«Өзін-өзі тану» ПӘнін оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдер интерактивті оқытудың мәні “Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек” Ж. Аймауытов Қазақстан Республикасының «Білім туралы»


Интерактивті оқыту әдістерін қолданудың техникасы



бет5/6
Дата26.11.2023
өлшемі28.33 Kb.
#484479
1   2   3   4   5   6
docx1582997633 (копия) (копия)

Интерактивті оқыту әдістерін қолданудың техникасы:
1.Ұқсастық немесе айырмашылық

  • Бұл тапсырмада оқушыларға екі оқиғаны қарастыру ұсынылады және олардың қай белгілері ұқсас, қай белгілері өзгеше екендіктерін жазулары керек.

  • Мысалы: Абай мен Шәкәрім көзқарастарының ұқсастығы мен айырмашылығын жазу немесе айту.

(Жұппен жұмыс)
2.Салалау (ранжирование)

  • Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушылардан бірқатар пайымдауларды қарастыруларын, олардың әрқайсысының басқалармен салыстырғандағы маңыздылығына немесе құндылықтарына қатыстығын анықтау талап етіледі.Оқушылардың әр түрлі дайындық деңгейлеріне байланысты олардың пікірлерінде де айырмашылықтар болады, өздерінің көзқарастарын түсіндіру барысында және басқалардың көзқарасымен танысу арқылы олар мәселені тереңірек әрі жүйелі түрде түсінеді.

  • Тапсырма: “Мен үшін не маңызды?”

Тіл / ана / білім / кітап / халық
Осы тізімнен 3 сөзді таңдап алып, оларды сіз үшін маңыздылығы жағынан орналастырыңыз.
3.Сәйкестікті іздеу.

  • Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардан сөздерге немесе түсініктерге сәйкес сипаттамаларын анықтау талап етіледі.Бұл тапсырманы оқушылар қиын мәтінмен таныспас бұрын берген дұрыс.Бұл ұғымдардың мағынасын бекіту үшін берілетін жақсы тапсырма.

  • Тапсырма “Сәйкестікті іздеу”

4.Беделбелгі (рейтинг)



      • Оқушылардан баға түрінде берілген бірқатар пайымдаулар мен критерийлердің деңгейлерін қарастыру талап етіледі.Олар әр түрлі пайымдауларды қандай деңгейге жатқызу керектігін шешу керек.(Әбден келісемін, келісемін, білмеймін, келіспеймін, мүлдем келіспеймін)

      • Тапсырма “Бірігіп жұмыс істеу”


пікірлер
менің пікірім
1
Оқушылардың топтарда бірігіп жұмыс істеуі мұғалім үшін қиынға соғуы мүмкін, бірақ қызығы да мол.
2
Бірге жұмыс істеу арқалы біз басқа оқушылардың да ойын біле аламыз.
3
Бірігіп жұмыс істеудің ең басты шарты – тыңдай білу.


5.Жіктеу

  • Бұл тапсырмада оқушыларға бірқатар пікірлерді жіктеу ұсынылады.Нәтижесінде олар ұсынылған критерийлердің мағынасы туралы көбірек білетін болады.Мұндай жаттығулар жиі пікірталастар туындатады және оқушыларға ұқсас, бірақ қарама - қайшы ұғымдарды түсіну үшін пайдалы.

  • Тапсырма “ Жіктеу”

Санаттар: қайырымдылық / бауырмалдық / әдептілік / ізет/

кешіріңіз /барлығы жақсы болады/сен мен үшін аса қымбатсың /өтіп кетіңіз /




6.Қорытындылау

  • Бұл тапсырмада оқушылар шешуші сәттерді анықтап, әртүрлі тәсілдермен оларды орындап жазулары қажет.Қорытылған ақпараттар тізім, шығарма, кесте, график, сызба т.б. түрінде болуы мүмкін.

  • Тапсырма: “Сүйікті ертегілер”

Қызыл телпек туралы ертегіні оқып шығып, мазмұны бойынша үш сурет салыңыз да, қорытынды ретінде бірнеше сөйлем жазыңыз.Бірінші суретте және сөйлемде ертегінің басы, екіншісінде – оқиғаның дамуы, үшіншісінде – ертегінің аяқталуы көрсетілуі тиіс.
7.Дұрыс/бұрыс

  • Бұл тапсырманы орындауда оқушылар тұжырымдарға зер салып, олардың дұрыс немесе бұрыстығын шешеді.Бұл ескі ұғымдарды бекітіп, оқушыларды негізгі құжаттардағы қажетті жауаптарды іздеуге жұмылдырудың және олардың түсініктерін тексерудің жақсы тәсілі болуы мүмкін.Әдетте осының нәтижесінде көптеген пікірталастар туындайды.

  • Тапсырма “Дұрыс па?”


Пікірлер
дұрыс/бұрыс
1
Бала экономикалық қанаушылықтан қорғану құқығын иеленеді.
2
Біздің ауылдың/қаланың барлық адамдары еңбексүйгіш.
3
Заң алдында барлығы тең.
4
О.Сүлейменов Қазақстанда тұрады


8.Дұрыс немесе өзгертуді талап етеді.

  • Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар пайымдауларды қарастыра отырып, олардың дұрыстығын шешеді.Дұрыс емес болған жағдайда оларды дұрыс болатындай етіп көшіріп жазулары керек.Бұл тапсырма оқушылардың ұсынылған пайымдаулардың мағынасын анықтауға бағытталған.Өз кезегінде ол өмір мен теорияны жақындатуға жақсы көмектеседі.Ол дұрыс/бұрыс түріндегі қарапайым тапсырмалдарға қарағанда, ақыл – ой жұмысын талап етеді.

  • Тапсырма: “Қателерді түзеу”

  • Төменде берілген сөйлемдер дұрыс па? Егер дұрыс болмаса, дұрыс болатындай етіп қайтадан жазыңыздар.

1.Велосипедтің екі аяғы бар.
2. Бауырмал жан адамдарды аялайды, итті бауырына басады
Сиыр шөп береді және сүт жейді.
3. Қайырымдылық жасау –міндет, заңды сақтау-қайырлы іс
9.Зерттеу және есеп беру.

  • Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар олардан не талап етіліп отырғанын жақсы түсініп, кейіннен өздерінің ортасында зерттеу жүргізулері қажет.Егер барлық қажетті ақпаратты өз қоғамдастығыңыздағы адамдармен әңгімелесу арқылы ала алатын болсаңыз тіпті жөн болады.Жасалған жұмыс туралы есепті шығарма, кесте немесе баяндама түрінде беруге болады.

  • Тапсырма: “Өмір сүру салты”

Өзіңіздің ата - әжеңізден олардың жастық шақтағы өмір сүру салтымен сіздің өмір сүру салтыңыздың айырмашылығын сұраңыз.Сұрай нәтижесі бойынша есептеме жазыңыз.
10.Рөлдік ойын

  • Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін оқушылар белгілі бір рөлді орындауы керек.Мысалы, олар өздерін әкімдік қызметкер ретінде елестетіп көрсін.Бұл тапсырманы орындау қиынға соғуы мүмкін, сондықтан оны бермес бұрын оқушыларды тақырыппен, рөлмен және қарым – қатынас әдісімен тиянақты түрде таныстыру қажет.Бірақ, егер бұл тапсырма ойдағыдай орындалатын болса, әсіресе оқушылар соңында не болғанын, не үшін болғанын талқыға салып, тыңдайтын болса, оның тиімділігі артады.

  • Тапсырма: “Жеке адамдар арасындағы дау- дамай”

Айжан мен Әсел сыныптас.Екеуінде «Өзін-өзі тану» пәнінен бір – ақ оқулық бар.Олардың арасында сол оқулықпен сабаққа бірінші болып кім дайындалу керектігі жайында дау туды.Ол аз болғандай, мұғалім де тапсырманы ертеңге берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет