Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет6/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
qazrg adebi protsess

..Аяз неткен күйшi едi, Тасығандай өнерi
Құлақ күйiн келтiрген.
Әркiм билеп алады. 
Жол-домбыра iшегi, 
 
Аяз күшiн содан бiл,
Аяқ бассаң шертiлген.
Қарыған-ау шыдатпай. 
Аялдама дегенi,
 
Күннiң өзi қып-қызыл,
Секiлдi би алаңы.

Тоңып қалған құлақтай.
Бұл ақынның «Аяз» деген өлеңi. Былай алып қарағанда ақынның 
ешкiмге ұқсамас жеке аязы, бiрақ елдi күдiксiз сендiретiн ғажап. Немесе: 
Керiлген алып қанаттай, 
 
Шөптегi шық та асылдай, 
Таулар тұр бұлтын таратпай. 
Жылтырап көзге басылды-ай. 
Терiскейiнде қар жатыр, 
 
Тас жатыр малдай қаптаған, 
Жазылмай қалған парақтай. Мал жатыр сайдың тасындай. 
Қарағай қырқа жалындай, 
 
Қараймын мауқым басылмай, 
Беткейдiң арша қалындай. 
 
Шалкөдем менiң осындай. 
Сай-сайын жаппай жарысып, ..Киiз үйлер - қатар түймелер, 
Ағады бұлақ арындай.

Өзенi қаусырмасындай. 
Жоғарғы екi өлеңнiң бiрi табиғаттың мiнезi, ендi бiрi табиғаттың 
жаратылысы, екеуi бiрдей ақын суреттемесiнен орын алған. Қандай 
жарасымды. Былайынша айтқанда ақын мейiрiмiнiң құшағына бөленген. 
Өлең шумақтарының ара-арасында жыр жолдарын толықтыратын қарапайым 
сүйенiштерiн санамағанда ақын тауып кеткен сонны теңеудiң сонарлы iзiне 
ерiксiз сүйсiнесiң. 
..Желпiндiрiп жел басты көрiгiне, 
Шымырладйы нөсердiң көлi мiне. 
Тау шомылып жатқандай рахаттанып, 
Ақша бұлттың көмiлiп көбiгiне… 
…Жеңiл буымен құттықтап күн тiл қатып, 
Бас изедi тау жүзiн сүртiп жатып. 
Гүлден көйлек, шыршадан қамзол кидi, 
Сансыз меруерт-маржанын жылрылдатып. 
Нөсер алыс кеткен соң қыран қанат, 
Әр сайда су түлкiдей бұлаңдамақ. 
Жас бұзауын аңдыған ақ сиырдай, 
Тұр тұмсықтан үй жаққа тұман қарап, - деген сияқты тұла бойытұнған 
суретке де тап бола кетемiз. Тiптi, ақын бiр жырлаған тақырыбын он қайтара 
толғанса сол он жырдың бiр-бiрiне ұксамай жататыны тағы бар. Және сондай 
сүйкiмдi де нанымды келетiнiн қайтерсiң. Оған суретшiлiгi мен 
қарапайымдылығын қосыңыз. Сонда жырдың төрт құбыласы түгелденуi 


12 
деген сөз, ол өз оқырманының ойынан шықты деген сөз. Олай болса, ақын 
бақытының ең биiк щырқауы сол екендiгiне көзiң жетедi.
Қуды көктем қысыңды,
Көрiп көңiл құштарын,
Күнге төрiн ұсынды. 
 
 
Мен де қалам ұштадым. 

Қарсыласқан ақ қарды,
Қалмасын деп аспан бос, 
Қара терге түсiрдi. 
 
 
Жапты көктем құстарын. 
Арналарға су келдi, 
 
 
Көктем жылдың құсындай 
Ағаш бiткен бүрлендi.
 
Сұлумын деп сызылмай, 
Жерге жайып көкмайса,
Ете бiлдi iсiмен, 
Ғ­ашықтарға гүл бердi.
Жазын жайсаң, күзiң бай, -
деп қарапайым ғана ойыңнан шығып жатады. Былай алып қарағанда 
онша асып бара жатқаны да шамалы сияқты. Ал зерделей үңiлсек, ақынның 
қарапайым сөз қолданысынан тiрi табиғаттың жаңғырып, жанданып 
тұрғанына көзiң жетедi. Ақынның осы тақылеттес жырлары байқағанға 
молынан көрiнедi. Бiрақ әрқайсысы өз тартымдылығымен көңiл бұрғызады. 
Бiз бiр сәт ақынның сүйiспеншiлiкке деген бағасын көрейiк: 
Өткен жоқ уақыт кiрпiк қаққан құрлы, 
Қаламым бiр өлеңдi аттандырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет