Оқулық құрал Бірінші тарау Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын материалдар туралы түсінік



бет13/25
Дата31.01.2024
өлшемі0.77 Mb.
#490422
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Материаловедение каз

"Стенс-02" дөңгелек қызыл түсті пластина ретінде шығарылады. Құрамы (%) :
қарағай шайыры - 36,0 дибутилфталат - 0,5
мырыш тотығы - 3,0 тальк - 42,0
мүнай парафині - 12,98 майда ерігіш бояу -0,02
церезин- 5,5
Материал +45 - +55°С температура аралығында жүмсарып, +35-+37°С температура аралығында қатаяды. Tic салу тэжірибесінде алдын ала алынатын үлгілер үшін, арнайы қасықтар жасау үшін жэне т.б. жүмыстар үшін қолданылады. Материал қайтып к.олдануға жарамсыз деп есептелінеді.
"Акродент-02" терт бұрышты алқызыл түсті пластина.
Қүрамы (%):
қарағай шайыры - 32,0 этилцеллюлоза - 2,0
стеарин - 6,0 мырыш тотығы - 10,0
парафин - 10,0 ванилин - 0,2
каолин - 32,78 майда ерігіш бояу -0,02
пластификатор ДБФ -7,0
"Акродент-02" +55 - +65°С температура аралығында жұмсарып, 36°С температурада қатайып иілімділігін жоғалтады. Бұл материалмен алған үлгі қалыбын өзгертпестен кеп уақыт сақталады. "Акродент-02" стоматология тәжірибесінде үлгі алу үшін, арнайы қасықтар және қатты тістесу білігін дайындауға және тағы басқа тіс техникалық жұмыстар үшін қолданылады. Үлгіні құйылған модельден ажырату үшін ыстық суға салады. "Акродент-02"-ні тістердің конвергенциясы және дивергенциясы кезінде қолдануға болмайды.
"№1 Термомасса", "үлгілік термопластикалық масса" деген атпенен дөңгелек қою қызыл пластина ретінде шыгарылады. Бүл үлгілік материал еқ көп тараған материал. Қүрамы (%):
қарағай шайырының церезин - 10,0
пентаэритритті эфирі - 45,0
қарағай шайырының - 5,0 тальк - 25,0
глицерин эфирі
майда ерігіш
парафин - 14,82 бояу - 0,1
Масса +50 - +60° С температура аралығында жұмсарып, +20 -+25°С аралығынды 3 минуттың ішінде иілімділігі жоғалтады. Бұл масса тіссіз жақтардан функционалдык, үлгі алғанда, тіссіз жақтарға салынған протез дұрыс бекімей бос болғанда қолданылады. Термопластикалық үлгілік массамен функционалдык, үлгі алу үшін алдын ала арнайы қатты үлгілік қасық жасалынуы қажет.
"N2 Термомасса" дөңгелек қою қызыл түсті пластина ретінде шығарылады. Масса +70 - +80 °С аралығында жұмсарып, ауыз қуысында 2-3 минуттан үстағаннан кейін қатаяды. Ауыз қуысында қисайган тістер болса,онда масса толық қатаймай түрып шығару керек. Масса кдлданылғаннан соң оны тазартып (стерилизация) қайтадан қолдануға болады. Ол үшін массаны ыдысқа салып, +100 - +120° қыздырылған сүйыққа батырады.
"Термомасса-02" дөңгелек жасыл түсті пластина түрінде шығарылып, функционалдық үлгілер алуға және дүрыс орныкдтай түрган толық протездердің негіздерін қайтып жасау үшін-қолданылады. Жүмсару температурасы +55 - +60 °С.
Қүрамы (%):
парафин- 5,0 церезин- 10,0
стеарин- 10,0 тальк- 30,0
бал ара балауызы - 9,8 ванилин- 0,1
октофор- 35,0 майда ерігіш бояу - 0,1
Жоғарыда келтірілген тсрмопластикалық массаларға қарағанда "Термомасса -02" + 45°С өте иілімді, басқаша айтқанда басқаларымен салыстырғында иілімділігі төменгі температурада едәуір жақсы. Масса +35 - +37°С температурада қатаяды.
"Стомапласт-2" жасыл түсті масса, кішкене металдан жасалған кастрөлге қүйылып шыгарылады. Қүрамына қарағай шайыры мен майсана майынық глицерин эфирі, парафин, бояғыш және жұпар иісті заттар кіреді. Төменгі температурада жоғары иілімділік керсетіп (+37 - +42РС), үлгі алатын жерге еш қысым түсірмейді және керск болған жағдайда қайтадан түзету үшін жаңа белігін салуға болады. Бұл материал негізінен функционалдық улгі алу үшін қолданылады. Ауыз қуысынан шығарар алдында массаны суық суменен (+18 -+20°)суытады. Гипстік модель алу үшін үлгіні тез арада гипспсн қүю қажет, ал мүндай мүмкіндік жок, болса онда үлгіні мүздай суда сақтаган жөн.
Дентофоль - өсімдік тектсс шайырлардан және полимерлсрден түратын термопластикалық үлгілік материал. Бұл материал да функционалдық үлгі алу үшін к.олданылады. Дентофоль екі түрлі масса ретінде шығарылады. Біріншісі - таяқша торізді, ыстык, суға салып қыздырғанда иілімділік пайда болады. Олар арнайы қасықпен функционалдық үлгі алған кезде қасықтын, жиектерін қалыптау үшін қолданылады. Екінші масса (нсгізгі) үлгі алуға арналған. Ол арнайы металдан жасалған ыдыск,а салынып, +55 -+60°С температурада қыздырылуға бейімделген. Арнайы жаққыш шашықпен қасықтың бетіне жұқа етіп ауыз қуысына енгізеді. Ауыз қуысындағы температурада масса толық қатпайды, сондықтан үлгіні ауыздан шығарар кезде суык, суменен салқындату қажет. Стомапласт сияқты үлгіні ауыздан шығарысымен гипсті құйып модель алу қажет. Бүл үлгілік массаны алынған модельден ажыратар алдында ыстық суға салып, дентофольды балқытып алған жөн.
4.12. Модельдеуге арналған материалдар. (Балауыз және балауыз қоспалары)
Болашақ жасалынатын протездерің, аппараттардың жоне шиналардың қалыптарын, уақытша материалдардан жасайды. Бүны модсльдсу деп тс атайды. Tic . технигініқ жүмысында модельдеу маңызды орын алады. Алдымен уақытша жасалынған конструкцияларды тексеріп, содан соң оларды түракды (негізгі)
материалдармен алмастырады. Алмастырудың ең жиі қолданыла-тын тәсілі құю болып есептеленеді.
Ортопедиялық стоматологияда модельдеуге арналған материал-дардың өздеріне тэн қасиеттері бар. Бұл материалдарға төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Ауыз қуысында қолданғанда және олармен жұмыс істегенде
    зиянсыз болуы;

  2. Белгілі бір температуралық аралықта жақсы иілімділік
    қасиетінің болуы;

  3. Модельге қабатталынатын қабілеттілігінің болуы;

  4. Модельдегеннен кейін жеткілікті қаттылығынын, және сер-
    пімділігінін, болуы;

  5. Массаны балқытқаннан немесе күйдіргеннен соң қалыпта
    қалдық қалдырмауы;

  6. Шөгуінің аз болуы;

  7. Қалыбын өзгертпеуі;

  8. Түсінің индифферентті және оның жағылатын материал-
    дардың беткі қабатының түсінен белек болуы.

Модельдеуге арналған материалдардың кепшілігі әр түрлі балауыздардың қосындысы немесе композициялары болып келеді. Балауыз композицияларының құрамы мен қасиеті онық қандай жұмыстарға арналғандығына байланысты. Балауыз деп бал ара балауызына физикалық қасиеті жағынан жақын әр түрлі органикалық заттарды айтады. Бұл заттардын, химиялық табиғаты әр түрлі болғанымен,барлығына тән құрамында - жоғары май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлерініқ болуы.
Стоматологияда балауыздарды төрт топқа бөлу қалыптасқан: жануарлар, өсімдіктер, минералдар және синтетикалық.
Жануарлар балауызына насекомдар мен жануарлар бөліп шығаратын балауызды жатқызуға болады. Олардың ішінде ен, көп тарағаны бал ара балауызы мен стеарин. Балауыздын, құрамына органикалық қышқылдар (пальметин, церотин, мелиссин), май қышқылдарының эфирлері жәиЕ"-~-«пирттер кіреді. Бал ара балауызды өздерінің ерекше Сездэднен\бөліп шығарады. Стеарин балауызға ұқсаған, малдың майьгн гидролиз жасау арқылы алынатын материал. Оның химиялық қүрамында пальметин, стеарин және басқа май қышқылдары бар.
Өсімдіктер балауызы. Кейбір өсімдіктер әр түрлі бөліктерінде балауыз тектес заттар беліп шығарады:пальманың жапырақтарында - карнауб, жемістерінде - жапон, шөптерде -канделилл балауыздары. Ортопедиялық стоматологияда ең көп тарағаны карнауб және жапон балауыздары.
Минералдар балауызы. Бұларға парафин, озокерит, церезин және ' монтан /балауызы тән. Бұл заттар қазба балауыздарына жатады жоне олардың жер қойнауында түзілуі биогеологиялық процестерге байланысты. Ортопедиялык, стоматологияда таза парафин қолданылмайды. Ол көбіне модельдеуге арналган бала-
уыздар қоспасына кіреді. Озокерит пен церезин кейбір балауыз қоспаларының және термопластикалық массалардың қүрамдық бө-ліктері болып келеді.
Синтетикалық балауыздарға қасиеті жағынан табиғи балауыздарға ұқсас жасанды алынған заттарды жатқызуға болады. Синтетикалық балауыздар ортопедиялық стоматологияда кеңінен қолдану тапқан жоқ, бірақ олар кейбір күрделі балауыз композицияларының құрамына кіреді. Бұл балауыз композициялары дәл құйма тәсілдері кезінде протездердің бөлшектерін модельдеу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет