П 15 Пікір жазғандар


Көркемдік әдістер мен ағымдар. Стиль және қаламгер шеберлігі



Pdf көрінісі
бет25/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
әдебиет теориясы

3.5.
Көркемдік әдістер мен ағымдар. Стиль және қаламгер шеберлігі
Біз әрбір жазушының бүкіл шығармашылығының өн бойынан идеялық-көркемдік
негіздің тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз. Мұнда ерекшелікті жазушы
шығармашылығының мазмұны мен пішіміне қатысты басқа жайлардан да іздеп таба
беруге болады. Міне, стиль - әр суреткерге тән осындай ерекшелік.


Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін бейнелеу
шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға – білімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу
мәнері, қолтаңбасы.
Әдеби ағым – тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі
белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып
отырады.
Әдіс – стиль де емес, ағым да емес бір сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт,
процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы
ұғымдардың қызметін қоса атқарады.
Көркемдік әдіс – алдымен шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен
образды түрде тану жолы, содан соң өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар
шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы.
Әдеби әдіс – қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес, уақыттың
көркемдік концепциясы. Демек, басынан ешқашан дау арылмаған социалистік реализм де
– қолдан құрастырыла салған әлдебір ережелер жинағы емес, өмірдің объективтік даму
заңына сай, кеңес дәуірінің құбылысы.
Көркедік әдістің шындықты бейнелеу принципі түріндегі түсінігі. Белгілі бір дәуірде
көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу
ерекшелігі екендігі. Әдебиетте, сондай- ақ көркемөнердің басқа салаларында бір
бағыттағы жазушылардың, өнер қайраткерлерінің творчествосы идеялық нысанасы
жағынан да, өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуге қолданылатын амал- тәсілдері
жағынан да ұқсас, жақын келетінін байқаймыз. Бір заманда өмір сүріп, бір қоғамдық
ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ сипат белгілер аз
емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның
бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық байқауға болатындығы. Мұндай өзгеше сипат-
белгілерді көбіне белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қаралатындығы. Ал көркемдік
әдістің одан кең мағынасында алынып, жазушының өмірді бейнелеуде нақтылы болатын
жағдайларды тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген ой- түсінігіне
сүйенуі – осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталатындығы.
Біз әрбір жазушының бүкіл творчествосының өн бойынан идеялық- көркемдік
негіздің тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз. Мұндай ерекшелікті жазушы
творчествосының мазмұны мен пішіміне қатысты басқа жайлардан да іздеп таба беруге
болатындығы. Міне, стиль- әр суреткерге тән осындай творчестволық ерекшелік екендігі.
Стиль – жазушының өмір шындығын танып білу, сезіну қабілетін бейнелеу
шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға – білімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу
мәнері, қолтаңбасы екендігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет