ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ
НАУАИ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Физика – математика факультеті
«Жалпы физика » кафедрасы
“ҮЙКЕЛІС КҮШТЕРІ” ТАҚЫРЫБЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ
тақырыбындағы
|
|
ОРЫНДАДЫ: “ФИЗИКА ЖӘНЕ АСТРОНОМИЯ” БАҒЫТЫ БІТІРУШІСІ 4”Б” КУРС ТАЛАПКЕРІ
СЕРМАХАНОВА АРДАҚ МАХАНБЕТИЯРОВНА
_____________________
|
|
|
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:
ОҚ. Б.Т. БИСЕНОВА.
_____________________
|
|
|
|
Науаи - 2012
Жоспар:
I. KIРІСПЕ
I.1. Сабақты дидактикалық материалдар және инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырудың қажеттілігі
I.2. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабақтарында пайдалану
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
II.1. Күш – денені қозғалысқа келтіретін себеп
II.2. Kүштің орындаған жұмысы
II.3. Үйкеліс күші
II.4. ”Үйкеліс күштері” тақырыбын оқыту технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел акпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудін мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды - машықка кол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бугінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық ұйьмдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып табылады.
Мұғалімдерді даярлау - қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жататыны белгілі жайт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік - экономикалық міндеттеріне сай, өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттык моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық – педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптаскан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жуйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттык технологиясын игеру міндетіміз. Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар аткаруы тиіс:
• Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
• Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми - әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
• Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігінде орта білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
• Білім берудің иллюстративтік-түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.
Қазіргі педагогикалық ғылымның бірі ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелер, мұнда әр іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Оқытудың технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдамалары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытып оқуға көшу, оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламалардан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері — оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
I.1. Сабақты дидактикалық материалдар және инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырудың қажеттілігі
«Педагогикалық технология» түсінігі педагогикалық ғылымға ондаған жылдар бұрын жол ашты. Өйткені педагогикада гуманитарлық (педагогикасынан бастап) ғылым ретінде Я.А.Коменский және ежелгі дәуірдің педагогикасынан бастап қалыптасқан тәрбиелеу мен оқытудың әдістерін дидактикалық анықтауы үйреншікті және түсінікті болды. XX ғасырда өзгеше қасиеттер пайда болды. Атап айтсақ ХХ ғасыр басында техниканың қандай да бір саласының дамуына әсер етіп қоймай, оқу үрдісіне де әсер етеді. Ол оқу үрдісіне еніп, өзінің қағидасы мен заңдылықтарына көндіреді. Осылай 50 -жылдары жоғары және орта оқу орындарында түрлі оқытудың технологиялық әдістері пайда болды. Ең бірінші «Омск», «Огонек», «Лингва» тренажерлары және «К-54» техникалық құрылғылары және т.б. болды. Содан кейін кең бағытта ЭЕМ-ге көшті.
60-70 жылдар техникалық оқу құралдарына үлкен сенім артылды. Кейбіреулер оны педагогикалық тұрғыдан шешімі қиын жағдайлардан шығудың бірден-бір жолы деп санады. Уақыт өте бұл техника жағымды, бірақ өсіп келе жатқан ұрпақка білім беруде шешуші фактор емес екенін, оны ұстаздың орнына емес, керекті жерде қолдану қажет деген түсінік пайда болды.
Техниканың оқу үрдісіне енуімен Батыста білім алудың технологиясы жайлы сөз болды және оны техникалық оқу құралдарымен байланыстырылды. Ресейде «білім алу технологиясы» түсінігін «педагогикалық технология» терминіне дейін кеңейтті.
«Технология» сөзі (гректің-өнер, ғылым, деген мағынасын білдірді) шығармашылық үрдістерді өткізу әдістері мен амалдары туралы білімнің жиынтығы. Бұл білімдердің жиынтығын «жүйе» ретінде түсініп көптеген авторлар жұмыстарында оқу үрдісінің технологиясы туралы айтады.
Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық (оқыту) технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен пайдалануда әртүрлілік басым.
«Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы»,- деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген.
Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді (Кларин М.В.).
Технология — оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі (Монахов В.М.)
Технология—диактикалық жүйенің процессуалды бөлігі (ЧошановМ.)
Педагогикалык технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы (Беспалъко.Б.П.).
• Педагогикалық технология дегеніміз жоспарланған оқыту нәтижесіне жету процесінің сипаттамасы (И.П.Волков).
• Педагогикалық технология дегеніміз оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы. (В.П. Беспалько).
• Педагогикалық технология - оқыту процесін өткізудегі, ұйымдастырудағы, жоспарлаудағы мұғалім мен оқушы үшін жағдай жасап, бірдескен педагогикалық қызметінің барлық бүге-шүгесі ойластырылған үлгісі - моделі (В.М.Монахов).
• Педагогикалық технология — оқытудьң, тәрбие құралдарының арнайы жиынын, әдісін, тәсілін, айласын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар бірлестігі, ол педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік құралы (Б.Т. Лихачев).
• Педагогикалық технология - оқыту процесін ұйымдастыру ұйытқыларының тәуелді бірліктегі қызметінің нақты, мазмұндық көрінісі.
Педагогикалық технология оқытудың тиімді жолдары зерттеуші ілім ретінде окытуда қолданылатын қағидалар, реттеушілер, әдістер, жүйесі ретінде, нақты оқыту процесі ретінде кызмет етеді. Оның үш деңгейі бар:
1) Жалпы дидактикалық деңгей (мақсаттар, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістер жиынтығы, субъекті мен объекті қызметінің алгоритмі);
2) Пәндік деңгей (белгілі бір пән, сынып, мұғалімнің оқыту мазмұнын іске асырудың әдістері мен құралдары жиыны ретінде түсініледі);
3) Модульдік (жергілікті) деңгей.
Педагогикалык психологияның берері көп: бірінші - әр шәкірт оқу еңбегіне жұмылдырылады, әрқайсысына лайықталған әр деңгейдегі тапсырмалар жүйесі бар және оған жеке дайындығына бөлінген уақыт бар, екінші — әр шәкірттің ілгерілеуіне жол ашылады, еркін өз пікірін айта алуына, өзара көмек көрсетілуіне жағдай туғызылады, үшінші — оқушының білім деңгейі бағаланатын кесте толтырылып отырады, күнбе-күнгі бакылауға алынады. Жеке оқушының әр деңгейліктегі тапсырмалармен еңбек ету оның білімі мен біліктілігін, дағдысы мен іскерлігін шындайды, әрі қарай білім мазмұнын ірі блоктармен жинақтап логикалы байланыста білім алуға машықтанады. Осылайша өз пайымдауы, пікірі, өз көзқарасы бар жеке тұлға қалыптасады. Осындай әр оқушыға ыңғайланып жасалынған деңгейлік тапсырмалардың нәтижесінде өзіне деген сенімділік пайда болып, сабақта белсенділігі артады.
Педагогик технологиялардың үштүрлі сипатының құрылым жүйесі бар. Олар:
Ғылымилыгы. Оқу жоспарындағы пәндердің ғылыми негіздерінің мұраты, мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсіл, амал жолдары, құралы. Педагогикалық үрдістердің жобасы.
Үрдісті сипаттық. Әр пәннің сабақтың, типіне орай блоктік жүйесінің алгоритмі, тапсырмаларды нәтижеге бағдарлайтын мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, тәсілдері, амалы, жолы.
Үрдісті-әрекеттестік. Педагогик әдіснаманың, құралының жеке тұлғалык белгілерді дамыту бағытындағы атқарылатын ойлау әрекеті.
Біздер педагогикалық технологиялардың ғылым ретінде қалыптасуына осындай сапалык, іс-шараларды қарастырдық. Мұнда ( оқытудың ең ұтымды түрлері зерделеніп, ой елегінен өтіп, ұстаздың нұсқаушылык, ұйымдастырушылық, тапқырлық тәсілдеріне сүйеніп отыру дағдыға айналды. Оқыту жүйесі үнемі үзіліссіздік сабақтастық қағидаларға негізделіп, ірі-ірі блоктардың басын қосып, тұтастықта толық, кең ауқымда тәртіппен қабылдауына мүмкіндіктер жасалды.
Жалпы педагогтік. Белгілі бір оқыту шешімінің білім меңгеру үрдісіндегі тұтастық заңдылығын сақтауға ыңғайлануы. Бұны оқытудың жұйесі дейміз. Осында басқарудың, оқытудың мұраты, мақсаты, міндеті, мазмұны, құралы, әдісі, амалы, жолы айқын далады.
Жеке әдістемелік. Жекелеген пәндердін белгілі бір нысананың толық қабылдануының мақсаты, міндеті, мазмұны, әдіс-құралы, тәсілі, амал - жолы.
Бөліктік (пішін) деңгейі.
Әр технология педагогик үрдістің түрлерін айқындайды, үғымдар қалыптастырады, оны терендетуге бағыттайды. Әсіресе, сабақтың жаңа типін жүзеге асыру үшін атқарылатын жұмыстардың үлгісі, пішіні, құрылысы құрастырылады. Мұның бәрі дерлік әр оқушының қабілетіне сәйкес құрылған тапсырмалардың орындалуы нәтижесінде білік пен өзінің жиған ілімін бакылауға алып өнімді оқу еңбегін ұйымдастыруына ықпалын тигізеді.
Басқару ісіндегі және оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың бәріне ортақ құрылым жуйесі мыналар:
Методологиялық талаптар:
1. Концептуалдық негізінің болуы. Қандай технология болса да философиялық ғылыми тұжырымдарға негізделуі тиіс.
1. Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлык бөліктерінің логикалық байланыста болуы шарт.
3. Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалык болжау жасауға, жоспарлауға, нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі болуы керек.
4. Тиімділігі. Білім беру стандартын қанағаттандыруы тиіс.
5.Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мумкіндіктің болуы.
Педагогикалық технологияның даму көзі мен құрамдас бөліктері болып:
• әлеуметтік өзгеріс және педагогикалык жаңаша ойлау;
• педагогика, психология, қоғамдық ғылымдар;
• отандық, шетелдік тәжірибелер, ескі мен жаңа;
• этнопедагогика болып табылады;
Тұжырымдық негізі:
• оқытудың бүгінгі нарықтық қоғамға лайықты мазмұны — (оқытудың мақсаты) жалқы және жалпы. Оқу материалының нысанасы;
• үрдістік бөлігі - технологиялық үрдіс.
Негізінде, көптеген технологиялардың құрылым-жүйесінің зандылығы ретінде педагогикалық картаны құрастыру тиімді. Бұл — білімді тұтас, тараулардың ірі блоктарға жинақталып, олардың бір-бірімен логикалық байланыста болып келуінің кепілі.
Әр педагогтік технология белгілі бір тәжірибе жинақтау ұты-сында ғылыми тұжырымдардың тірек ұғымдарының қосындысын анықтайды. Пәндердің өзіндік ғылыми негіздері бар. Педагогикалық тұжырымдардың өзі мынандай жіктемелерден, құрамдардан тұрады:
• ғылыми негізі технологияның озық тәжірибе қатарына қосылған ғылыми жүйесін меңгеруге бағыттайды. Мұнда оқьпудың білімі, ғылыми үндестігі қатарынан дамытылады;
• жүйелілік. Педагогикалық технология жүйесінің барлық белгілерін қамту көзделеді:
1.Парасат, бағам үрдісі, оның кіші құрамдарының ішінара байланысы, тұтастық қағидасы. Алдымен макродидактикалық, одан кейін микродидактикалық жүйенің құрылымы.
2. Басқарымдық қуаты. Мақсаттылық мүмкіндікті қарастырады, оқу үрдісін жоспарлауға, жобалауға, диагностика жүргізуге, әр түрлі әдіс-тәсіл, амал - жол жүйесін үнемі кажетіне қарай құбылтып, өзгерістер еңгізіп отыру көзделеді.
3.Ұтымдылық қуаты. Монополия заңдылығына, сұраным мүддесіне сай келіп, өміршеңдігіне кепілдік беру оқытудың мемлекеттік қалып - талаптарынан жоғары басқыштарға, мәреге көтерілу жолдарын, барлық білім көздерінің (мектеп жағдайында) адам өміріне жарауына бағамдалады.
4. Қайтарымдық қуаты. Бүгінгі таңда мектеп өміріне педагогтік технологияның қажеттілігі жайлы әңгіме қозғаудың артық екені даусыз. Өміріміздің бір тынысы болып кеткен педагогикалық технологиялардың оқыту үрдісіндегі жүйесі: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал - жол екенін ұмытпаған жөн.
Педагогикалық технологиялардың ғылыми негізі нысана мен тұлғалық ділді дамытумен анықталады.
Даму ең негізгі, жетекші желінің ауқымында өрбиді, оны былай жіктеуге болады:
- адам баласының ойлау қабілетін ширату, психологиялық қалпын анықтау, тұқым қуалаушылық дәстүрін зерделу іс-әрекеттеріне ұмтылдырады;
- әлеуметтік - рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды;
- өз-өзін дамытудағы психологиялық даралық сипатын аңғаруға ниеттеңдіреді;
- мұратты, іштей ойындағы максатты, т.б. көзге түсе бермейтін тұлғалык сипатын айқындап отыруға ұмтылдырады (жалпы психология, ұлттық психология, парапсихология).
Педагогикалық технология ұғымы — бұл тек технологиялық оқу құралдарын дамыту немесе компьютерлендіру емес, білім беру үрдісінің факторларына талдау. пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді конструктірлеу, бағалау арқылы, білім беру тиімділігін арттыратын ұстанымдар мен зандылықтарды зерттеу деген тұжырымға тоқталамыз.
Жеке тұлға, яғни шығармашылыкка бейім дарынды тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Мақсатты айқындау, ол - сабаққа қойылатын жаңа талап, жаңалық емес. Ал, мақсаттың нақты болуы, нәтижемен тікелей жұптасып жатуы педагогикалық технологияның негізі түйіні. Педагогикалық технология ерекшелігі оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып оқушының өз бетімен мақсатқа жетуінде.
Зер сала қарасақ, оқушының білімді меңгеру деңгейі талдаудан бастап, синтез, баға деңгейлерінде жоғарылай түседі. Егер білім түсінік қолдану, берілген білімді ұғу, меңгеру, пайдалану дәрежесінде ғана болса, өз оқушыларымыздан өндіріп аларымыз аз, яғни оқушы қызметі өнімсіз денгейде қалып қоймак. Ал мақсатты анализ жасау деңгейінде оқушылар да қойылған мәселе төңірегінде ізденіс, талпыныс пайда болып, өз ойларын ортаға сала отырып, өнімді кызмет ету деңгейіне көшу басталады. Сондықтан да оқушылардың өнімсіз немесе өнімді дсңгейлердегі қызметі тікелей оқу үрдісінің ұйымдастырылуына, мақсатты нақты анықтауға байланысты. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейлері В.П.Веспалько, Б.Блум тұжырымдамасында келтірілген танымдық қызмет аймағымен анықталды; (1-сурет).
Осылайша жіктелген білімді меңгерудің төрт сатысы оқушылардың бастапқы оқушы деңгейінен шығармашылық сатысына дейінгі жобасын айқын бейнелейді.
Бірінші сатыда (оқушы деңгейі) мақсат, шарт, әрекет мұғалім арқылы анықталып, оқушы әрекеті негізінен қабылдау, тыңдау. ұғыну қызметімен шектеледі.
Оқушы әрекеті екінші алгоритмдік сатыда мұғалімнің қойған мақсаты, шарты негізінде ұқсас тапсырмаларды орындауда байқалады. Технологияның негізгі ерекшелігі - оқушының өзіндік білімге қолының жетуінде. Бала білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетелеуде проблемалық оқытудың атқарар орны ерекше. Оқушы әр сатыға жеткен уақытта келесі саты тапсырмасының жауабы оқулықпен ғана шектелмей, оларды жетелейтін, іздендіретін ойландыратын тапсырмалар беру арқылы шығармашылыққа, өздік дамуга жетелеу жөн.
В.П.Беспалько оқу материалы меңгерудің деңгейін анықтады. Ал бұл деңгейлерге мотивтің, біліктін, белсенділіктің және білім сапасының сәйкесті деңгейлері дәлме дәл келеді. Оқыту дамыта оқытуға айналады, өйткені мотив, ойлау белсенділігін, білік, білім сапасын арттырады (№1 кесте).
мотив
|
білік
|
белсенділік
|
шығармашылық қызметке деген қажеттілік
|
шығармашылык біліктер
|
шығармашылық деңгейдегі белсенділіік
|
Орнықты қызығушылық
|
ішінара іздену білігі
|
қолдануға бағытталған
белсенділік
|
ситуациялық қызығушыл ы қ
|
өзгерген жағдайда реп-родуктивтік білік
|
қолдануға бағытталған белсеңділік
|
индифференттік
|
қалыпты жағдайдағы репродуктивтік білік
|
пайда бола бастаған белсенділік
|
Дидактика білім жүйесінен енеді. Дидактика - білімнің мазмұнымен, тәсілдермен және құралдармен, оқудың мақсатымен, педагог пен білім алушының іс - әрекеттерімен айналысады. Педагогикалық технология жалпыға мәлім ғылымилық, жүйелілік, оқыту мен тәрбие бірлігі, оқу үрдісінің ұжымдық сипатында оқушынын дербес қабілетін есепке алу сияқты дидактикалық принциптерін пайдалана отырып жұмыстарды атқарады.
Дидактика мен педагогикалық технологияның арасында үлкен айырмашылық бар. Қысқаша айтқанда дидактика дегеніміз — тұтастықтағы білімнің теориясы, педагогикалық технология дегеніміз - білім мен тәрбие беруде нақты мақсатқа жету үшін ғылыми негізделген арнайы ұғымдастырылған оқыту. Бұл жерде жалпы мақсат тек жоғары біліктенген маманды даярлау ғана емес. Оқыту кезеңдері мазмұны, тәсілдері мен құралдары бойынша ғылыми негізделген нақты мақсаттар құрылады, ал түрлі мақсат жаңа талаптарға сай жоғары кәсіптендірілген мамандар қалыптастыруға әкеліп соғады. Оқыту технологиясын құруда ұстаз бен оқушының нақты іс-әрекеті техникалық оқу құралдарын қолданып немесе онсыз болжамданады.
Педагогика да өнер деген ой бар. Бірақ өнер әркімге емес, тек өз ісіне шебер, белгілі бір қабілеті бар адам шамасына шақ. Өкінішке орай, барлық ұстаз педагогикалық шеберлікті меңгермеген, ал педагогикалық технологияны әркім меңгере алады, өйткені «өнер интуицияға, технология ғылымға негізделген». «Білім мен тәрбиенің жақсы ғылыми негізделген технологиясы-педагогикалық шеберлік» деп В.П.Беспальконың айтқанымен келіспеуге болмайды.
Әрбір ұстаз қолданылып отырған технологияға білімгер санына, оның психологиялық қабілетіне, лайықты ғылымның дамуына, ғылыми дайьндығына және уақыт талаптарына байланысты өзінің ғылыми негіздегі түзетулерін енгізуі қажет. Қазіргі уақыт нарық экономика-сында жұмыс істейтін маман даярлауды талап етеді. Оны елемеуге болмайды.
Ұстазды педагогикалық шеберлікке ие болуға, білімгерді өзінің мамандық қызметіне ие болуға әкелетін педагогикалық технологияның өндеу сатылары осындай. Егер оқу технологиясын жалғыз ұстаз кұрса, мақсатқа жету қиынға соғады. Оны өмір бақи өндеуге болады және тоқтау қиын болады.
Ал оқытушылар ұжымына оқу технологиясын құру оңай. Еңді дәстүрлі педагогикада: проблемалық, программаланған, бейімделген, модульдік, іскерлік ойындар сияқты беленді әдістері деп аталатын пәндік емес оқытудың жалпы технологиясын қарастырамыз. Бірақ, бұл оқу әдістері емес, педагогикалық технологияға ғылыми негізделген білімгерлердің танымдық іскерлігін және басқа қабілетін жобалаудағы нақты диагностикалық мақсатқа негізделген педагогикалық технологияға тиесілі оқытудың технологиясы. Олай болса, педагогикалық технология — оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Қазіргі заманда әдебиеттерде білім берудің даму бағыты мен теңденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып жүргені бәрімізге мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдауда В.В.Фирсовтың ұсынған критерийлерін көрсете отырып, олардың технологияларының кейбіреуіне талдау жасайық.
Критерийлер:
1. Тақырыптық бағалау;
2. Саралап оқыту деңгейіндегі бақылау тапсырмаларының ашық мәлім болуы;
3. Қосу әдісі мен бағалау (жалпы сынақ сабағы - бөлек сынақ сабақтардың қосындысы);
4. Міндетті түрде білу керек деңгейін бағалануы (сынақтан өтті, сынақтан өтпеді);
5. Түсінбеген жерлерді жетілдіру (қайта тапсыру емес, косымша тапсыру);
6. Сынақтарды бөлшектеу мүмкіншілігі;
7. Қорытынды бағаның коммулятивтігі (яғни, жылдық алынған бағаның барлық қосындысы);
8. Базалық деңгейден жоғары жасалған жетістіктер үшін бағаны жоғарылату;
9. Алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы т.б. жағдайлары ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін -өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |