Шартсыз рефлекс — тұрақты, сондықтан ол үйреншікті (адекватты) тітіркендіргішке (тамақ, жарық, жылылық және т.б.) мидағы белгілі рецепторлық алаң арқылы жауап беріп отырады. Шартсыз рефлекс көбінесе туғаннан қалыптасса, ал жыныс рефлекстері кеш пайда болады, И.П. Павлов оларды инстинкті шартсыз рефлекстер деп атаған. Шартсыз рефлекс — тұрақты, сондықтан ол үйреншікті (адекватты) тітіркендіргішке (тамақ, жарық, жылылық және т.б.) мидағы белгілі рецепторлық алаң арқылы жауап беріп отырады. Шартсыз рефлекс көбінесе туғаннан қалыптасса, ал жыныс рефлекстері кеш пайда болады, И.П. Павлов оларды инстинкті шартсыз рефлекстер деп атаған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде ағзаның тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Балалардың шартсыз рефлекстері 2. Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері Талдау арқылы ағза өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін тітіркендіргіштерді жіктеп талдайды. Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді. Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотип (лат. dinamica- қозғалыстың, әрекеттің көптігі; грек.stereo-қатты, tipos-таңба, із) - тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін, яғни белгілі бір жүйеге келтіруді айтады. Динамикалы стереотип - сыртқы және ішкі ортаның көптеген тітіркендіргіштерінің әсерінен биологиялық маңыздыларын таңдап алу үшін қажет. ЖЖӘ сигналдық жүйелері - И.П.Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерлерін «сигналдар» деп атады. Сол сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деді. Сигналдың сигналын қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеу, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі, яғни тіл жүйесі деп атады.
- Ми қыртысында 1-ші сигнал жүйесіне байланысты баланың уақытша нервтік байланыстары туғаннан кейін бірнеше күннен бастап анық қалыптасқаны байқалады. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері нәрестеде 6 айында пайда болады. Сөздің мағынасын нәресте ерте түсіне бастайды, сондықтан оны дамыту үшін нәрестемен сөйлесу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |