Оқулық құрал Бірінші тарау Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын материалдар туралы түсінік



бет23/25
Дата31.01.2024
өлшемі0.77 Mb.
#490422
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Материаловедение каз

5.8. Мольдин
Мольдин деп ақ саз балшықпен глицериннің қоспасын айтады. Қоспа өте иілімді және гигроскопиялы, сондықтан көп уак,ыт бойы кеуіп қатпайды.Мольдин тіс салу тәжірибесінде к.аптамаларды сыртқы тәсіл бойынша штамптау кезінде .іниараттың цилиндрін толтыру үшін қажет.
Егер мольдиннің иілімділігі төмендесе онда аздап (10-15%) глицерин қосып суы бар ыдыста қыздырған жөн.
5.9-Асбест
Асбест магнезиальды силикаттар тобына жататын табиғи материал (3MgO * 28іОг * 2НгО). Оның құрылысы таяқшалы болып келеді. Асбест отқа өте төзімді, ал электр тогын өткізгіштігі және қышқылдарға тұрақтылығы нашар, Асбестін, балқу температурасы 1500°С.
Tic салу тәжірибесінде асбесті металл цилиндрлерде қалыптық массаларды ұстату үшін қолданады.
5.10. Этип спирті
Этил спирті (этанол) СН2О5Н - түссіз, өзіне тән иісі және дәмі бар сүйык, Сумен және эфирмен жақсы араласады. Спирттін, тығыздыгы 0,79г/см3 . Оңай тұтанып, онша керінбейтін жалынмен жанады. Ауамен қосылысы жарылғыш қоспа түзеді. Tic салу тәжірибесінде этил спирті арнайы шамдарға жанар май ретінде, қалыптық материалдар дайындау барысында және еріткіштер есебінде қолданылады. Этил спиртімен' жүмыс істегенде сақтықты есте үстаған жөн. Ол ағзаға көп мөлшерде тұсетін болса.онда алкоголь қозуы пайда болып улануы мүмкін.
5.11. Бензин
Бензин - қайнау температурасы 30-205°С аралығындағы әр түрлі көмірсутектерінің қоспасынан түратын түссіз сүйь Бензиннін, тығыздығы 0,7-0,78 г/см^ . Бензин - 60°С төменгі температурада қатады. Бензин жанар май және еріткіш ретінде кеңінен қолданылады. Tic салу тәжірибесінде тек октандық саны жоғары (АИ-93, Аи-92, АИ-76) бензиндер пайдаланылады. Бензиннен алынған жанғыш қоспа, балқу температуралары 1200°С темен металдарды балқыту үшін, металл бөлшектерін термиялық өңдеу үшін және дәнекерлеу үшін қолданылады.
Бензиннің буынын, ауадағы концентрациясы 74-123 г/м3 болса онда ол жарылғыш қоспа түзеді. Бензиннің булары адам ағзасына қауіпті. Онымен уланған адамнық басы ауырады, лоқсиды, жөтеледі, көздіқ немесе мүрынның кілегей қабықтары тітіркенеді. Көп уланған жағдайда бас айналып, есінен танады және психикалық взгерістер пайда болады.
Бензинмен жүмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Бензинді арнайы орында, жақсы жабылатын тығынымен металдан жасалган ыдыстарда сақтайды. Бензинді сақтайтын бөлме арнайы желдеткіштермен тазартылып тұруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет