8
7
өндірушілері тырысатын схемалардың бейнесі болып табылады. Әрбір
сегментте немесе қосалқы желіде желінің
аталған сегментінде жұмыс
істейтін қолданушыларға қажет, өткізу қабілетіне тәуелді екі хаттаманың
біреуі қолданылады.
3.5 сур. Жергілікті желісінің құрылысы кестесі
8
8
Функционалдық-аумақтық белгісі бойынша жіктемені орындай
отырып, желіні үш негізгі түрге бөлу қабылданған:
■
LAN (Lokal Area Network) —
кәсіпорынның, мекеменің, бір
ұйымның
шегіндегі жергілікті желі;
■
MAN (Metropolitan Area Network) — қалалық немесе өңірлік
желі, яғни қаланың, облыстың және т.т. шегіндегі желі;
■
WAN (Wide Area Network) —
мемлекеттің, континенттің,
дүние жүзінің абоненттерін байланыстыратын ауқымды желі.
Ақпараттық жүйелер, мұнда деректерді
беру құралы бір компанияға
(кәсіпорынға) жатады және тек осы компанияның қажеттілігі үшін
қолданылады, оларды кәсіпорын ауқымындағы желілері немесе
корпоративтік желілер (Enterprise Network) деп атау қабылданған.
Өндірістік кәсіпорындардың жұмысын автоматтандыру үшін MAP/TOP
хаттамалары базасындағы жүйелер қолданылады:
■
MAP (Manufacturing Automation Protocol) —
өнімнің барлық
ЖЦ сүйемелдейтін бірыңғай технологиялық тізбек құруға
мүмкіндік беретін кәсіпорындар желісіне арналған хаттама;
■
TOP (Technical and Office Protocol) —
техникалық және
әкімшіліктендіру мекемесін автоматтандыру хаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: