Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет70/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
24-суретСұлының қатты қара күйесі 
Сҧлының қатты қара кҥйесі (24-
сурет). Бұл Қазақстан территориясында 
кең таралған ауру. Ауру қоздырғышы 
кӛбіне ӛсімдік гүлінің түйінін, гүл 
қауызын залалдап, ал масақша қабыршақ 
жұқа қабықша күйінде сақталып, тығыздалған телиоспора түйіршіктерін 
жауып тұрады. Гүл шоғырының бұтақшалары залалданғанда шашақ 


92 
қысқарып, жинақы кӛрінеді. 
Ауру қоздырғышы – Ustilago levis Magn. саңырауқұлағы. 
Телиоспоралары шар немесе эллипс тәрізді, диаметрі 3,6-8,1 мкм, түсі, 
дара күйінде, ашық-қоңыр, ал топталған күйінде – зәйтүн-қоңыр, қауызы 
тегіс. Ӛнімді жинаған кезде споралар дән бетіне немесе дән қауызының 
астына орнығып сақталады. Ылғалдылығы жоғары дәннің бойында қатты 
қара күйе телиоспоралары тозаңды қара күйе споралары сияқты ӛнеді, ал 
кепкен дәнде қауыз астындағы жіпшумақ геммаларға ыдырап, осы күйінде 
тұқым сепкенге дейін сақталады. 
Кӛктемде ӛніп шыққан жас ӛскін оянған геммалар мен ӛнген 
телиоспоралардан пайда болған жіпшумақпен залалданады. 
Сонымен, сұлының қатты және тозаңды қара күйе ауруларының 
ӛсімдікті залалдауы, инфекция қорының сақталуы бip-бipiнe ұқсас
сондықтан практикада оларды жалпы атаумен сұлының қара күйесі деп 
атайды. Олардың сұлыға келтіретін зияны да бірдей. 
Тарының қара кҥйесі. Кесел республиканың 
тары егілетін барлық аймақтарында кең таралып, 
ӛсімдіктің шашағы түзіле бастағанда байқалады. 
25-сурет. Тарының қара күйесі 
 
Залалданған 
шашақ 
соңғы 
жапырақтың 
қынабынан шықпай, беті қызғылт кейін сұрланатын, ӛте 
жұқа қабықшасы бар, iшi қара-қоңыр спора массасына 
толы, ұзындығы 3-5 см сопақтау дӛңеске айналып, егінді 
бастырғанға дейін шашылмаған күйде сақталады. 
Саңырауқұлақ кейде шашақтың жеке бұтақшасын 
немесе түйінін залалдайды. 
Ауру қоздырғышы – Sphacelotheca panici-milliacei 
Bubak. 
саңырауқұлағы 
(25-сурет). 
Қоздырғыш 
телиоспораларының пішіні домалақтау немесе сәл 
бұрышты, түci қара-қоңыр, қабығы тегіс немесе сәл тікенді, диаметрі 7-14 
мкм. 
Егінді жинаған кезде телиоспоралар дән бетінде қалып немесе 
топыраққа түсіп сақталады. Топыраққа түскен кӛбі ӛнеді, бірақ жойылып 
кетеді. Негізгі инфекция қоры – спораланған тұқым. Тұқыммен бірге 
топыраққа түскен телиоспоралар базидияға ӛніп, базидиоспоралар түзеді.
Базидиоспоралардан ӛнген жіпшелер бір-бірімен қосылып, тары 
ӛскініне енетін инфекциялық жіпше түзеді. Саңырауқұлақ жіпшесі 
ӛсімдіктің барлық мүшелеріне тарап, тарының шашағы түзілген кезде 
қарқынды дамып, оны бұзып, кӛптеген телиоспоралар түзеді. Споралардың 
енуіне және саңырауқұлақтың дамуына қолайлы температура 20-27 °С. 


93 
Тары дақылы бұл кеселден үлкен зардап шегіп, ӛнімі 20-30%, ал кей 
жылдары үлкен дәрежеде кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет