7
5
3 ТАРАУ
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНДЕГІ
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ
ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚОСЫМША ЖҮЙЕЛЕРІ
АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
3.1.1.
Ақпараттық қамтамасыз етудің негізі
ретіндегі деректер қоры
Ақпараттық, бағдарламалық және
математикалық қамтамасыз
етудің құрамына мына элементтерді енгізу қабылданды:
■
талдау және басқару міндеттерін шешудің әдістері мен
моделі;
■
бейнеленетін объектілердің сандық сипаттамасы үшін
қолданылатын
көрсеткіштерді
анықтаудың
математикалық әдістері;
■
АКБЖ тілі, оның қосымша жүйелері
мен сыртқы
кіріктірілген жүйелер;
■
деректерді жинау, дайындау, бақылау, өңдеу, сақтау,
іздеу, беру және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар мен
бағдарламалар.
Файл — сыртқы есте сақтау құрылғыларында орналастырылатын
және өңдеу процесінде біртұтас ретінде
қаралатын жазбалардың
жүйелілігі.
Деректерді бірлесіп пайдалану, қолдағы қосымшалардың барлық
файлдарының
біріктірілгенін ғана емес, сонымен қатар, жаңа
қосымшалар қолданыстағы ДҚ, яғни есептеу жүйесінде
сақталатын
деректердің кейбір алабында құрылуы мүмкін болуын болжамдайды.
Деректер қоры — деректерді сипаттаудың, сақтау мен өңдеудің
жалпы қағидасын көздейтін, белгілі ережелер бойынша бағдарланған
аталған, тұтас, бірыңғай деректер жүйесі.
Деректер қоры серпінді ақпараттық
модель болып табылады,
ондағы пәндік саладағы әрбір объектіге лайық қасиеттер, белгілер,
параметрлердің қатары тән.
Достарыңызбен бөлісу: