5
3
2.3-сурет. Автоматтандырылған басқару жүйесінің қосымша жүйелері.
біріктірілген және АБЖ барлық функционалдық ішкі жүйелерде
міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін әдістер кешені болып
табылады.
Жалпыланған вариантта АБЖ жүйе
ретінде құру және
жүргізу өзара әрекеттестіктегі элементтер жиынтығы түрінде
білдіруге болады:
■
автоматтандыру құралдар кешені (АҚК);
■
ұйымдастырушылық – әдістемелік және техникалық
құжаттар;
■
өз кәсіби іс – әрекетінде АБЖ функционалдық
мүмкіндігін қолданатын мамандар (пайдаланушылар).
Автоматтандыру құралдарының кешені — арнайы
өндірістік – техникалық өнім ретінде дайындалған және
ұсынылған
бағдарламалық, техникалық және ақпараттық
қамтамасыз ету компоненттерінің өзара келісілген жиынтығы.
Бағдарламалық қамтамасыз ету —
АБЖ талапты қызмет
етуін жүзеге асырушы жүйелі және қосымша бағдарламалар
жиынтығы.
Ақпараттық қамтамасыз ету — жүйеде
қабылданған
базалық сипаттамаларының сөздігін (жіктеуіштер, тұрпатты
модельдер, автоматтандыру элементтері және т.б.) сипаттайтын
және автоматтандыру объектісінің оның
тіршілік кезеңінің (ТК)
барлық кезеңдерінде ақпараттық моделінің жай-күйі
туралы
5
4
деректерді өзектендірілетін, жүйелі бағдарланған деректердің
жиынтығы.
Техникалық қамтамасыз ету — ақпаратты алуда басқару
әсерін жүзеге асыру құралдары,
алу құралдары, енгізу, көрсету,
деректерді тапсыру және пайдалану құралдарының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: