Жаңа педагогикалық технологиялар классификациясы. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жаткан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
• білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
• ақпараттық дәстүрлі әдістері — ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс — қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
• баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
• мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбие-сіндегі кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы менгер-гендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу:
• оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсы-нылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы озық технологияларын меңгер-мейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа техно-логияны менгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру дең-гейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен мәдениетінің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Ал қазіргі кезеңде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
«Оқыту технологиясы» термині алғаш рет АКШ-та қолдана бастады. Польшаның белгілі дидакторы У.Куписевич пен Ф.Янушкевич оқыту технологиясы жалпы дидактикалық бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтынын терең түсіну керектігін қолдады.
Оқыту технологиясы — бұл оқытудың тиімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізіңде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламаудың жүйелі тәсілі.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 60-жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылаты әдіс, тәсілдер- оның құрамды бөлігі ғана» (В. Беспалько).
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі - қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмүны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған жақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне еңгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.б.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдык тәсілі, сондай-ак, профессор Ж. Қараевтің окытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұ-мыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық техно-логиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков,Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:
1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту
2. Теориялық білімнің жетекші ролі.
3. Оқу материалын жеделдете оқыту.
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі.
Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымыңда баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан, танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенін басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау ушін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылық бар. Яғни жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы-мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: Оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат — оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, кебінесе, бағыт беру, талқылау және тузету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамьпу технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушы өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
• қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім денгейлерін ескеру;
• әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
• оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
• параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
• мұғалімдердің ыкыласы мен шеберлік деңгейінің болуы.т.б.
Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмеңдегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.
Бастауыш мектеп:
• дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, В.В. Репкин, В.А. Левин);
•дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі(ІІ.М. Эрдниев);
• түсініктерді қабылдау (С.Н. Лысенкова);
• нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;
• іс-әрекетті бағалау (Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков);
• оқулықсыз оқьпу (В.В. Агеев);
• ойын әдістемесі және оны қабылдау;
• М. Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.
Орта буын:
• проблемалық оқыту;
• іздену, зерттеу әдістері;
• топпен оқыту тәсілі (В.К. Дьяченко);
• нәтижелі технологиялар;
• тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В.Ф. Шаталов);
• өзіндік жұмыс әдістері;
• бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);
• оқытудың коммуникативті әдіс (қарым-қатынастык);
• дискуссиялық әдіс;
• дидактикалық ойындар. : Жоғары сыныптар:
• оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;
• өзіндік жұмыстың әдістемесі;
• іздену, зерттеу әдістері;
• нәтижелі технология, жобалау әдісі; |
• даралап (жекеше) оқыту, «мектеп-парк» моделін қабылдау (М.А. Балабан);
• оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;
• «өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы» әдістемесі (ТРИЗ) (Г.С. Альтшулер);
• бағдарламалы оқыту;
• әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойыңдар;
• профильді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;
• тірек конспектісін қолдану;
• диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту;
• модульдік технология;
• семинар-сынақ түрлері;
• өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).
Білім беру саласы қызметкерлердің алдында қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
• Қазіргі кезенде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың негізіне жататындар.
• өрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
• оқушылардың қабілеттері мен шығармашылыктарын арттыру;
• оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологиялар:
• ынтымактық педагогикасы;
• білім беруді ізгілендіру технологиясы;
• проблемалы оқыту технологиясы;
• тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;
• түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы;
• деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
• міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлеп саралап оқыту техноло гиясы;
• модульдік оқыту технологиясы;
• жобалап оқыту технологиясы;
Ынтымақтастық педагогикасы негізгі мақсаты — талап ету педагогикасының қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі. Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері:
• мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім, оқушы — оқушы. Оқушы да субъект, мүғалім да субъект.
• оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас.
• оқушы мен мұғалім арасындағы өзара тусінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш. А.Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
• оқушының белсенділіктерін арттыру;
• оқу материалын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу;
• оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажетгілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов болып табылады. Тірек белгілері арқылы технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:
• білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
• барлық баланы оқыту
• оқытуда жеделдету;
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
• үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі колдану;
• жеке бағдарлы қарым-қатынас, ыкпал;
• ізгілік, еркімен оқыту
• әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуде, табысқа жетуге жағдай жасау:
• оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы — жаңашыл мұғалімдердің бірі, Ресейлік мұғалім С.Н.Лысенкова. Бұл технологиясының негізгі мақсаты - барлық баланы табысты оқыту. Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
• Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі;
• Саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
• Бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін - оза оқыту әдісін қолдану: сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;
• Бірте-бірте толық дербестілікке жету;
• Сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсінетін, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;
• Оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
• Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;
• Білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;
• Түсіндіруді қабылдау.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады. Деңгейлік саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері төмендегідей:• Күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік. алып, өзіне сенімсіздіктен арылады;
• Әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады;
• Білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздан жеңілдейді. Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
• Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушыларүшін міндетгілігі;
• Оқушыларға берілген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;
• Білімнің базалық деңгейі оқытудын жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс;
• Оқушыға оқу деңгейін тандауға ерікберу;
• Оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.
Модулъдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы мақсат — оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкінділігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модульдік окытудын өзегі — оқу модулі. Оқу модулі:
• Ақпараттардың аяқталған блогынан;
• Бағдарламаны табысты мұғалімнің нұсқауларынан;
• Оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік окыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
I.2. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабақтарында пайдалану
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мүғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалыктар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы тиіс. Сондағана мүғалім қызметінің жемісі - оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі куннің көтеріңкі талабына үн қосады. Үздіксіз іздену - бугінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі.
Мүғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді нәтижелі жургізілген әрбір сабақ - ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы. Оқу-тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктері мен жеке жағдайларына байланысты тандап алуы көп әсер етеді.
Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту тәсілдерінің бәрін де еркін меңгеріл, әрбір нақтылы жағдайларға орай солардың ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жыйынтығын түрлендіре үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ. Оқыту әдіс-тәсілдерінің сапалы таңдап алудағы осылайша тусіну оқытуда табысқа жетуге негіз жасап, сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыра түспек.
Өзіміздің көп жылдар бойы жинақтаған тәжірибемізден түйгеніміз, оқушыларға терең білім беру үшін мына төмендегідей қағидаларды есте сактаған жөн.
Біріншіден: мүғалім өзі дәріс беретін пәнді жетік терең меңгеріп, оны оқушыларға жай қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра ғылыми тұрғыда бере білуі қажет.
Екіншіден: Мүғалім оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жеке бастарының психологиясының (жан-дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі абзал.
Үшіншіден: Мұғалім әр оқушы басына, бүкіл сыныпқа қатаң талап қоя білуі керек.
Төртіншіден: Мүғалім өзінің сабағында ғылым мен педагогика саласындағы жаналықтарды үнемі пайдаланғаны жөн.
Бесіншіден; Мүмкіндігінше, кейбір улкен тақырыптарды топтан жеке блоктар турінде топтастыра білгені абзал.
Алтыншыдан: Оқушылардың ұзак уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабакты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша бере алғаныжөн.
Жетіншіден: Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отыруы керек. Мұнда әсіресе төмендегідей оқушылардың білімдерін тексеру әдістерін колданған жөн.
1) тестік жүйе бойынша
2) өзін-өзі тексеруі
3) көршісін тексеруі және т.б.
Сегізіншіден: Сабақта халық педагогикасы элементтерін пайдалану
а) физика сабағында халық мақал-мәтелдерінің нақыл сөздерінің мағынасын ашу.
б) физика сабағында халық ертегілерінің, аңыз-әнгімелерінің, өлең-жырларынан үзінділер келтіріп, олардың мағынасын тусіндіру.
в) физика сабағында әр түрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп, сөзжүмбақ, бейнесөз құрастыру.
Тоғызыншыдан: Сабақта оқушыларды таң қалдырып, себебін білгілері келетін әр түрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы көрсеткен жөн.
Оныншыдан: Ең бастысы әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі керек.
Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі беретін сабақ бүгінгі берген сабақтан жақсы болуы тиіс.
Жалпы физика сабақтарын мынадай 4 топқа бөлуге болады:
1. Жаңа такырыпты меңгеру сабағы
2. Жаңа тақырыпты бекіту сабағы
3. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білуге үйрететін сабақтар
4. Тақырыпты қайталау-пысықтау сабағы.
Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Әрбір жаңа тақырыпты бергенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін шығардық. Сондай-ақ, физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін де құрастырдық.
Негізгі зандылықты тірек белгілері арқылы беру оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады.
Физикалық зандылықтар мен құбылыстардың мәнін ашу үшін және оқушылардың осы зандылықтардың өмірде дұрыс пайдалана білулері үшін жаңа тақырыпты тірек конспектісімен бергенде, I тірек конспектісінде 2-3 тақырыпты біріктіріп топтап, блок түрінде берген қолайлы.
Тірек конспектілері мен белгілері:
І. Оқушыларды жинақтылыққа, көркемділікке баулаушы.
2. Оқушыларды есте сақтау қабілетін арттырады.
3. Оқушылардың сабаққа дайындалу мүмкіндіктерін арттырады.
4. Мұғалімнің есептер шығаруға немесе тақырыпты бекітуге уақытын арттырады.
5. Оқушылардың білімін бағалауға кең мумкіндік туғызады.
6. Оқушы мен мүғалім арасындағы байланысты нығайтады.
7. Оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, оларды шығармашылыққа баулайды.
Жаңа сабақты бекіту сабағы
Жаңа сабақты меңгеру сабақтарында көбіне сандық және сапалық есептер шығаруға, әр түрлі қызықты тәжірибелер мен магиялық физикалық фокустарды көрсетіп, балалардың ой-өрісінің дамуына, олардың шығармашылығының өсуіне бағыт береміз.
Әсіресе сапалық есептерді шығарғанда халың даналығының қанатты нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін физика тұрғысынан түсіндіруге тырысамыз. Көбіне сабақта
1) «Алдар Көсе бізде қонақта»
2) «Жиренше ата не дейді?»
3) «Кім жүйрік?»
4) «Кім тапқыр?»
5)«Физика үйде»
6) «Физика көктемгі кұбылыстарда»
7) «Төрелігін айтыңыз»
8) «Физика өлеңмен»
9) «Суретті физика»
10)«Қызықты физика» деген сияқты атгармен балаларды сапалық есептердің мағынасын дұрыс түсініп, табиғаттағы құбылыстардың мән-мағынасын дұрыс аша білуге үйретеміз.
8-сыныпта «Жылу өткізгіштік» тақырыбына сапалық, шығарыла-тын есептердің барлығын түптеп «Алдар Көсе бізде қонақта» деген рубрикасымен өткіземіз.
Оқушыларға мынадай сауал койдық:
Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шық бермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді.
Алдар Көсе ұзақ әңгіме айтып, көп отырып қалады да, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып жатып былай дейді:
- Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмдірек, сондықтан да бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім. Дәмнен ауыз тиіңіздер.
Сонда көпті көрген қу Алдар былай деп жауап қайтарады:
- Жоқ, қарындасым, сіз қателесесіз. Темір ыдыста бауырсақ тез суыйды, ал бауырсақ тез суымасын десеңіз, бауырсақты ағаштан өріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн болар еді.
Енді оқушыларға мынадай сұрақ қойдық.
Сұрақ: Алдардың дастархан басында берген кеңесі дұрыс па?
Оқушылар ойланып, әр айтылған нәрселерді ой-елегінен өткізіп, Алдардың берген кеңесінің дұрыстығын физика тұрғысынан да дәлелдейді. Өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі металдікінен-темірдікінен аз екендіктерін айтады.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беруді ойластырамыз. Мұндай тапсырмалар балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физиканың заңдылықтарының өмірде кеңінен қолданылатынын тағы ұғындырады.
Кейде ақын-жыраулардың өлеңдерін оқытып, онда ақын табиғат құбылыстарды қалай жырлағанын айтып кетеміз.
Мысалы: 8-сыныпта «Заттардың агрегаттық күйлері» тақырыбын өткенде «Физиха Абай тілімен» деген атпен сабақта Абайдың «Кыс» өлеңінен үзінді оқимыз
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды.
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Абай
Оқушыларға мынандай сұрақтар қоямыз:
1. Абайдың «Қыс» өлеңіндегі, осы шумақтардағы физикалық құбылыстарды айтыңдар?
2. Неліктен қыстыгуні қарды басқанда сықырлаған дыбыс естіледі?
Оқушылар бұл өлеңде табиғи қысқы құбылыс — қыраудың пайда болатындығын айтып, ақ ұлпа қарды аяқпен басқанда кысым күші әсерінен қардың көптеген ақ ұлпа кристалдары қабықшаларының сынатындығын түсіндіреді.
8-сыныпта «Жылулық құбылыстар» тақырыбын өткенде сапалық есептерді шығару сабағының тақырыбын - «Жамбыл ата бізде қонақта» деп алдық. Мұнда Жамбылдың жылулық құбылыстарды сипаттайтын өлеңдерін балаларға оқытып, олардың мағынасын ашып, дұрыс түсіне білуге үйреттік.
Достарыңызбен бөлісу: |