Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі – сабақтағы мәтінмен жұмыс


ЭГЖ – ол кәсіпорындардың, елді мекендердің, аймақтардың, елдің сыртқы экономикалық-географиялық нысандарға қатысты алғандағы жағдайы



бет2/4
Дата04.10.2022
өлшемі38.64 Kb.
#461942
түріСабақ
1   2   3   4
00141575-80dd5b18 (1)

ЭГЖ – ол кәсіпорындардың, елді мекендердің, аймақтардың, елдің сыртқы экономикалық-географиялық нысандарға қатысты алғандағы жағдайы. ЭГЖ қолайлы және қолайсыз

  • ЭГЖ түрлері:

    а) теңіз маңызы және ішкі континенталдық;
    ә) орталық, түкпірлік және шеткі;
    б) көліктік және нарықтық-географиялық, көршілік
    3. Қазақстанның ЭГЖ-ның ерекшеліктері:
    «минустары» -әлемдік сауда жолдарынан, әлемдік экономикалық орталардан қашықтықта орналасқан; теңізге шығу мүмкіндігі жоқ;
    «плюстері» - транзиттік жағдайы , Ресеймен, Қытаймен шекаралас болуы, Каспий теңізіне шығу жолы бар.
    Мәтінмен істелетін жұмыстардың бірі – анықтама құрастыру, яғни сипаттамалық мәліметтер жинақтау, оған мысал ретінде Қазақстандағы алюминий өндірісі туралы анықтаманы алуға болады.
    Анықтама: Алюминий өндірісі
    Қазақстанның алюминий өндірісі шикізат (боксит) қорыме 50 жылға қамтамасыз етілген. Оны өндіру екі ауданда – Арқалық пен Жоғары тобылда жүргізіледі. Павлодар алюминий зауытында бокситтен глинозем (алюминий оксиді) алынады. Бұл дүние жүзіндегі ірі зауыттардың бірі. Павлодарда алюминий шығаратын зауыт салынуда.
    Оқулық мәтінмен байланысты басқа тәсілдердің ішінде зерттелетін нысанаға сипаттама беру, яғни оның ерекше жақтарының сипаттамасын құрастырудың әдістемелік маңызы бар. Сипаттама үшін кез келген бір экономикалық-географиялық нысанды, мысалы , Жезқазған КМК-н алуға болады.
    Сипаттама: Жезқазған КМК
    Жезқазған КМК –ның мынандай өзіндік ерекшеліктері бар:1)Бұл бір аса ірі салалық кәсіпорын (флагман); 2) бұл – өндірістің барлық сатылары бар комбинат (кен өндіруден прокат алуға дейін) және шикізатты кешенді түрде өңдейтін комбинат; 3) өнімдері – рафинадталған мыс,мыс прокаты (орамасы), сирек кездесетін және қымбат металдар, күкірт қышқылы; 4) негізгі шикізат базасы – Жезқазған кен орны; 5) оның кені металға бай болғандықтан, басқа да кен орындары игерілуде.
    Мәтін+ кесте. Мұндай үйлесім көбінесе мәтінді статистикалық кестенің мәліметтерімен нақтылау үшін қолданылады.
    Мәтін+мәтіндік карта. Мұндай комбинация дұрыс географиялық түсінікті қалыптастыруға және географиялық номенклатурамен жұмыс істеу тәсілдерін қалыптастыруға арналған.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет