Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет64/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

9
6
арқылы жүзеге асырылады. Көпір әдетте, өзара әрекет етудің 
бірдей хаттамасын, хабар ортасының бірдей үлгісін және 
мекенжайдың бірдей құрылымын қолданатын, екі желі 
арасындағы байланыс ретінде анықталады (3.12-сур.). 
Көпірлер — олардың бір-бірімен деректерді жинау және 
алмастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін өзара әрекет етуге 
мүмкіндік бере отырып, бір-бірімен ЖЕЖ, сондай-ақ ЖЕЖ және 
қашықтатылған жұмыс станцияларын қосатын бағдарламалық-
аппараттық кешендер. 
Орналасқан орны бойынша NETWARE көпірлерінің екі 
базалық үлгісі бар: 

файлдық серверде — ішкі көпір;

жұмыс станциясында — сыртқы көпір, бұл ретте
станция файлдық сервер сияқты қызмет етпейді,
сондықтан да сыртқы көпір ішкіге қарағанда,
деректерді барынша тиімді бере алады.
Көпірлер айқындалған және біріктірілген болып бөлінеді. 
Айқындалған көпір — ол көпір ретінде қолданылатын ӨК
бірақ жұмыс станция ретінде қызмет етеді. Айқындалған көпір 
жұмыс станциясы ретінде қолданылмайтындықтан, ешқандай 
қолданбалы бағдарламалар іркіліске алып келмейді және 
көпірдің жұмысын тоқтатпайды. 
Біріктірілген көпір көпір ретінде де, жұмыс станциясы 
ретінде де біруақытта қызмет ете алады. Біріктірілген көпірді 
қолдану артықшылығы – жабдықты сатып алу шығасыларын 
төмендету. Алайда қолданбалы бағдарламаның жұмысындағы 
іркіліс екі желі арасындағы, сондай-ақ көпір арқылы файлдық 
сервермен байланысқан жұмыс станцияларының жұмыс 
сеанстарын алшақтықты үзеді. 
Корпоративтік желіні салу кезінде кейде телефон арналары 
қолданылады, бірақ мұндай коммутацияланатын желілер сенімді 
емес,
3.12-сур. Көпірді қолданып желіні бөлу схемасы 


9
7
бөлінген байланыс желісін жалға алу өте қымбат, ал мұндай 
арнаның тиімділігі жоғары емес. 
Бұрын бір желіде 4 096 дейінгі виртуалды байланыс 
арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, Х.25 хаттамасын 
қолдануды ұтымды таңдау деп есептеген. Ресей Федерациясының 
жалпыға қолжетімді ғаламдық желілері (SprintNet, Infotel, Pochet 
және басқ.) Х.25 базасында салынды. Одан әрі даму Х.25 — 
Frame Relay, сондай-ақ АТМ үлгісіндегі жаңа хаттамалар. Егерде 
Ethernet және TokenRing тексерілген технологиялар болып 
табылатын болса, онда ATM — салыстырмалы жаңа, бұл ретте 
желіні жобалаушылар елеулі бірретік күрделі салымдардың 
қажеттілігін жақсы түсінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет