Оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары



бет3/4
Дата05.06.2023
өлшемі62.38 Kb.
#474692
түріСабақ
1   2   3   4
Оқушылардың сауаттылығын арттыру

Қандай сөз жасырылған ?
Ү й р к е - үйрек
Ш ұ қ а – ұшақ
Ғ т а с а – сағат
Р а ш - шар
Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізуге болады.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері.

  1. «Адасқан әріптер » ойыны.

Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.
Р, О, Б БОР
П, А, Т, І, К КІТАП
М, А, Л, А, Қ ҚАЛАМ
Р, Е, Т, П, Ә, Д ДӘПТЕР
Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С СЫЗҒЫШ
Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө ӨШІРГІШ
2. Қай әрпім жоқ?
Құр...қ, Сағ..т, Б...қ ...т, ІІІ..л, Б...з, Қ ...з 
3. Түсіп қалған буынды тап.
Ер ..., Дәрі ..., Ал ... , Ор .. , О ... шы.
4. Қандай сөз жетпейді?
Талғат ... оқушы ( әдепті , жақсы , жаман , ұқыпты , салақ , талантты ).
5. «Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз»
1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға.
2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан.
3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.
4.Ұяда, жатыр, жеті, жұмыртқа.
5.Олар, алмады, жұмыртқаны.
7. Өлең жаза білуді үйренейік.
Жүремін бе мен текке?
Барам биыл ......( мектепке)
Қолға қалам .....(аламын )
Суретті де .........( саламын )
Жеріміз ....( байтақ )
( Тәуелсіз) ...... қазақпыз
Еркіндік ....( аңсап)
( Достықты)..... жырлаймыз.
Жайқалып биыл шығыпты
Тігіп ем былтыр ...( шыбықты)
Көкте жарқылдап найзадай
От шашты шатынап...( найзағай)
Орыннан –орынға жылдам ауысқан
Ұшқалақ қара ала ...( сауысқан )
Мұндай өлең жолдарында мағынасы болуын, сонымен бірге ұйқасының үйлесіп келу керектігін түсінеді, ізденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет