Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен


  мүмкін нұсқалары ұсынылды.  Егер алушыда осы зат туралы бар білімдерді тезаурус



Pdf көрінісі
бет13/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

25 
мүмкін нұсқалары ұсынылды. 
Егер алушыда осы зат туралы бар білімдерді тезаурус (яғни, 
сөздердің, ұғымдардың, мәндік байланыстарымен біріктірілген 
объектілер атауларының қандай да бір жиынтығымен) деп аталса, онда 
кейбір хабараламаларда бар ақпараттың саны осы хабарламаның 
әсерімен жеке тезаурустың өзгеру деңгейін бағалауға болады. 
Басқалай айтқанда, алушышем түсетін хабарламалардан қолдануға 
алынатын семантикалық ақпараттың саны осындай ақпаратты 
қабылдау үшін, оның тезаурусының дайындығының деңгейінен 
тәуелді. 
Компьютерленген 
бағалауда 
талап 
етілетін 
жеткілікті 
нысандандыру деңгейі кезінде ақпараттың құныдылығын анықтау 
міндеті әлі шешілмеген деп атап өту керек, бірақ бұл оны келешекте 
шешу мүмкін еместігін білдірмейді.
Деректер мен білімдердің арасындағы шекара қандай? Білім деген 
не? Білімнің негізгі қасиеттері келесідей. 
1.
Білім деректер формасында ұсынылуы мүмкін. Нақтысы,
белгілі бір формальды тілдегі мәтін түрінде, білім элементтерінің 
арасында әр түрлі байланыстарды реттейтін жүйе түрінде. Бұл 
қасиетінен білім дегеніміз арнайы түсіндіруді рұқсат ететін деректерді 
ұйымдастырудың одан да жоғары деңгейі екені көрінеді. (1.3 сурет)
2.
Шешімдер қабылдауды қолдау жүйелерінде және сарапшылық
жүйелерде басқарушы шешімдерді дайындау процесі біліммен 
1.2-сурет. Деректерді ақпарат ретінде пайдалану нұсқалары 


26 
анықталып, жүйенің құралымына тәуелсіз өтеді. 
3. Білімнің рәсімдік бөлігі – бағдарламалар. Дегенмен, бұл
бағдарламаларды пайдалану біліммен басқарылады, соның ішінде 
параметрлерді байланыстыру мен бағдарламаларды іске қосу білімді 
пайдалану процесін іске қосқан кім екенін білмей-ақ, білімді 
пайдаланатын жүйенің ішінде автоматты түрде іске асырылады
4. Білім бөлек фрагменттерден – объектілердің сипаттамасынан,
процестерден, ахуалдар мен құбылыстардан тұрады. Мұндай
фрагменттер (білім модульдері) фреймдер деп аталады. 
Фреймдер бір бірімен тектілік қатынастарымен, мағыналық 
жүйелердің түйіндерімен байланысуы мүмкін.
5. Біліммен жұмыстану барысында прагматикалық жағы маңызды
– білімнің қандай да күрделі құрылысы болса да,ол бір нәрсе
үшін, яғни міндеттерді шешу үшін пайдаланылады.
Білімнің үш түрін бөліп алған жөн: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет