Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш медицина ғылымының негізін салушы ғалымдар Платон, Гиппократ болжап айтқан болатын. Орыс ғалымы И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863) атты еңбегінде психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Бұл ілімін И.П.Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. И.П.Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлді. - Иван Михайлович Сеченов (1 тамыз 1829 — 2 қараша 1905)
- Иван Петрович Павлов (14 қыркүйек 1849 — 27 ақпан 1936)
Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай рефлекстің бірнеше түрлері бар. - Биологиялық маңызына қарай қоректік, қорғану, бағдарлау рефлексі, т.б.;
- рецепторлардың (сезімтал жүйке ұштары) табиғатына қарай экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік рефлексі;
- нейрондардың орналасуына қарай жұлындық, (сопақша ми), диэнцефалдық (аралық ми) рефлексі болады.
Рефлекстердің түрлері
Рефлекс
Шартсыз
Шартты
Достарыңызбен бөлісу: |