Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет12/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84
qazrg adebi protsess

«Күзде гүлдеу… Бұл қалай?» 
Қуқыл тартты қия бет. 
Мең-зең болып тұр тоғай, 
«Мезгiлсiздеу, иә» деп. 
Айналайын, елеме, 
Айта берсiн ел өкпе. 
Күз келдi деп немене, 
Қурай кету керек пе? 
 
Жинаққа ақынның «Бердәулет пен Жоламан», «Сарыөзек», «Бiз Гагарин 
қаласынанбыз» атты үш поэмасы енген. 
Ақынның «Бердәулет пен Жоламан» атты кесектi поэмасы 
Маңғыстаудағы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң бiр үзiк көрiнiсiн қамтиды.Кеңестiк 
кезеңде хатқа түскенiне қарамастан шығарманың iшкi мазмұны жалаң айқай, 
жат ұраннан аулақ. Саясат салқыны соңғысөз (эпилог) орнына берiлген бiрер 
бет түйiндеуде аңғарылса, мұның өзi тарихи оқиғаны арқау ете отырып, сол 
дәуiр адамдарының сенген шындығын боямасыз бейнелеуден туған. 
Шығармада автор стилiне тән ерекшелiктер – оқиғалардың шынайы себебiне 
үңiлу, әрбiр кейiпкер характерiн өзiне ғана тән қырынан ашуға тырысу, 
туындыға негiз етiп алынған мезгiл мен мекендi, тарихи тұлғаларға қатысты 
мәлiметтердi жете зерттеп барып, көркем шындыққа көшiру дағдылары 
айқындала түскен. Ақынның аталмыш поэманы даралап тұратын басты 
стильдiк қолданысы ретiнде интертекст – аралық мәтiндердi ұтымды 
пайдалану шеберлiгiн айтуға болады. Бұл орайда ақынның алғашқы 
жүгiнгенi – халықтық қара өлең. Қалыпты қара өлең мәтiндерiн поэманың кез 
келген тұсынан кездестiруге болады, олар кейде тұтастай шумақтар күйiнде 
келсе, кейде қос тармағы ғана алынып, ақын тарапынан еркiн 
жалғастырылды. Тағы бiр тұстарда автор халық ақынын (Қалнияз ақын) 
лирикалық кейiпкер ретiнде сөйлете отырып, оның өз өлеңдерiне кезек 
бередi. Ендi бiрде автр толғаныстары Ақтан Керейұлының «Ерлiк жыры» 
секiлдi танымал туындылармен де сабақтаса өрiлiп жатады. «Өлi айрылдым 
бөбектен, тiрi айрылдым» деп зар төккен махаббат мұңлығы - Қайыптың әнi 
де поэмада кетiгiн тауып, қиюласа кеткен. Айтылмыш аралық мәтiндердiң 
автор өлеңдерiмен жiксiз жалғасып, еркiн үйлесiм табуы, стильдiк ала-
құлалықтың, айрым белгiлерiнiң мүлде дерлiк байқалмауы ақын өлеңдерiнiң 
халықтық поэзиямен тереңнен тамырласып, бар болмысымен бiте қайнасып 
жатқанын аңғартады. «Бердәулет пен Жоламанда», сондай-ақ, «халық 
жоқтауы негiзiнде жазылған өлең» (автордың өз анықтамасы) де бар, ал 
көптеген шумақтар алғаусыз ақтарылып жататын жыраулық поэзияны еске 
салады.
Поэмадағы ендiгi бiр ерекшелiк – бiр ұйқастың бiрнеше шумақ бойына 
үзiлiссiз жалғасып жататыны дер едiк. Ақын құйылып түскен ұйқасты қолдан 
тежемей, қазақы қара өлеңнiң мүмкiндiгiн тағы бiр қырынан танытып, еркiн 


23 
пайдаланып отырған. Қазақ өлеңi ежелден ұйқасқа бай. Халық поэзиясынан 
елеулi орын алатын қайым өлеңдер, сүре айтыс пен түре айтыс, жырдағы 
шұбыртпалы ұйқас – осының барлығы төл әдебиетiмiздегi өлең ұйқасының , 
әсiресе, етiстiктi ұйқастың аса бай әрi көне екендiгiнiң кепiлi. Дегенмен 
қазiргi ақындардың қарабайыр болып көрiнуден тартынып, жалғаспалы 
ұйқастан саналы түрде қашқақтайтыны аңгарылады. Есенғали Раушанов 
поэзиясында аталмыш әдiстiң қалыпты түрде қабылданып, қажеттi тұста 
қолданылуы ақынның «көркемдiктiң басты бiр шарты - қарапайымдылық» 
екенiн ескерумен болмысына бiткен табиғилықтың көркемдiк әлемiнде 
көрiнiс табуынан туындаса керек.
«Сарыөзек» - төл әдебиетiмiздегi тарихи тақырыпқа жазылған 
шығармаларының iшiнде елеулi орын алатын дара бiтiмдi поэма. Әр өлеңiне 
алғашқы және соңғы туындысындай жауапкершiлiкпен әрi сүйiспеншiлiкпен 
қарайтын ақын бұл поэмада да таптаурын соқпақты шиырлаудан аулақ. 
Шеберлiгi шыңдалып үлгерген автор көркем параллельдердi еркiн 
қиюластыра бiледi. Тарих қойнауында қалған кезеңдерде сармат ауылдарына 
Батразд салған қанды қырғыннан пайда болған қара оба осы сұмдықты 
түсiнде көрiп жатып, оянып кетедi. Оның үстiмен даланың дара 
перзенттерiне жасалатын келесi қастандықтың құрбаны – Салық Бабажанұлы 
келе жатады. Батразд пен сармат көсемiнiң арасындағы диалог генерал-
губернатор Крыжановский мен сотник Салықтың сұхбатының көне күндерде 
қалған сiлемi iспеттi әсер қалдырады. «Бiздiң дала ашылып келгенге – алақан, 
жұмылып келгенге – жұдырық… Арам ниеттiлер менiң жерiмнен өтпейдi» - 
кешегi сармат көсемiнiң сөзi – бүгiнгi Салықтың да ой-түйiнi. Қара құрым 
сармат ауылын қырып сап, қара қорым - қара обаға айналдырған Батраздың 
қылмысы ашылмасына кепiлдiк болар демеуi – «бұлардың салтында моланы 
ашуға да, жаңғыртуға да болмайды». «Қазақта қарғыс атқыр тағы бiр ұд, 
Қағынып туған екен жатырынан» деп тiсiн қайрап жүрiп, Салықты у берiп 
өлтiрткен генерал-губернатордың адьютанты да: «Өлiктi тексерту де, қайта 
ашу да, бұл елдiң салтында жоқ» дейдi миығынан күлiп… Сарыөзен 
арнасынан асып, буырқана тасығанда қара оба опырылып құлап, 
жалаңаштанған сармат сүйектерi Батразд қырғынының тарихи құпиясын 
ашты. Салық өлiмiнiң сыры «Сарыөзен» поэмасы арқылы ашылады… 
Орынды әрi тың детальдар – бақсы ойыны мен тас мүсiн хикаясы 
поэманы мазмұндық тұрғыдан байытып қана қоймайды, бас қаһарман 
бейнесiн тұлғаландыра түсуге, кейiпкерлер характерiн жан-жақты ашуға 
қызмет етедi. Сайын даланың сенiмi, сыйынғаны мен сүйенгенi – 
бақсылықты болмысы жаттана бастаған Салыққожа «гипноз», «шамандық» 
деп қабылдайды. «Әрi ғалым, әрi нағыз ғарiп ер, Аша алмады өз қолымен 
түндiгiн»: сана сергелдеңiне түсiп, қара тастан құпия iздеген ол тас мүсiндi 
география қоғамына жөнелтедi: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет