Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Тозаңды қара күйе ауруына шалдыққан



Pdf көрінісі
бет72/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

27-сурет. Тозаңды қара күйе ауруына шалдыққан жүгері ӛсімдігінің 
собығы 


95 
Дертке шалдыққан ӛсімдіктің шашағы мен собығы залалданып, қара 
спора массасына айналады да, қысқа, құрғақ, қатты қабықпен қапталады 
(26-сурет). Әдетте жүгерінің сұлтаны да қара күйе телиоспора массасына 
айналып, кейде жеке гүлдері де залалданады. Бұндай ӛсімдіктердің ӛcyi 
саябырлап, жапырақтары шамадан тыс ұлғайып ӛседі. 
Кеселдің ауру қоздырғышы – Sorosporium reilianum Mc.Alp. 
саңырауқұлағы. Телиоспоралар жиынтығы оңай ыдырайтын, сопақша, 
диаметрі 70-150 мкм түйіршіктерден тұрады. Пішіні шар, эллипс тәрізді
кейде бұрышты, диаметрі 9-16 мкм, түci қара-қоңыр, ұсақ тікенді споралар 
дән бетінде, топырақта сақталады. Топырақтағы телиоспоралар тіршілігін 
8 жылға дейін жоймайды. 
Дақылдың залалдану үрдісі тұқымның ӛсіп-ӛну кезеңдерінде 
басталып, кейде ӛсімдіктер 2-3 жапырақ түзген мерзіміне дейін жүреді. 
Телиоспоралардан 
фрагмобазидия 
мен 
базидиоспоралар 
түзіліп, 
соңғылары қос-қостан қосақталып, ӛскінді залалдайтын диплоидты 
жіпшеге айналады. Жіпшумақ ӛciмдiктe таралып, оның ӛсу нуктесіне 
жетіп, гүл шоғырын залалдайды. Жіпшумақ кейде ӛсу нүктесіне жетпеуі де 
мүмкін, бұндай жағдайда жүгерінің собығы дертке шалдығып, сұлтаны сау 
қалады. Саңырауқұлақ споралары шамалы ылғалдылықта, температура 28-
30°С деңгейіне дейін қызса ӛне бастайды. Ылғалдылық жоғары деңгейде 
болса ӛсімдік ауруға шалдықпайды. Кеш себілген жүгері егістігінде кесел 
әдетте қатты дамиды.
Аурудың зардабынан ӛсімдіктің ӛcyi тежеліп, собықтары дамымай, 
ӛнімнің сапасы мен мӛлшері тӛмендейді. Кесел қарқынды таралғанда ӛнім 
шығымы 15 -20% тӛмендейді. 
Жҥгерінің кӛпіршік қара кҥйесі. Жүгерінің кӛпіршік қара күйе 
ауруы Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында кездеседі. 
Бұл кесел жүгері ӛсімдігінің топырақ үcтi мүшелерін барлық ӛсу 
кезеңдерінде залалдайды (28-сурет). 


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет