Психологиялық тұрғыдан алғанда интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде:
оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін,
оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын,
ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады.
интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:
дайын білімді қабылдап алу,
зерттеу барысында жаңалық ашу,
әр түрлі жағдайда әсерді сезіну
синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.
Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.
Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:
- Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);
- Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;
- Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;
- Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);
- Синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);
- Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).
Қоғамның дамуы осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.
Интерактивті әдістің тиімділігі:
Өзіңе деген сенімділікке тәрбиелейді;
Шешендік өнері дағдылары қалыптасады;
Тыңдай білуге үйретеді;
Танымдылықтың маңызын түсінуге көмектеседі (үнемі абсолюттік шындық бола бермейді);
Сыни ойлауға дағдыланады;
Өз пікірінің айту құқығының бар екенін сезінеді;
Пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінеді;
Осының бәрі “Оқу шеберлігі” идеясына саяды.
Оқу шеберлігі – бұл барлық даму үстіндегі және озық елдердің азаматтарына қажетті ой еркіндігі болып табылатын дағды.
Достарыңызбен бөлісу: |