38
ақпараттар ағынының шешіміне байланысты. Осылай заманауи
бірлестіктерді жедел басқару процесінде ғана бірнеше мыңдаған
көрсеткіштері, жүздеген мың еңбек және материалдық нормативтері
бар ақпараттар өңделеді. Бұл ақпарат бірнеше мыңдаған құжаттар
арқылы беріледі.
Адам басқару жүйесінің бірден-бір элементі болып тұрғанда
көрсетілген мақсат басқарушы жұмысшылар
санын арттыру және
олардың едәуір тар қызметке мамандануы есебінен қол жеткізілді.
Дифференциацияланған сайын (саралап жіктелген) күрделене түсті.
Бұл ақпараттық сұраныс режімінде орындалатын ақпаратқа қажетсіну
бөлігіне себепші болды. Қажет емес бастапқы деректерге және
міндеттерді аз күш жұмсап шешу әдістерін таңдау, әрбір пайдаланушы
жасайтын аз ақпараттық бөлімшелердің туындауына апарып соқты.
Сондықтан ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу процестерінде
мәліметтерді бірнеше рет көшіруге тура келді.
Қазіргі кезде басқару жүйесін объективті жетілдіру, оперативтік
басқарудан стратегиялық басқаруға назар аудару қажеттігі туды. Ол
сызба түрінде «ауырлық күшін» АТ-шешім
саласындағы ақпараттық
пирамида шыңына ауыстыру түрінде көрсетілуі мүмкін (1.7-сурет).
Басқару жүйесін интеграциялау мәселесі бірінші жоспарға қойылды.
Міндеті – басқару нысанының жағдайындағы немесе басқарушы
шешімдердегі кез келген өзгерісті тіркеу, ал ол туралы ақпаратты
осыған ұқсас өзгерістер бойынша шешім қабылдап, әрекет жасайтын
адамдарға жедел жеткізу.
АЖ (ИС) пайдаланушыларын топтастырудың мүмкін нұсқалары бар.
Бір жағдайда оларға кәсіпорынның (мекеменің не ұйымның) барлық
қызметкерлері, екінші жағдайда
сәйкес бөлімшелердің басшылары,
үшінші жағдайда кейбір бөлімшелердің барлық қызметкерлері жатады.
1.7-сурет. Басқару жүйесінің әртүрлі деңгейлеріндегі
пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі
39
Пайдаланушыларды топтаудың көрсетілген жолы практикада
қолданылады, алайда ол қанағаттандыратын нәтиже бермейді.
Пайдаланушылар ортасын айқындау кезінде нақты қызметкерлердің
басқарушылық шешімдер қабылдауда қатысу деңгейін, яғни басқару
міндеттерін іске асыру процесінде олардың ақпараттық қажеттілігінің
көлемін өлшемшарт деп есептеу мақсатқа сай.
Әдетте АЖ құрылымы мен құрамы
кәсіпорында қабылданған
басқаруды ұйымдастыру әдістеріне, оның басқару аппаратының
құрылымына байланысты. Соңғысы пайдаланушылар тобының
құрамын, олардың басқарушылық шешімдерді қабылдауда қатысуын
және оларды іске асыру үшін жауапкершілігін айқындайды.
Пайдаланушылар ретінде АЖ тікелей қатысы бар жұмыскерлер
айқындалуы
мүмкін:
программисттер
мен
системотехниктер,
әзірлеушілер, тікелей басқарушылық шешімдерін қабылдайтын
жұмыскерлер, олардың енбегін автоматтандыру үшін
соңғы
пайдаланушылар ретінде АЖ жобаланады.
ААЖ-дағы «
пайдаланушы» терміні ақпарат келіп түсетін немесе
жіберілетін кез-келген бөлініс, не өндіріс процесін жоспарлау бойынша
жұмыстың жұмыс істеп тұруы, олардың барысын есепке алу және
талдау, сондай-ақ жол берілмейтін ауытқулар туындаған кезде оларды
реттеу үшін жауапты нақты адам.
Әрине басқарушылық шешімдерді қабылдаудың әртүрлі деңгейінде
әртүрлі ақпарат қажет (көлемі, ұсталуы және пішіні бойынша). Яғни,
пайдаланушылар дәрежесіне байланысты тиісті ПАҚ айқындалады.
Осыған байланысты талдау және ақпараттық қажеттілікті таңдау
мәселесі АЖ және жалпы ААЖ жобалау кезінде бастылардың бірі
болып табылады.
Толық көлемде ПАҚ айқындау шынайылығынан жинаудың
техникалық құралдарын, деректерді тіркеуді, оларды түрлендіру және
пайдалы ақпарат алудың
технологиялық процестерін, оны пайдалану
әдістері
мен
мерзімдерін,
математикалық
аппаратты
және
автоматтандырылған АЖ (ААЖ) БҚЕ таңдау да толық тәуелді болады.
АЖ және ААЖ жобалау кезінде жалпы елеулі әдістемелік
жаңылысқа жол бермеу керек, онда ақпарат ағымын зерттеу,
деректердің қажетті көлемін айқындау кәсіпорында құжат айналымын
және қолданыстағы құжаттар құрамын зерттеуге негізделеді. Бұл
процестер көп уақыт алады, көп еңбекті қажет етеді және жиі қалаулы
нәтижеге жетпейді.
Мұндай зерттеулерді жүргізу мүмкіндігін жасырмай АЖ
жобалау және құрудың тиімді
әдістемесі ең алдымен нақты
пайдаланушының басқарушылық шешім қабылдауы кезінде
оның рөлі, жауапкершілігі және қызметі сияқты факторларды
40
бақылауға негізделеді. Ол осы функцияларды іске асыру үшін
ПАҚ анықтауға, қажетті ақпарат ағымын және оларды
айқындайтын құжаттарлы регламенттеуге мүмкіндік береді.
ПАҚ құжатқа емес, құжаттан ПАҚ – автоматтандыру
объектісін жоба алды зерттеу сатысында басқарушылық
жұмыстарын бірінші кезекте өткізуді жобалап түсінетін
прагматикалық тәсіл.
Ақпарат қажеттілігін айқындау әртүрлі әдістермен жүзеге
асырылуы мүмкін:
■
жалпы жүйе мақсаты мен функциясын талдай отырып
басқарудың объективті
ақпараттық қажеттіліктерін
айқындау, бұл ретте сыртқы ортаны және зерттелетін
жүйе осы ортада алып отырған сыртқы ортасы мен
жерін зерттеуге аса назара аудару қажет;
■
АЖ жобалайтын негізгі пайдаланушылардың пікірі
бойынша онда шешілуі тиіс міндеттерді, сондай-ақ
олар
жүйеден
алғылары
келетін
ақпараттық
қызметтерді анықтау.
Бірінші әдіс дерексіз және нобайлы, екінші – субъективті,
яғни көбінесе
пайдаланушының дағдысына, біліміне және
интуициясына
байланысты.
Жетекші
қызметкерлерден,
мамандардан және орындаушылардан сұрақ-жауап ала отырып,
бизнес процестерді реинжинирингтеу барысында өткізілетін
басқару міндеттерін
талдау ПАҚ
және
ААЖ басты
сипаттамаларын:
оны
құрылымын,
құрамын,
сондай-ақ
деректерді түрлендіру рәсімін айқындау негізі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: