Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет25/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
qazrg adebi protsess

Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы., оның басты идеялық түйіні – 
адамдар арасындағы достық сезімді ардақтау, құрметтеу проблемасы. 
Ақынның бұл шығармасын бір сөзбен достық, махаббат туралы асқақ жыр 
деуімізге болады. Поэманың алғашқы жолынан соңғы нүктесіне дейінгі 
барлық көркемдік компоненттері біздің дәуір адамдарының бойын биікке 
көтеріп келе жатқан достық атты қасиетті сезімнің күш-қуатын танытуға
бағытталғаны көрініп тұр. 
«Танакөз» поэмасында ақын шағын шегініспен жас кейіпкерлер 
әкелерінің кешегі ІІ дүниежүзілік соғыстың дауылды жылдарындағы қасиетті 
ұлы достығын тебірене толғайды. Сол әкелер достығын лайықты түрде 
жалғастырушы екі жастың –лирикалық кейіпкер мен Мұраттың достығы 
поэмада бастан аяқ әдемі де әсерлі бейнеленген. Майдан жылдары қан 
қақсап, жесір қалған аналардың екі баланы егіз қозыдай етіп әлпештеп 
тәрбиелеуі де өмір шындығын танытады. 
Адам тіршілігінде достыққа, ынтымаққа кедергі де, сын да көп. Сол 
ауыр сындардан, қатерлі өткелдерден сүрінбей өткендер, адамгершілігі 
мықтылар ғана достық атты қасиетті сезімге дақ түсірмеуге тиіс. М.Шаханов 
поэмасының кейіпкерлері де өмірдегі сол қатал сындарға мойымай
майыспай төтеп беріп отырады. Әсіресе, шығармадағы лирикалық кейіпкер 
мен Мұрат арасындағы сезім қақтығыстары өте нәзік бейнеленген. Қайғылы 
апатқа ұшырап мүгедек болып қалған Мұрат пен Танакөздің табысуы, 
достарының аса қиын сәттерінде ұшып жеткен лирикалық кейіпкердің үлкен 
адамгершілігі поэмада әрі қарапайым, әрі суретті жолдармен келісті 
өрнектелген. Ақын кейіпкерлерін өмірдегідей шынайы қалыпта көрсетуге 
ұмтылады. Поэманың құнын көтеріп тұрған жағдай – жастар өмірінен алып, 
шын мәніндегі адамгершіліктің нәтижесінде тууы мүмкін сыйластықты өнеге 
етуі. Автор еш бүкпесіз ағынан жарыла сыр шертумен бірге, төтеннен, 


47 
күтпеген жерден қисынды детальдар енгізіп отырады. Мәселен, Мұраттың 
аяғы сынып, мүшкіл халде болады деп ешкім ойлай қоймайды. Бірақ мұны 
кірістіргеннен автор ұтылмаған, қайта жігіт жігерінің қандай қиындық 
үстінде де мұқалмайтынын дәлелдейтін фактор ретінде көрінеді. 
Лирикалық геройдың іштей Танакөзге деген қызғанышы болуға тиіс: 
ол да арманшыл жас. Дегенмен, көзіне оттай басылатын сол қыздың өз досы 
– 
Мұратқа жар болғанына қуануы – жарасымды. Басқа біреу Мұраттың 
әлгіндей аянышты күйін, алғашқы әйелімен сәнді тұрмыс құра алмай, қайын 
енесі үйіне алып кеткен келіншегінен кейінгі тіршілігін мүсіркеуі әбден 
мүмкін. Бұл арада өзінің қара басыңның қамынан шын досыңның қамын 
ілгері қой деген идеяны ұсынады ақын. Поэма осынысымен және мұны 
сендіре өрнектеуімен қымбат. Поэманың соңғы жағында: 
Сендер өшпей жаныңдаршы, 
Сендер бақыт табыңдаршы. 
Онсыз өмір мәнді ме? 
Екеуіңнен бұл бақытты егер титтей қызғансам
Соқыр болып қалсын көзім мәңгіге ,- деген жолдар бар. 
Мұның жадағай ұран еместігі түсінікті. Бұл шын махаббатын енді тапқан 
достарға айтылған риясыз тілек. 
Шығарманың лирикалық қаһарманы Мұрат, Танакөз – қазіргі жас 
ұрпақты үлкен адамгершілікке, адамдыққа қанаттандырып, биіктететін берік 
достыққа баулитын өнегелі кейіпкерлер 
Ақынның бұл поэмасында аталған ұнамды кейіпкерлермен қатар, 
арамызда ұшырап тұратын ойы жеңілтек, көңілі тар, мейірімсіз, тілі ащы, 
тамыр-таныстықты сағалап күн кешетін Зеркүлдің шешесі сияқтыларды өте 
батыл әшкерелеген.Абзал қасиетті, асыл мінезді замандастарымызға кедергі 
болып, кесірін тигізетін ондай жексұрын пенделерді автор жеңіл юмормен 
қатты әжуалап отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет