Зерттеудің мақсаты: Жаңа типті мектептерде оқущылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеудің объектісі - қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- «құндылық бағдар» ұғымын теориялық тұрғыдан нақтылау және «оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру» түсінігінің мазмұнын және мәнін ашу.
- жаңа типті мектептерде оқушыларда білімге құндылық бағдарды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық» моделін жасау.
I- ТАРАУ. «БІЛІМГЕ ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАС» - ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Біздің егеменді еліміздің дамуына негіз болатын бір-ақ нәрсе ол оқушылардың білімді, бәсекелестік қабілеті бар, дербес, шығармашыл, өзін-өзі жүзеге асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін жаңа типті мектептердің оқушыларында білімге құндылық бағдарын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Себебі, білімсіз ғылым дамымайды. Ал ғылымсыз ел экономикасы, әлеуметтік жағдайы өркендемейді. Сондықтан бүгінгі еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері- ұлттық және жалпыадамзатты құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Соңғы жылдары философиялық пайымдау жалпы адамзат құндылығын бағалау мен педагогикалық ізденістергс жол ашты. Қазіргі таңда педагогикалық аксиология жайында сұрақ туындауда. Сондықтан, оқушыларды бағалау мен құндылыққа бағдарлау мәселелері дидактикада оқыту жеткіліксіз болып отыр. Құндылық бағдар мәселесімен акспологиялық құндылық, философиялық кұндылық, социология, әлеумет, жалпы психология, философия, мәдениет антропологиясы, педагогикалық психология айналысады.
Енді біз білім ұғымына тоқталатын болсақ, ол-адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларыныц жиынтығы болып табылады. Қазіргі өркениетті қоғамда білім билікпен тұтасып, қоғамды басқарудың құралына айналып отыр.
Сонымен білім дегеніміз қоғамды әлеуметтік мәдени-ғлыми үрдіспсн қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қоғам үшін де жоғары құндылық.
Құндылық - бұл обьектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық ұғымы алғаш рет 19 ғасырдың ортасында пайда болған. Оған алғаш рет философиялық тұрғыдан Р.Ротце мен Г.Коген. Ежелгі философтардың пікірінше, құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланатын сұлулық, қайырымдылық, мейрімділік, сияқты этикалық, эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылық заттың, обьектінің адам үшін маңызды екенін айқындайды. Құндылық пәндік және субьективтік деген екі боліктен тұрады. Құндылық бағдар мәселесімен келесі ғылымдар айналысады: аксиологиялық құндылық, философиялық құндылық, әлеумет, жалпы психология, философия, мәдениет антропологиясы, педагогикалық психология.
«Құндылық бағыттарын терминін алғаш рет АҚШ-қа қоныс аударған поляк шаруаларының өмірлік көзқарастарын зерттеу үшін 20-жылдары У Томас қолданған. Ғалым-педагогтар, құндылық бағдарды қалыптастыруда оқушының тәрбие құралын, даму және жас ерекшеліктерін анықтай отырып, қоршаған ортаның әлеуметтік ерекшелігін де сскерген.
Құндылық бағдарын қараған кезде «құндылық» түсінігін жоғарғы ғылыми деңгейде қарау керек.
Адам қызметінің алуан түрлеріне қарай, құндылық - мейірімділік пен жамандылық, шындық пен жалған, әдемілік пен сүйкімсіздік, істеуге болады және болмайды деген негіздерде бағаланады.
«Құндылық» ұғымының мазмұнынан ғалымдар С. Ф. Анисимов, А. Г. Здравомыслов, М. С. Каган, В. П. Тугаринов, В. А. Ядов және басқалар қоғамдық сананың барлық түрлерінің мынадай белгілерін айқындайды: маңыздылығы, пайдалылығы, қажеттілігі, анық мақсатқа ие болуы.
В. Т. Тугаринов адамдар нені қастерлейді, соның барлығы құндылық деп анықтайды. Ол – зат, табиғат құбылыстары, қоғамдық үрдістер, адамның іс-әрекеттері, мәдени құбылыстары болуы мүмкін.
А. Г. Здравомыслов құндылықтардың әлемін адамдардың рухани іс-әрекеті, рухани байлығы, жалпы айтқанда рухани мәдениеті деп біледі.
Сонымен, ғылыми әдебиеттер сараптамасы құндылықты философияда, социологияда, психологияда, педагогикада қолданады. Оның объектісі мен құбылысын керсетеді. Қажеттілік эталоны болып табылатын құндылықтың пайда болуы бірінші жагынан зат, құбылыс, олардың қасиеті; адам - қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру болса, екінші жағынан қоғам - адам, құбылыс, зат, талғам және таңдау болып табылады.
М.Г. Казакинаның анықтамасы бойынша: «құндылық - бұл сыртқы құбылыс (зат, құбылыс, іс-әрекет), сананың дәлелі (идеал, бейне, ғылыми концепция) құндылық - бұл, біз баға беретін объект».
Міндетті түрде көтеретін келесі мәселе - бұл, құндылықтар жіктемесі. Оның қажеттілігі құндылықтың шекарасын анықтау болып табылады. Осыған сәйкес, әлеуметтанушылар құндылықты бөлудің нормасы мен рстіи қарастырады - құндылық - нормасы, құндылық - идеалы, құндылық -мақсаты, құндылық - көзі және т.б. Зерттеушілер В. Брожик, М. Рокич, А. Ядов құндылықты терминалды және құрал-жабдықты деп бөледі. Біріншісіне құндылық - мақсаты жатады. Екіншісіне құндылық - көзі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |