Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет20/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

Ақпараттық ресурстарды пайдалану, әдетте басқару саласында 
жүзеге асырылады. Оның едәуір маңызды нәтижесіне қабылданатын 
басқару шешімдері жатады. Әртүрлі құраушы ақпараттық ресурстарға 
әртүрлі мерзімге өзектілігін сақтау немесе қолдану мерзімі тән екені 
белгілі. Кәсіпорынды басқару жағдайында болашақта және ағымда 
басқаруға қажет мәліметтердің қолданылу мерзімі едәуір ұзақ, ал 
жедел өндірістік ақпараттардың қолданылу мерзімі қысқа болады. 
Қолдану мерзімі ұзақ мәліметтердің негізгі қормен ұқсастығы көп, ол 
басқару шешімдерін дайындаудың және қабылдаудың әртүрлі 


37 
қызметтік мәселелерінде бірнеше рет қолданылады. Шын мәнінде 
оларды ақпараттық негізгі қор (мысалы, еңбек сыйымдылығы 
нормативтері және ТО әрі ТР жүргізу кезіндегі материалдарды жұмсау 
(шығыны), жолаушылар мен жүктерді жеткізуді орындау нормативтері 
мен технологиялық тәсілдері) деп атауға болады.
Ақпараттық негізгі қор – бұл ресурстар бір жылдан астам уақытта 
жартылай жаңартылатын салыстырмалы мезімді тұрақты мәліметтерді 
көрсетеді.
Осы сияқты аз уақыт аралығында қолданылатын мәліметтер мен 
деректерді (мысалы, тоқсан, бір айдан көп емес) айналымдағы 
ақпараттық қор ретінде қарастыруға болады. Оларға тоқсандық және 
айлық жоспар туралы ақпарат, есептік ақпарат, жиынтық талдау 
тоқсаны және жылдық ақпарат және т.б.) кіреді. Әдетте, айналымдағы 
ақпараттық қор – бұл мәліметтерді өзгерту (түрлендіру) нәтижесінде 
алынатын туынды ақпарат.
Алайда ұзақ уақыт сақтаған кезде және қолданғанда ақпараттық 
ресурстар ескіріп кетеді, сондықтан оларды жаңартып отыру керек. 
Оның мерзімі негізгі өндіріс қызметінің жағдайы мен параметрлері 
арқылы анықталады.
Әртүрлі өндірістік және басқару жүйелерінің жобасын жасаған 
кезде және қызметінде олардың ақпараттық негізгі әрі айналымдағы 
қоры оларды материалдық ресурстармен (шикізат, энергия және т.б.) 
қамтамасыз етумен қатар қарастырылуы керек. Ақпараттық қор 
неғұрлым жақсы қолданылса, өндірістік процес барысы туралы 
мәліметтердегі белгісіздік соғұрлым аз болады, кәсіпорынның 
өндірістік ресурстарын тиімді қолдану мүмкіндігі соғұрлым көп 
болады.
Ақпараттық ресурстарды жасау, сақтау және қолданы құны 
жеткілікті түрде жоғары және жалпы басқару бағасына қосылады. 
Сондықтан оларды қолдану тиімділігі кәсіпорында өндіріс процесін 
басқару екіжақтылығына себепші болады. Басқару сапасы неғұрлым 
жоғары болса, ақпараттық ресурстар соғұрлым тиімді қолданылады. 
Әсіресе негізгі ақпараттық қордың құны жоғары, себебі ВТ 
жағдайында оларды жасауға едәуір мөлшерде қаржы және уақыт 
кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет