П 15 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет23/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65
әдебиет теориясы

мадригалға ( французша madrigal – малшы сазы ) ауысты. Бұл да басында жым­жырт,
ың­жыңсыз рақат тіршілікті мадақтайтын өлең болатын, кейін әйелдерге арналған
альбомдық сипатқа көшті. Ежелгі Эллада ақыны Пиндардан Рим ақындары Гораций мен
Овидийге, одан орыс ақындары Лермонтов пен Державинге дейін екі мың жылдан аса
ұзақ ғұмыр кешкен бір лирикалық түр – Ода ( грекше ode – ән ) – есімі елге тараған жеке
адамдарды не батырларды мадақтаған я болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген
аса көтеріңкі, көңілді жыр. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқта
бар. Лириканың әдемі түрлерінің бірі – сонет ( итальянша sonetto; sonare – сылдырау,
сыңғырау ) – арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең; XIII
ғасырда Сицилияда туған; Данте, Петрарка көп жазған; кейін Батыс Европаның басқа
елдеріне кең тараған; классикалық үлгілерін Шекспир жасаған. Сонет қазіргі қазақ
лирикасында да бар. Соңғы кезде бұл түрмен Е. Әукебаев біраз өндіріп жазып жүр.
Лириканың бұлардан басқа түрлері де толып жатырарнау, ой, канцонетта, романс,
пастораль эклога, элегия, эпиталама, эпитафия, эпиграмма т.б. Әуелі Көне дүние
тұсында, кейін Классицизм кезінде сыршыл өлеңдерді жоғарғыдай түр­түрге бөліп
көргендер болды. Бірақ бұл – онша жемісті әрекет емес, әшейін сырттай ғана жеңіл желпі
топтау; дұрысында бұлайша бұтарлау лириканың мазмұнын жеңілдетеді, сондықтан
қазіргі лирика бұлай жіктелмейді. Оның орнына әдебиет зерттеушілері, шартты түрде


болса да, әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына қарай талдап, саяси лирика,
философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы деген сияқты, санаулы
салаларға ғана бөліп тексеріп жүр.
3.4.
Драмалық шығарма ерекшеліктері
Драма (грекше – қимыл, әрекет) - әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша
тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға
қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін
күрделі жанр – «әдебиеттің ең қиын түрі» (Горький). Белинскийдің байыптауына бақсақ,
эпос пен лирика «ақиқат әлемінің екі қиыры» болса, драма – сол екі қиырдың
қосындысынан туған «үшінші, тірі, өз алдына бөлек», аралық әлем – «поэзияның жоғарғы
тегі, өнердің биік өрі».
Эпос пен лирика сияқты драманың да бірнеше жанрлық түрлері бар. Соның бірі –
трагедия (грекше – текенің әні) – құдіретті күш иесі, ғаламат қайсар, ақиық ер де өр
тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ
кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен-өзінің
іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма. Трагедиядағы оқиғалар әдетте
қатерлі, қайғылы халден туындап тұтасады да, бас қаһарманның қазасымен – мұңмен,
зармен – бітіп отырады.
Драматургияның бір түрі – комедия (грекше – күлкілі, қызық ән) - өмірдегі келеңсіз,
керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді
сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлкілі пьеса. Комедия, трагедияға керісінше,
«өмірдің биік поэзиялық сәттерін» суреттемейді, қарапайым «күнделік прозасын, ұсақ-
түйегін, кездейсоқ жайтттарын» (Белинский) суреттейді.
Комедияның басы да, трагедия сияқты, бағя Дионис мейрамында жатыр: өлген
«текенің» қайта тірілуін көне гректер енді комедиямен (космос – көңілді топ, одэ - ән), яки
көңілді әнмен, қызық бимен, күлдіргі ойындармен құттықтаған. Кейін шын мәніндегі театр
өнеріне айналған комедия да дүниеге о баста осылай келген.
Комедияның күші – күлкіде, күлкінің күші – шыншылдық пен табиғилықта.
Шыншыл һәм табиғи түлкі терең мазмұнды тартыстан туып, толыққанды юморлық, не
сатиралық образдарға көркем жинақталып, парасатты биік идеяға шебер бағындырылғанда
ғана комедия жалаң водевиль, жеңіл фарс, арзан мелодрама сипаттарынан аулақ, бұл
жанрдың шын мәніндегі шынайы шығармасына айнала алады. Комедия авторына талап
осы тұрғыдан қойылуға тиіс.
Сонымен, қорыта келгенде, әдеби тек 3 топқа бөлінеді. Олар – эпос, лирика, драма.
Және әрқайсысы өзіндік жеке-даралық сипатқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет