Поэмасы • «Бәйтерек»



Pdf көрінісі
Дата18.04.2023
өлшемі267.19 Kb.
#472361
түріПоэма
9- сынып 17.04.23 тапсырмалар



Тақырыбы: Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы 
• 
«Бәйтерек» поэмасы бойынша сұрақтарға жауап береді;
• 
«Бәйтерек» поэмасы бойынша эссе жазады
• 
Өз көзқарасымен поэманы талдайды; 
Оқылым, айтылым
1-тапсырма
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.
Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» атты поэмасы бар. Елдің тәуелсіздігі ғасырлар бойы 
бабалардың аңсаған арманы болады. Ақын бұл төлтума шығармасында халықтың арманы 
орындалып, тәуелсіздік алғанын жырлайды. Жаңа сәулетті астананың салынғанын айтады. 
Халық «Бәйтеректі» елорданың символы ретінде ұлықтайды. Ал Н.Айтұлы «Бәйтеректі» 
елорданың ғана емес, текті Қазақ елінің тәуелсіздігін білдіретін рәмізі, түпқазық мұнарасы 
ретінде сипаттайды. Ақын әріптестері оны «Бостандық жырының боз жорғасы» деп 
атайды. 
Н.Айтұлының бірнеше өлеңіне ән жазылған. Оның «Ән домбыра», «Сарыарқа», «Дәурен-
ай», «Арман», «Дариға, дәурен», «Қазақтай ел қайда?» деген әндерін халық сүйіп 
тыңдайды. 
1. Н.Айтұлының қандай төлтумасы туралы сөз болған? 
2. Бұл төлтумада ақын нені жырлаған? 
3. Сен ел тәуелсіздігінің символы ретінде тағы нені ұлықтар едің? 
4. Қалай ойлайсың, қазір сенің құрдастарың, отандастарың нені армандайды? 
2-тапсырма 
 
https://youtu.be/BecSADiLnAQ
  «Қазақтай ел қайда?» әнінің сілтемесі 
Қазақтай ел қайда? 
Қазақтай ел қайда? 
1.Көңілі көлдей шалқыған
Қазақтай ел қайда
Даласы жусан аңқыған
Өзіңдей жер қайда, Киелім
Таусылмас саған айтарым
Ардақтап өтейін.
Бабадан қалған байтағым


Садағаң кетейін, Киелім
Қайырмасы
Күлімдеп жатқан көлден
Көк орай шалғын белден
Құбыла соққан желден, Айналайын
Тілегін тәңір берген
Қасиет қонған елден
Ел үшін туған ерден, Айналайын
2.Болмасаң өзің айбарым
Мұратқа жетер ме ең
Түспесін төмен байрағың
Төбеңе көтерген, Киелім
Ғасырлап күткен арманға
Тербеген асқақ ән
Ұлыңа Алла жар болғай
Елімді бастаған Киелім
Қайырмасы -2рет
Өлең не туалы екенін айтыңыз
Айтылым 
3-тапсырма. 
Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орында.
1. «Бәйтеректі»тақырып етіп алудағы ақынның мақсаты қандай? 
2. Қазақ халқының өткен өмірі поэмада қалай көрініс тапқан? 
3. Поэмадағы Елбасы бейнесін суреттеп айт. 
Жазылым.
4-тапсырма.
Реті
Бөлім атауы
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның байланысуы


Оқиғаның дамуы
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шешімі
Қорытынды
Поэмаға сюжеттік талдау жасаңыз
 
5-тапсырма. 
Берілген сөздерді пайдаланып, бірнеше сөйлем құрастыр.
Қауіп, мағлұмат, бақуатты, мәңгілік, лаңкес, кедендік, өміршең, абзал, аңсау, тектң, 
түпқазық, ұлықтау, төлтума. 
6-тапсырма.
Ақынның стиліне сүйене отырып, «Тұғырлы тәуелсіздік» тақырыбында 5 жолды өлең 
жазу.
7-тапсырма Тест тапсырмасын орындаңыз
Мысалы тек
1 А деген секілді белгілеңіз . 


 
 
Үйге тапсырма:
1. «Тәуелсіз елдің болашағымын» тақырыбына эссе жаз. 
Кері байланыс
Білдім
Білемін
Білгім келеді


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет