Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет27/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

ЖҮЙЕЛЕРІН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІНІҢ 
АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛІНІҢ 
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ 
Тасымалдау процесін тиімді ұйымдастыру және басқару 
үшін тасымалдау процесінің барысы туралы ақпаратты 
уақытылы алу және өңдеу қажет: тасымалданған жүк 
көлемі (жолаушылар саны), ЖҚ бірлігінің жүріп өткен 
жолы, ЖЖМ және қосалқы бөлшектердің шығыны туралы, 
сондай-ақ 
нақты 
уақыт 
режимінде 
жоспарлы 
тапсырмаларды орындаудың жоспарланған уақытынан 
ауытқуын белгілеу.
Басқару объектілерінің моделін олардың уақыттық 
өзара байланысында құру және зерттеуде тасымал 
процесінің үш негізгі іріленген кезеңдерін бөліп шығару 
жөн: бастапқы, ортаңғы және қорытынды. 
Жүйенің кіріс блогі (2.1-сурет) мәні бойынша 
тасымалдауды ұйымдастыру процесінің бастапқы кезеңін 
білдіреді. Тасымалдауды жүргізу процесі тікелей ортаңғы 
кезеңі болады, яғни нақты тасымалдау процесін бейнелейді. 
Шығыс блогі тасымалдау процесінің қорытынды кезеңін 
білдіреді.
Басқару 
жүйесінің 
бар 
моделі 
жобалаудың 
тұжырымдамалық деңгейінде АБЖ дайындау негізі болып 
табылады. Басқару объектісі кәсіпорын болған жағдайда 
(соның 
ішінде 
автокөліктік), 
АКБЖ 
жобасының 
тұжырымдамалық дайындығы туралы айтуға болады. 
Басқару жүйесінің моделін әзірлеу деректерді өңдеудің 
2.1.


4
7
қолданыстағы жүйелерін егжей-тегжейлі зерттеумен және 
қаралатын кәсіпорынның басқару топтарының арасында 
ақпараттық алмасу рәсімдерін кейін нысандандырылған 
түрде сипаттаумен кәсіпорын қызметтерінің өзара әрекет 
ету процестерін зерделеуге және диагностикалық талдауға 
келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет