Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет64/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84
qazrg adebi protsess

Бiр адамға 
Бiр үйде жиюлы екен қазына мал, 
Көрсеттi бәрiн бiзге ақсақал шал: 
«Бұрынғы атамызға сыйға берген, 
Бiздерде мынадай бар, мынадай бар!...» 
Ол рас, аталарың шенге алыпты, 
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты. 
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын, 
Оқа, түйме, сылдырмақ, тенге алыпты! 
Суреттер және көрдiм жүзi жарқын, 
Ойладым: «Оңдырған-ау баққан халқым!» 
Соншама құны толық болды түйме, 
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?! 


139 
Дедiм мен: «құтты болсын шекпенiңiз, 
Артқыға қандай егiн еккенiңiз? 
Жусақ та денемiзден кетер емес 
Сондағы тұқым шашып сепкенiңiз». 
Көргенде күмiс кесе, алтын аяқ, 
Бiр сөздi тамағыма қойдым таяп: 
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?» 
Демейiнше болмады, қарап жай-ақ! 
Отырдым, көрсем жекiп тастар ма деп, 
Шал айтты: «Көрiңiздер, жасқанба!» - деп, 
Кесенi қолыма алып қарай бердiм, 
«Iшiнде нақақ көзден жас бар ма?» - деп. 
Шәкiрт ойы 
Қараңғы қазақ көгiне Надандық теңiзi тартылар. 
Өрмелеп шығып, күн болам! Орны отайып, көгерер, 
Қараңғылықтың көгiне, Қызығын жайлап ел көрер. 
Күн болмағанда, кiм болам? Тұрмыс, тағдыр – бiрi де, 
Мұздаған елдiң жүрегiн Бұл мақсаттан бұра алмас
Жылытуға мен кiрермiн! ҚаҺарман Рүстем, Әли де, 
Еңбек, бейнет тарауы, 
Бұрам деп жолда тұра алмас. 
Рақатқа сарқылар.
Сыланған жардың - күлiсi, 
Қыздырып күннiң қарауы,
Алдандырмас бiр iсi.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 
Мен кiм? 
Арыстанмын, айбатыма кiм шыдар? 
Жолбарыспын, маған қарсы кiм тұрар? 
Көкте – бұлт, жерде – желмiн гулеген, 
Жер еркесi – желдiң жөнiн кiм сұрар? 
Көкте – күнмiн, көпке нұрым шашамын, 
Көңiлге алсам, қазiр ғарышқа асамын, 
Шетi, түбi жоқ теңiзбiн қаракөк, 
Ерiгемiн – толқып, шалқып, тасамын. 
Жалынмын мен, келме жақын, - жанарсың, 
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. 
Күл болсын көк, жемiрiлсiн жер, уайым жоқ
Көз қырымен күлiп қана қарармын... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет