерінің бойында ауру 
қоздырғыш микроорганизмдердің, сондай-ақ кейбір абиотикалық 
факторлардың әсерінен пайда болатын ауру белгісі. Ісіктер ӛсімдік 
мүшелерінің бетінде кейбір клеткаларының кӛлемі ұлғаюынан немесе 
клеткалардың шамадан тыс кӛп түзілуінің нәтижесінде пайда болады. 
Ісіктер картоптың рак, қырыққабаттың кила, қызылша тамыржемісінің рак 
ауруы және басқа да дақылдардың ауруларына тән. 
Деформациялану (ӛсімдік мҥшелерінің пішінінің ӛзгеруі) – 
вирустар, микоплазмалар, саңырауқұлақтар және абиотикалық факторлар 
әсерінен ӛсімдіктің кейбір мүшелерінің, кейде тұтас ӛсімдік ағзасының 
пішінінің ӛзгеру белгісі. Бұл қатарда жапырақ алақанының пішінінің 
ӛзгеруі жиі кездесетінін атауға болады. Сабақтар деформациясының 
қатарына шамадан тыс, кӛптеген ұсақ, жіңішке бұтақтар түзе бұтақтануы 
жатады. Гүлдер мен жемістер деформацияланғанда олардың пішіні және 
қасиеттері ӛзгеріп, кейде тұқым түзілмейді, немесе түзілетінін тұқымы 
сапасыз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет