Интерактивті оқыту ең бірінші диалогтық оқыту, оқыту барысында оқушы мен оқытушы арасындағы өзара байланысуы.
Интерактивті әдіс дегеніміз – оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі.
Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
2.Интерактивті оқытудың мақсат, міндеттері
Интерактивті әдістің мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету,оқып үйрену жауап іздеуге бейімдеу.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу
Интерактивті оқыту әдістерінің міндеттері:
оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауын жетілдіру
мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алу
теориялық алған білімін іс тәжірибеде қолдана алуды жетілдіру
өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру
топтық рефлексияны дамыту
ұжымдық ынтымақтастықты қалыптастыру уын,
өзара әрекет дағдыларын меңгерту
топтық жұмысқа дайындау
өзіндік рефлексияны дамыту
оқытудың икем-дағдыларды дамытуға бағытталу, ол деген Зерттеулер бойынша оқушылар "қолымен iстегеннiң 80 %, оқығанының 20%, естiгенiнің 10%, ғана есте сақтайды" екен. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені белгілі:
балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру,
балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау,
оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату
іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |