Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет7/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84
qazrg adebi protsess

Сөйтсе де ұнатамын бәрi бiтiп, 
Таптырмай жалғыз сөзi жатқан жырды. 
Сырымды әлденеше ай тыңдаған, 
Сыры да боп көрiнген айқын маған. 
Әлгi өлең аяулы осы ғашығымдай, 
Жалғыз сөз «Сүйем» дейтiн айтылмаған. 
Шындығында ақынның қай жайды не көрiнiстi межеге алмасын, соған 
өзiнiң бүкiл ынтызар пейiлiмен қулайтынын бiлдiредi. Өйткенi ақын бойында 
оған деген сүйiспеншiлiк махаббаты бар. Және онсыз жыр да болмайтыны 
ақиқат. Олай болса. Бұл жағын да берiк ұстанған.
Жалпы ақынның әу дегендегi пiрiнiң бастауы өзiн дүниеге әкелген ата-
анасы болса, одан кейiн барып айнала танымның құдыретiне бөленетiнi 
ақиқат. Қашан да әке арманымен бiрге жасаған Оразақын, сол «Туған жердiң 
картасын» өзiнiң iшкi табиғатымен, сыртқы жаратылысымен жыр өрнегiне 
түсiруден жалықпаған жан. Осыған орай әр қилы тақырыптарды қаншалықты 
қамтыса да ой-жүйесiнiң темiрқазығындай әке арманы айналып толықтыра 
түседi. «Туған жер» деген өлеңiнде: 
Көз тастасаң дала сен,
Әр төбесi – тарих, 
Көркемдiкке тау да ие.
Әр адамы – шежiре. 
Әр сайы – бiр арасан,
 
Осы болар жерұйық, 
Әр ағашы - әулие.
 
Түспеген Асан көзiне, -
деп тағы бiр соғады. Әр оралып соққан сайын, жырдың жаңа бiр тұсынан 
өзiн көрсетiп жататын ақынның ешуақытта айтары таусылмақ емес. Олай 
болса, ақынның барша жырын жинақтап бiр тұжырымға келер болсақ, 
бiрiншiден. қарапайым қара шаруа әкесiнiң үкiлеген үмiтiндей арманын 
алғаусыз ақтап шыққан ақын кiм десек, соның бiрi Оразақын деймiз. Сол әке 
үмiтiн өзiне қасиеттi қағида етiп, жазған жырларының өзiнiң туған халқының 


13 
ойынан шығып жатқандығы соның кепiлi. Екiншiден,ақынның қасiрет-қайғы, 
жамандық атаулыға назар салмай бiрыңғай жақсылық өресiне қанат жайып 
жазған жырларының жемiсi бүгiнгi күнi өзiн де үлкен абыроймен жетпiс екi 
деген асуға шаршатпай, шалықтырмай әкелiп отыр. Мұның өзi үлкен абырой. 
Оның үстiне өз ұлтының құдыреттi қуатындай қазынасы - қабырғалы қара 
өлеңнiң жүйесiн келтiрiп, жүйкесiн бекiткен еңбегi де өз алдына жатқан 
үлкен еңбек. Сол адамдарды шүкiрлiк тобаға шақыратын қара өлең қасиетi 
болар, ақын әр кезде қанағат жырдың қанатынан нәр алады.
Кей ақындар өз заманындағы өмiрдiң тұтқасын ұстап отырған 
төрдегiлермен арыстандай арпалысып өтедi, ендi бiрi сол тақсырлармен 
әмпайласып, көңiлiнен шығып, тiлiн табумен болады. Қазақстанның халық 
жазушысы Тұманбай Молдағалиев туралы сөз қозғасақ, ол сол аталған екi 
сарынға да жатпайды. Қай сатся жүйе жайласа да, сағасы толы, суы мол, 
жағасы бай қалпында ағып жатқан дариядай өзiнiң сабырлы да қажырлы, 
инабатты мiнезiмен ақындық парызын өз ұстанған бағытында ақтай бередi. 
Дариядан Тұманбайдың бiр өзгешелiгi – ол ескi сарынын қайталамайды, 
уақыт өзгерген сайын, заман жаңарған сайын құлшына түсiп жаңа нысана 
жолында емiн-еркiн шабыттана бередi. Ақын: 
«Өмiрдiң жақсы бүгiнi . 
 
Ескi өшсе, жанар жаңа бар. 
 
Адастырмаңдар iнiнi, 
 
Алдымда жүрген ағалар»

десе аз сөзге жүгi ауыр мән, мағына сыйғызған. «Қырық жыл жұмақтан бiр 
күндiк өмiр артық» дегендей ақын кiмге де болса бүгiнгiнiң жақсылығын 
уағыздайды. 
Тынымсыз еңбегi мен сарқылмас шабыты, азаматтық iзгi арманы, 
мейiрбан мiнезiнiң арқасында ол өз елiнiң ең сүйiктi ақындарының бiрегейi 
болып отыр.
«Бәрiне болдым төзiмдi, 
 
Төзiмсiз болсаң төнер бұлт. 
 
Кешегi айтқан сөзiңдi, 
 
Бүгiн де айтсаң со қорлық» 
 
десе, «Төзiмсiз болсаң төнер бұлт» -деп ұлағатты ұлы сөзге жеткенiн 
аңғартады. Ол бұл ой түйiнiнен өзi шеккен өмiрдiң өзегiнен өрледi. Жас 
кезiнен бастап бүгiнгi үлкен ақынымыздың бойында мөлдiр мақсат, қанатты 
арман ұялады. Тұманбайдың iшкi қуат-күшi өжеттiк пен табиғи тамаша 
дарынынан, төзiмтал мiнезiнен сусындады, сонымен бiрге алдына анық 
мақсат қойып, сол нұрлы жолдан тайдырмады.
Әкесi Отан соғысына қатысып қайта оралмаған, жалғыз шешесiмен 
жетiм қалып, өмiр тақсыретiн талай тартса да Тұманбай Молдағалиевтiң 
алғашқы өлеңдерiнен-ақ шуақты сезiм, жарқын ой аңғарылады. Жастық сезiм 
оны қараңғыдан жарыққа жетелегендей, айналасындағы адамдарға деген 
жүрек лүпiлiнен жаймашуақ күн сәулесiн көретiнбiз. 
Ай қарады көгiлдiр көл бетiне, 
Қыз қарады көлдегi келбетiне.


14 
Қосылдыда қос сәуле құшақтасты 
Мөлдiр толқын төсiнде тербетiле, - 
деп бастаған Тұманбай жарты ғасырдан берi өмiрдегi сұлулықты, адамдар 
арасындағы жарастықты жырлап келедi.
Дүниеде табиғаттан асқан сұлулық жоқ. Тұманбайдың өсiп - өнген 
өлкесi – «Жер жаннаты - Жетiсу». Жиырмасыншы ғасырдың бiрiншi 
жартысында Жетiсуды дүлдүл ақын Iлияс Жансүгiров шалқи жырласа, 
жиырмасыншы ғасырдың екiншi жартысынан бастап жайсаң ақын Тұманбай 
Молдағалиев туған жерiн тебiрене толқи суреттеумен келедi. «Тау баласы 
тауға қарап өседi» деп өзi айтқандай, ақ шыңын ай жұлдыздар аймалаған 
Алатау – ақын шабытының ақ айдынына айналды: 
Тауға шықтым, алғаш ұқтым биiктiктiң не екенiн,
Жұлдыздардың тұр қасында менiң туған мекенiм!
Өз тауымда арманымды күнде тауып жетемiн, 
Осы тауда ұға түстiм ұлылықтың не екенiн. 
Алатаудан алыс кетсем қайта жету – арманым, 
Қайда жүрсем өмiрiмдi Алатауға жалғадым. 
Алатаудан алыс кетсем, түсiмде де тау көрем, 
Алатауды ұнатпаған жұрттың бәрiн жау көрем. 
Алатауға барған болсаң, аға үйiне барғаның, 
Мәз болады ол жолымызға құрбан етiп бар малын. 
Алатауым көрiнбесе, онда мен де көр соқыр, 
Тауды сүйген ұлан болсаң, онда маған көршi отыр… 
Асқақ Алатау ақын үшiн Жетiсу өлкесiнiң алтын алқасы ғана емес, 
адамгершiлiктiң, тазалықтың, мәрттiктiң бейнесi. Табиғатқа таңырқау бар да 
оны жүрек лүпiлiмен тану бар.
Ақынның ой-қиялы өз Алатауын ғана айналып жүрмейдi, Алтайдың 
асыл аймағын да, Сарыарқаның сар даласын да, Жайық толқындарын да 
жағалап кетедi. Онда да сырттай тамашалау, мағынасыз тамсану жоқ. 
Адамның iшкi дүниесiн қозғайтын құбылыстар арқылы тебiренедi. «Абаймен 
сырласу», «Арман көрiп Ақ тоғайдан», «Шұбартау ма туған жерiң», 
«Домбыраң едiм өз қолыңменен шертiлген», «Хамит жездем жетпiсте» т.б. 
жайсаң жандарды жырлау арқылы ел мен жердiң топырағынан нәр iздейдi.
Жалпы, сұлулықты iздеу, жақсыны аңсау – ақын поэзиясының өзектi 
арнасы. Ерке сұлу Париждiң көшелерiн қыдырса да, көне Римнiң сиқырлы 
түнiн тамашаласа да, Тынық мұхиттың таусылмас толқындарында жүзсе де 
iздейтiнi – жақсылық, iңкәрi – сұлулық. Жарық дүниеге айнала тiрлiкке 
қыран көзбен, құмар сезiммен қарайтын ақын көлеңкенiң өзiнен сәуле 
iздейдi, аспан асты гүлге оранып, жырға малынып, жайнап тұрса екен дейдi. 
«Көгiлдiр көктем – көңiлiм менiң!» деп айналаға жар салғысы келедi. Сонау 
соғыс жылдарындағы тұрмыс азабынан, аштық-жоқшылықтан асып арманға 
жетуге жетелеген де, асықтырған да осы сезiм әрине.
Тұманбайдың поэзиясын сөз еткенде, оның ән текстерiн айналып өту 
мүмкiн емес. Әсiресе ұлы сазгерлерiмiз Нұрғиса Тiлендиев, Шәмшi 


15 
Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов шығарған күллi халық айтатын талай тамаша 
әндердiң өлеңiн Тұманбай жазған.
Жыр мұхитында жарты ғасырдан берi талмай жүзiп келе жатқан 
Тұманбай бүгiн де поэзия дейтiн Олимптiң биiк шыңында тұр. Оның ойды 
оятатын, қиялыңды қозғайтын, жүрек тебiрентетiн жырлары ғасырдан-
ғасырға жалғаса бермек. Сұлулықтан терең сыр тартқан поэзия тұғыры 
ешқашан төмендемек емес.
Әдеби үрдiстердiң көшбасында тұрған тұлғалардың бiрi - қазақ 
поэзиясында өзiндiк өрнегiн қалыптастырып, бүгiнде алдыңғы буын ага 
ақындар сапынан көрiнiп жүрген, дара бiтiмдi шығармашылық иесi – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет