П 15 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет26/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
әдебиет теориясы

Әдеби ағым – тарихи категория:белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі
белгілі саяси- әлеуметтік сипатына сәйкес туады да сонымен бірге дамып, бірге жоғалып
отыратындығы. Іріктеу, бағалау, принципі бойынша, шындықты көрсетудің тәсілі ретінде
бағыттар мен ағымдар құру.
Әдіс – стиль де емес, ағым да емес бір сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт,
процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы
ұғымдардың қызметін қоса атқарады.
Көркемдік әдіс - алдымен шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды
түрде тану жолы, содан соң өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала
көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы, өнер тундысында адам образын жасауға, сол
арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір
эстетикалық талғам биігінен таңдаудың, қорытудың және жинақтаудың өзгеше принципі,
сайып келгенде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір
қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі екендігі.
Романтизм мен реализмнің көркемдік немесе творчестволық әдіс ретіндегі ең
елеулі сипаттары. Романтизмнің әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды


жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс екендігі. Реализмнің әдебиет
пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-
белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат
ететін көркемдік әдіс екендігі.
Әдеби әдіс – қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес, уақыттың
көркемдік концепциясы.Демек, басынан ешқашан дау арылмаған социолистік реализм де
-қолдан құрастырыла салған әлдебір ережелер жинағы емес,өмірдің объективтік даму
заңына сай, кеңес дәуірінің өзі туғызған құбылысы.
Әдеби ағым - әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі екендігі. Оның
тарихи категория екендігі. Әлем әдебиеттің тарихында түрлі әдеби ағымдардың
болғандығы: классицизм, сентиментализм, натурализм т.б.
Әдебиеттер
1. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – Москва: Просвещение, 1966. стр. 382.
2. Нұртазин Т. Жазушы және өмір. –Алматы,1960. 200-201 б.б.
3. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992.
4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, 1973.
5. Абрамович Г. Введение в литературоведение. – Москва, 1976.
6. Головенченко Ф.М. Введение в литературоведение. – М., 1976.
7. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы,1959.
8. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы,1989.
9. Дмитриев В. Реализм и художественная условность. – М .,1976.
10. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. – Алматы , 1996.
ІІІ тарау бойынша бақылау сұрақтары:
3.1.Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегіндегі негізгі идея.
Поэзия өнері Аристотельдің пауымдауында.
Комедия және трагедия ұғымдарының жалпы сипаттамасы
Аристотельдің ақындыққа қоятын талабы.
3.3.
Шағын көлемді эпикалық шығармалар деген не оларға нелер жатады?
Орта көлемді эпикалық шығармалар деген не оларға не жатады?
Кең көлемді эпикалық шығарма деген не оларға не жатады?
3.4.
Лирика жанрының басқа жанрлар мен тектерден айырмашылығы неде?
Лирикалық текке қандай жанрлар жатады?
3.5.
Драма дегеніміз не?
Драманың табиғаты қандай?
Драма тегінің эпос пен лирика жанрынан айырмашылығы не?
Драманың қандай түрлері бар?
3.6.
Стиль ұғымына анықтама бер
Әдеби прцесс деген не?
Әдеби бағыт деген не?
Әдеби ағым деген не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет