Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет62/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

9
2
Модем көмегімен телефон желісі бойынша қосу жүргізілген кезде, 
желінің абоненттері белгілі қолайсыздықтарды басынан кешірді. Тұрақты 
өткізу қабілетіне ие арна айқын лүпіл кезінде трафикті жақсы бере 
алмайды. Мұндай жағдай арна коммутациясымен, соның ішінде 
интегралды қызмет көрсетудің цифрлық желісімен желіні пайдалану 
кезінде сақталады (ISDN). Компьютерлік трафик (2 Мбит/с дейін) 
телефонмен, факс трафигімен, телетекст қызметімен және басқа қызмет 
трафиктерімен қатар берілуі тиіс. 
Желі топологиясының үш базалық схемасын қарастырайық 
(компьютерлерді желіге біріктіру): «ортақ шина», «сақина», «жұлдыз». 
«Ортақ шина» топологиясы (3.7-сур.) барлық компьютер желілері 
қосылған бір кабельді қолдануды болжайжы. Кабель шетіне арнайы 
тығындарды — терминаторды қояды. 
«Сақина» топологиясы (3.8-сур.) деректер бір компьютерден 
екіншісіне эстафета бойынша беріледі. Бұл жағдайда компьютерлер 
кезеңмен бірігеді, бірақ терминаторларға қажеттілік болмайды, өйткені 
кабель тұйық. Алайда кабельдің алшақтығы барлық желінің жұмысының 
тоқтауына алып келеді. 
«Жұлдыз» топологиясы (3.9-сур.) әрбір компьютердің біріктіретін 
құрылғыға жекелеген кабель көмегімен қосылуы болжайды.
3.7-сурет. «Ортақ шина» типті желінің топологиялық схемасы 
3.8-сур. «Сақина» типті желісі топологиясының схемасы 


9
3
Желінің мұндай тополгиясы кезінде кабельдің шығыны алдыңғы екі 
нұсқаларға қарағанда біршама жоғары. Алайда ол үлкен сенімділікті 
қамтамасыз етеді, өйткені бір тізбектің алшақтауы тек қана бір 
компьютермен 
ақпарат 
алмасудың 
бұзылуына 
алып 
келеді. 
Деректермен жұмыс істеу кезінде бірінші орынға сенімділік қойылады, 
сондықтан да мұндай конфигурация үлкен шығындарына қарамастан 
жеткілікті танымал. 
Әртүрлі топологияларды пайдалана отырып орындалған бірнеше 
ЖЕЖ, бірыңғай желіге біріктіруге болады. Әртүрлі құрамдастырылған 
топологиялар қолданылады, мысалы, «шина—жұлдыз» немесе 
«сақина—жұлдыз». 
Ғимарат масштабы (немесе кампус) жергілікті желісінің деректерін 
берудің көлік жүйесін жобалау кезінде белсенді коммуникациялық 
жабдықтың әртүрлі түрлерін қолданады – күрделі иерархиялық 
құрылымға 
біріктірілген 
қайталағыштар, 
концентраторлар, 
коммутаторлар мен бағдарлауыштар (3.10-сур.). 
Алайда, желінің сегменттері мен тораптарын біріктіру анық 
жеткіліксіз, ЖЕЖ тораптарының арасында сенімді және икемді 
кедергілер 
құру 
үшін 
бағдарлауыштарды 
қолдану 
қажет. 
Коммутаторлар жаңа механизмін – технологиясын біріктіру-ажырату 
проблемаларын шешуге, ажыратқыштардың физикалық қайта 
коммутациялауын қолданбастан, басқа бағдарламалық жолға бір 
сегменттен екіншісіне қолданушыларды «ауыстыруға» мүмкіндік 
беретін, виртуалды желілер технологиясын (VirtualLAN, VLAN) немесе 
виртуалды сегменттер технологиясын енгізді. 
Осылайша, коммутаторлар олар пайдаланылған, жергілікті желіні 
ғаламдықпен біріктіру үшін периферияға, желі орталығынан 
бағдарлауыштарды ығыстырды, өйткені коммутатордың бір портына 
есептелген баға/өнімділік көрсетқосымша, берілетін трафикке белсенді 
әсер ету бойынша коммутаторлардың функционалды мүмкіндіктерінің 
бағдарлауыштарына жақындау кезінде әлдеқайда төмен болды. 
3.9-сур. «Жұлдыз» типті желісі топологиясының 
схемасы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет