«Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» Тақырып Жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің анатомиясы және физиологиясы



бет3/8
Дата12.10.2023
өлшемі431.44 Kb.
#480630
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
ïѬµ¿´ 05

Шартсыз рефлекстер

Шартты рефлекстер

Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан ағзаның әр түріне тән оздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің томенгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми бөлімдері аркылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді.

Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Шартты рефлекстер ағзаны сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді.

Шартты рефлекстердің түрлері

Шартты рефлекстердің түрлері

1. Экстерорецепті шартты рефлекстер сыртқы орта тітіркенулерін қабылдайды. Оған жататындар көздің торлы қабығының, құлақтың, терінің, иіс және дәм сезудің жасушалары.

2. Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде олардың рецепторына әсер ету арқылы пайда болады. Олар ағзаның ішкі ортасындағы өзгерістерді қабылдайды.

3. Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшықеттерін тітіркендіргенде, яғни оның проприорецепторларына әсер еткенде пайда болады. Бұлшықеттердің созылып, жиырылуын қабылдайды, яғни дененің қимыл-қозғалыстарын білдіреді.

И.П.Павлов шартты рефлекстерді зерттей келе миды 2 үрдістен құралатынын анықтады: 1. қозу, 2. тежелу

И.П.Павлов шартты рефлекстерді зерттей келе миды 2 үрдістен құралатынын анықтады: 1. қозу, 2. тежелу

  • Қозудың таралуы бірнеше ағзалар мен жүйелерді қамтып, жайылмалы реакциялар түрінде, ал үрдістің жинақталуы рефлекстік реакция мен оның мақсатының таралуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
  • Тежелу жинақталған және жайылмалы күйінде болады. Қыртысты тежелудің орындалуы барысында, шартты рефлексті өшіретін бірнеше түрі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет