Оқулық құрал Бірінші тарау Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын материалдар туралы түсінік



бет22/25
Дата31.01.2024
өлшемі0.77 Mb.
#490422
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Материаловедение каз

Изокол. Пластмассаны қалыптағанда гипспен пластмассаны айырып түру үшін қолданылатын альгинатты материал. Ол натрий альгинатынан (1,5-2%), қымыздық қышқылды алюминийден (0,02%), формалиннің 40% ерітіндісінен (0,3%), бояудан және судан тұрады. Препарат Харьковтегі медициналық пластмассалар және стоматологиялық материалдар заводында шығарылады.
Силикодент. Силикодент - толтырылған силиконды компа-ундтар. Оның негізін катализатордың әсерінен қатаятын полиметилсилоксан құрайды. Алынбалы протез жасағанда гипстен қалыпты және металл конструкцияларын пластмассамен әшекейлегенде қолданылады. Силикодент, эстетикалық маңызы өте зор пластмассадан жасалынатын протездердің, тістерінін, мойыншаларын және тісаралық бөліктерін анық етіп алу үшін қолданылады.
Препарат сықпадан және екі түрлі сұйық катализатордан түрады. Сықпаның құрамына полиметилсилоксан (39,8%), ақ күйе (25,6%), 95%-әтік этил спирті (28,4%), магний тотығы (6,2) кіреді.
Айырғыш лак АИ-1 ацетондағы ацетилцеллюлозаның ерітіндісі ретінде шығарылады. Еріткіштің тез үшып кетуіне байланысты гкпстік қалыпта жұқа айырғыш қабық қалады.
Протездің металл бөліктерін жабуға арналған лактар. Қүрамы металдан және пластмассадан түратын көпір тектес протездерді дайындау барысында пластмасса ның түсінін, езгермеуі үшін айырғыш материалдар қолданады. Егср айырғыш материалдарды қолданбайтын болса, онда пластмассаның астындағы металл көрініп пластмассанын, түсін өзгертеді. Бүл мақсаттағы қолданылатын айырғыш материалдар металга жабысқақтық көрсетіп, түсін өзгертпей жүқа айырғыш қабат түзуі қажет.
5.7. Цементтер.
Стоматологияда цемснттер пломбалык, материалдар ретінде кеңінсн қолданылады. Әр түрлі алынбайтын протездерді табиғи тістерге фосфатцсмект арқылы бскітеді.
Tic жасау тожірибесінде олар микропротездер, жартылай қаптамалар жасау барысында тіс модельдерін алу үшін
қолданылады. Сұйық цементті гипстен жасалынган модельдерді тістері сынып қалған жағдайда желім ретінде пайдаланады.
Стоматологияда цемеиттердің бірнеше түрлері қолданылады. Олар сұйықтан және ұнтақтан тұрады. Барлық ұнтақтардың негізгі компоненттері әр түрлі элементтердің тотықтары болып табылады (мырыш, магний, кремний, алюминий, фосфор, фтор, темір және басқалары). Сұйықтың негізі ретінде орто-, мета- және парафосфор қышқылдары алынады.
Цементтер қүрамына байланысты фосфатты, силикатты және силикофосфатты цементтер деп үш топқа бөлінеді. Стоматологиялық цементтердің көлемдері қатқан кезде аздап кішірейеді. Цементтердіқ термиялық ұлғаю коэффиценті 8-9*10"* . Ылғалды ортада қасиеттері өзгермейді, әлсіз сілтілердің әрекетіне тұрақты, қышқылдарға тұрақсыздау. Біздің елде кеңінен қолданылатын цементтердін, құрамдары төмендегідей.
Фосфатты цемент - ұнтақтың құрамында 80% мырыш тотыгы және магнийдің, алюминийдің, кальцийдін, және кремнийдің тотықтары бар. Сұйық 57% ортофосфор қышқылынан, 12% алюминий, магний фосфаттарынан және судан тұрады.
Висфат. Фосфатты цементтер табына жатады. Физикалық және химиялық қасиеттері ете жоғары, сондықтан әр түрлі алынбайтын протездерді табиғи тістерге бекіту үшін кеңінен қолданады. Қатаю уақыты 3 минут.
Силикатты цемент. Үнтақ 41% кремний тотыгынан, 30% алюминий тотыгынан жэне магнийдің, кальцийдің, фтордың, фосфордын, тотықтарынан түрады, сұйық 43% орто, мета- және парафосфор қышқылдарынан, 8% мырыш тотыгынан, алюминийден жоне судан тұрады.
Оркодонт және силикодент - силикофосфатты цементтер тобына жатады. Барлық цементтер тіс салу тәжірибесінде кемекші материалдар ретінде қолданылады және оларды араластырғанда сүйықтау етіп дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет