«Өзім кетсем де, артымда сөзім қалсын» деп жырлаған ақын жырлары мәңгілік



бет3/3
Дата31.05.2022
өлшемі129.66 Kb.
#458823
1   2   3
«?ç³ì êåòñåì äå, àðòûìäà ñ?ç³ì ?àëñûí» äåï æûðëà?àí à?ûí æûðëàðû

Есләм Зікібаев
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search
Есләм Зікібаев (5.06.1936, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Өрнек ауылы - 12.04.2002, Алматы) - ақын, жазушы.

  • 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген.

  • Еңбек жолы «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде басталып, одан «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социалистік Қазақстан» {«Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде жалғасқан.

  • Бұдан кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларының редакция меңгерушісі, «Кітап жартысы» — «Друг читателя» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі болды.

Жетістіктері
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Өзі туған Есіл ауданының Құрметті азаматы. Бірнеше мүшәйралардың жүлдегері.
Шығармалары
Алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық жастар газетінде жарық көрген. Қазақстан Жазушылар одағының 19861996 жылдары басқарма мүшесі болған. Серб жазушысы Змайдың бірталай шығармаларын башқұрт ақыны Ш.Бикколдың «Жүрегімнің жарығы», қырғыз ақыны Ж.Садықовтың «Тау жолы» жыр кітаптарын, түркмен жазушысы К.Қүрбаннепесов шығармаларын т.б. тәржімалаған. Оның өлеңдеріне біршама әндер жазылған.

  • Ақ қайыңдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1975;

  • Аққу-арман. Өлеңдер. «Жазушы», 1977;

  • Мен космонавт боламын. Өлеңдер. «Жалын», 1978;

  • Ақ қайнар. Өлеңдер. «Жалын», 1982;

  • Ақ айдын. Алматы. 1980;

  • Ақ сағым. Алматы. 1982;

  • Алтын сағым. Өлеңдер. «Жазушы», 1985;

  • Верую в людей. Стихи. «Жазушы», 1989;

  • Құс ғұмыр. Өлеңдер. »Жазушы», 1992;

  • Дүние жалған. Өлеңдер. «Аман» ЖШС, 1998;

  • Арна. Өлеңдер. «Аман»ЖШС, 2001;

  • Жыр тағдырым. Алматы 2003;

  • Қас қағым сәт. Алматы. 2004;

  • Армандай ғұмыр. Алматы. 2007;

  • Өмір - бәйге. Астана. 2007.[1]

Ақын Есләм Зікібаев 1936 жылы Есіл ауданындағы Өрнек ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 


Еңбек жолын “Қазақстан пионері”, “Социалистік Қазақстан”, “Жетісу” газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып бастаған. 1973-1984 жылдар аралығында Қазақ КСР Баспа, кітап саудасы және полиграфия ісі жөніндегі мемлекеттік комитетте жұмыс істеген. “Жалын” және “Жазушы” баспаларында редакция меңгерушісі, “Кітап жаршысы” газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиет насихатшылары бюросының директоры болды. Кейінгі жылдары “Ақиқат” журналының бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі қызметтерін атқарды. Жерлесіміздің “Ақ қайыңдар”, “Аққу-арман”, “Мен – космонавтпын”, “Жизнь-птица”, “Адамдарға сенемін” (орыс тілінде), “Ақ бұлақ”, “Белая гладь”, “Ақ елес”, “Алтын шұғыла” поэзиялық кітаптары жарық көрген. Есіл ауданының құрметті азаматы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ақын 2002 жылы дүниеден өтті. 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылжар өңірінің перзенті, ерке Есілдің жағасында «Өрнек» ауылында балалық шағын өткізген Есләм Зікібаевтың (1936-2002) ақындығы көк аспанда қанатын еркін самғаған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді. Қарашығым! Ән тербеп өскен елдің баласымын, Әнмен айтсам жете ме жүрегіңе, Сырларымның сап таза , сап асылын. Сағым далам - Сұлулықты жырлаудан жаңылмаған. Махаббатты анамдай әлдилеген, Әлдилеген ғажайып лағыл ғалам - деп жырлаған ақын. Туған ауылына, туған жерге деген сағынышын аса сезімталдықпен, ақындық асқақ шабытпен, нәзік сезіммен жеткізген Есләм өз поэзиясы арқылы оқырманға ғажап сыр шертеді. Ақын жырлары елдікті, еркіндікті, парасатты паш ететін терең мазмұнды текті туындылар. Есләм Зікібаевтың әр жылдары жарық көрген «Ақ қайыңдар»/1975/, «Аққу арман» /1977/, «Мен косманавт боламын» /1978/, «Ақ айдын» /1980/, «Ақ қайнар» /1982/, «Алтын сағым» /1985/, «Верую в людей» /1989/, «Құс ғұмыр»/1992/, «Дүние жалған» /1998/, «Арна» /2001/, атты жыр жинақтары қазақ поэзиясына қосқан құнды дүниелер екені даусыз. Ақ! Ақ!- дедім, Ақ! - дедім. Ақ іздедім өмірден, Арманым да арнадан, Ақ нұр болып төгілген, Қап-қараңғы түнде де Менің сүйген жанымның Айдай жүзі жарқырап, Ақ сәуле болып көрінген, Бәрі, бәрі көңілден! - деген өлең жолдарынан ақынның жан-дүниесінің пәктікке іңкәрлігі байқалады. Жыр жинақтарының ақ қайың, ақ айдын, аққайнар боп аталуы да жан тазалығының айғағы болса керек. Есләм Зікібаевтың поэзиясын оқып отырғанда әріден тербеген ән әуенін естіп отырғандай боласыз. Өйткені ақынның поэзиясы әнге әркез сұранып тұрады. Есағаңның өлеңіне жазылған Әшір Молдағайыновтың «Аяулым арманымдай асылым ең» әні дүниеге келгенде авторлар бірін-бірі әлі танымайтын-ды. 1966 жылдың жаймашуақ көктемінде Әшір ағамыз тұңғыш әуенін шығарып, соған мәтін іздейді. Композитордың болашақ жары ГүлжауҺар Аухатқызы Есағаңның жұбайы Роза Бәкірқызына бұл жайды баяндайды. Сөйтіп, ақын сөзін жазып, композитор әнін әрлеп, «Аяулы арманымдай асылым ең» әні дүниеге келеді. Бұл әннің бағын ашқан халқымыздың бұлбұл әншісі Роза Бағланова. Бұл ән тұңғыш рет Мәскеудегі Кремль сарайында әйгілі әншіміз Роза Бағланованың орындауында шырқалғанда Есағаң мен Әшір ағамыз тыңдаушы ретінде қатты толқыған екен. Осыдан бастап Есағаң мен Әшір танысып, тіл табысып, «Сағындым сәулешім» әнінің де тұсауын кеседі. Жалпы Қазақ радиосының алтын қорындағы ақын Еслім Зікібаевтың өлеңіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Әнші сыры», Темірбай Исалиевтың «Кездеспей кеткен бейнем ең», Әсет Бейсеуовтың «Жеңеше», Бексұлтан Байкенжиевтің «Жыл құсы», «Ұйқың жаным қанды ма?», Бақытжан Құрманғалиевтың «Сағыныш», Мүбарак Салықовтың «Қызыма» және Өтеміс Өрікгүлдің «Өрнегім», «Бекет ата» әндері әуе толқыны арқылы жиі орындалып тұрады. Бұл әндер Роза Бағланова, Зейнеп Қойшыбаева, Сәуле Ағыбаева, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Ермұрат Зейіпхан, Бексұлтан Байкенжиев, Венера Қармысова мен Мүбарак Салықовтың орындауында алтын қорымызда сақтаулы. Олай болса, қазақ поэзиясы мен өнеріне өзіндік қолтаңба қалдырған жаны нәзік Есағаң жайлы ақынның асыл жары Рауза Бәкірқызынан біле отырсақ. Алтын: Рауза апай, Есләм ағамыздың 60 жасқа толған мерейтойында мен де арнайы тойға барып қатысқан едім, онда той дүркіреп еткен еді. Ал ақынның туғанына 70 жыл толған мерейтойы да елде болды емес пе ? Рауза: Елдің тойына не жетсін?! «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің Бас редакторы Жарасбай Сүлейменов, сол кездегі облыстық теледидардың төрағасы Кәрібай Мұсырмановтың көп көмегі тиіп еді. «Өрнек» деген кішкене ғана ауыл. Есілдің жағасында тұрады. Айнала аққайың орман. Сол ауылға ақшаңқан үйлер тігіп, далаға сахна жасап, «Балқадиша», сонымен қатар «Есіл әуендері» ансамблінің әншілері Есләмның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Кәкімбек Салықов ағамыздың сол жерге арнайы барып арнау жыр оқуы, мектеп оқушыларының өлең оқуы әсерлі болды. Оқушылар қонақтарды мектептің алдында қарсы алды. Алтын: Өрнек орта мектебіне Есләм Зікібаевтың аты берілді, ел қуанған шығар? Рауза: Есләмдардың кезінде төрт жылдық қана мектеп болған. 2004 жылы мектепке ағаңның атын берді. Ашылу рәсіміне бардық. Мектепке сый-сияпатымызды барған сайын беріп тұрамыз. Осы жолы мектепте ақындар айтысын ұйымдастырып, бәйге жариялап, елге бір қуаныш сыйлаған аудан әкімшілігі болды. Исләм ағаң тірі болса осы жылдың 5 маусым айында сексенге келуші еді. Әрине Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігімен ақылдасып жатырмыз. Мүмкіндік болса дәл туған күні елде той жасасақ деген ойымыз бар. Алтын: Сұлу табиғаты бар Қызылжар өңірінде дүниеге келген ағаларымыздың сұлулыққа ғашық болуы да заңдылық. Осы кісінің лирикалық өлеңдерінің ерекшелігі жайлы біле отырсақ. Рауза: Бұл кісі арнайы әнге сөз жазбаған адам. Еліне, жеріне деген ғашықтық сезімнен туған жырлар болғаннан кейін әнге сұранып тұрған болу керек. Ол адалдылықты ақтарыла жырлаған Ар мен Ақиқат жаршысы еді. Кісілік пен кішілікті ардақтаған ақжүрек ақын еді. Жырлары тұнған лирика десе де болғандай. Ең бастысы - ол жүрегінің лүпілін тыңдап жазушы еді. Алтын: Әнге сөз жазған ақындардың жазба ақындығы да өміршең. Сіз ақын мұрасын көздің қарашығындай сақтап, жарыққа шығарып жатырсыз. Оқушысын тапқан мұралары дегенде қайсысын айтар едіңіз? Рауза: Есағаң қайтыс болған соң оның күнделігін тауып алдым. Әр баласына деген көңіл-күйін қағазға түсіріп, аты аталмай жүрген жазушылар жайлы көбірек жазған екен. Тоқаш Бердияров, Ізтай Мәмбетов, Әділбек Абайділданов сияқты ақындарды атап кеткен екен. «Менің де шығармашылығым қалай болар екен» деп ойлаған болу керек. Сағи Жиенбаевты өте жақсы көретін. Сырбай, Ғафу ағалармен талай тойларда бірге жүрген, ол кісілер жайлы да естеліктері бар екен. Осыларды жинақтап 2003 жылы ой-толғамдары мен эсселерінен құралған «Жыр-тағдырым» жинағын шығардық. Сондай-ақ «Қас қағым сәт»/2004/, «Армандай ғұмыр» /2007/, «Өмір бәйге» /2007/ жинақтарымен қоса үш томдық таңдамалы жинақтары жарық көрді. Алтын: Көп ақын-жазушылардың іздеушісі болмай, аты аталмай қалып жатады. Осындай шаралардың бәрін өзіңіз ұйымдастырып, тер төгіп жатырсыз. Ақынның жары болу оңай ма? Рауза: Ақынның жары болу екінші қызмет сияқты. Ақынның жары алғашқы тыңдарманы, оқырманы деуге болады. Шабытты шақтарында әсерленіп отырып жазғанда ол кісіні қозғауға болмайтын. Өзі аса балажан еді. Сүйсе құлай сүйе білген жан еді- ау... Ақын адамдар өмірде әрқайсысы біріне-бірі ұқсамайтын болып келеді. Бұл кісінің ерекшелігі өлең жазатын жер таңдамайтын. Бірақ өлеңдерінің басым көпшілігі қыста жазылатын. Шабыт келген кезде «Жеңеше» деген поэманы екі жетіде бітірді. Алтын: Есләм аға тым бауырмал жан еді ғой. Бауыр, туған-туысқанға деген ағамыздың ықыласы ерекше болған шығар? Рауза: Артында үш інісі, бір қарындасы болды. Әкесі қайтыс болғанда бұл кісі мектеп бітіріп жатқан екен. Анасы Есләмды қиындыққа қарамай оқуға жібереді. Анасы ән салады екен. Әкесі өлең жазған кісі екен. Артынан ерген бауырларына қамқор болып, ол поэзияға кеш келді. Ол бауырларына жоғары білім берді Сөйтіп жүргенде өз балалары да өсіп-жетілді. Немерелер дүниеге келді. Есләм бала тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді.... Ұлы Еркін - журналист, Гүлнар-шет тілінің маманы, Эльмира жоғары білімді маман. Немерелері: Ерден - аниматор-дизайнер, Әйгерім - халықаралық қатынастар жүйесінің маманы, Зәуре - журналист. Енді ақынның еңбек жолына көз жүгіртсек; Есләм Зікібаев 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген соң еңбек жолын «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде бастап, одан «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социалистік Қазақстан» , қазіргі «Егемен Қазақстан», «Жетісу» газеттерінде жалғастырған. Бұдан кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларында бөлім меңгерушісі, «Кітап жаршысы» - «Друг читателя» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі болды. Ол еңбек ете жүріп дамылсыз толғаныстан туған лирикалық жырларын жазып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты. Ақын Серб жазушысы Змайдың бірталай шығармаларын, башқұрт ақыны Ш.Бикколдың «Жүрегімнің жарығы», қырғыз ақыны Ж.Садықовтың «Тау жолы» жыр кітаптарын, түркімен жазушысы К.Құрбаннепесов шығармаларын тәржімалады. Атақты ақын Қадыр Мырза Әлі «Есләм күй таңдайтын, бап таңдайтын ақын. Оның сирек жазатыны да осыдан шығар. Дарын иесінің өзін мүлде ерекше сезінетін алымды сәттері шабытты шақтары болса керек» -деп ақын шабытына ерекше баға берген. Ал ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Есләм поэзияға кешігіңкіреп келді. Алайда кенже қалған жоқ. Ақындық өнер санымен емес, сапасымен өлшенер болар. Ақынның негізгі тақырыбы - азаматтық, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік» - дегені де Рауза Бәкірқызының сөзін растап тұрғандай. Ақын Есләм Зікібаев көзі тірісінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Өзі туған «Есіл ауданының Құрметті азаматы», сонымен қатар бірнеше мүшәйралардың жүлдегері атанған. Қазақ радиосының алтын қорында сақталған ақын Есләм Зікібаевтың өлеңіне жазылған Әшір Молдағайыновтың «Аяулым арманымдай асылым ең», «Сағындым сәулешім», Әсет Бейсеуовтың «Кездеспей кеткен бейнем ең», «Жеңеше», Болат Қабылбаевтың «Ғашығым-ардағым», Бексұлтан Байкенжиевтің «Ұйқың жаным қанды ма?», Мүбарак Салықовтың «Қызыма», Нұрғиса Тілендиевтің «Әнші сыры», Өрікгүл Өтемістің «Өрнегім», «Бекет ата», «Айналайын жаратқан» әндері кәсіби ерекшелігімен құнды. Ақын өлеңдеріне әлі де талай ән жазылар, келер ұрпақ сырлы жырларымен сырласып, сөз құдіретін мойындар. Бұл алдағы күннің тірлігі. Ең бастысы- ақын Есләм Зікібаевтың сырға толы лирикалық жырларын сүйсініп оқитын оқырмандары көп болғай дегім келеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚР Мәдениет қайраткері Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қазақ радиосының «Алтын қор» бөлімінің жетекшісі Алтын Иманбаева

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/eslam-zikibaevtyn-tuganyna-80-zhyl-akyndy-asyl-zhary-eske-alady_a2895123

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет