П 15 Пікір жазғандар


№11 практикалық сабақ тақырыбы



Pdf көрінісі
бет48/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
әдебиет теориясы

№11 практикалық сабақ тақырыбы: Көркемдік әдістер мен ағымдар. Стиль және
шеберлік шарттары
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы әдістер мен бағыттар, олардың түрлері,
айырмашылықтары, олардың тарихи категория екенін білгізе отырып, ағым мен бағыттың


бірнеше қаламгерге тән ерекшелік екенін таныта отырып, стильдің бір ғана қаламгерге тән
құбылыс екенін таныту.
Сабақтың жоспары:
1.Әдеби бағыт пен ағым
2.Стиль сыры
3.Әдеби процесс
Бақылау сұрақтары:
1.Стиль дегенге анықтама бер
2.Әдеби прцесс деген не?
3.Әдеби бағыт деген не?
4.Әдеби ағым деген не?
Глоссарий:
Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін бейнелеу
шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға – білімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу
мәнері, қолтаңбасы.
Әдеби ағым – тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі
белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып
отырады.
Әдіс – стиль де емес, ағым да емес бір сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт,
процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы
ұғымдардың қызметін қоса атқарады.
Көркемдік әдіс – алдымен шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды
түрде тану жолы, содан соң өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала
көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы.
Әдеби әдіс – қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес, уақыттың
көркемдік концепциясы. Демек, басынан ешқашан дау арылмаған социалистік реализм де
– қолдан құрастырыла салған әлдебір ережелер жинағы емес, өмірдің объективтік даму
заңына сай, кеңес дәуірінің құбылысы.
Блиц-тест.
1. Әдеби бағыт дегеніміз:
А) Әдеби ағым. В) Әдеби тіл. С) Эстетикалық шығармашылық бағдарламасы, ортақ
принципі бар жазушылар тобы. Д) Әдеби кейіпкер. Е) Әдеби процесс.
2. Мұрат Мөңкеұлының шығармалары жататын ағымға:
А) Декаденттік ағым.В) Сентиментализм ағымы С) Социалистік реализм ағамы.Д)
Классицизм ағымы. Е) «Зар заман» ағымы.
3. Қазақ әдебиетінде тарихи романның туын көтерген қаламгер.
А) І.Есенберлин. В) М.Жұмабаев С) Ж.Аймауытов Д) М.Әуезов Е) С.Мұқанов
4. Жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін бейнелеу шеберлігін, өзіндік
суреткерлік тұлға – білімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
А) стильӘ) ағым Б) бағыт В) тармақ Г) қолтаңба
5. Стиль де емес, ағым да емес бір сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт, процесс,
тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы ұғымдардың
қызметін қоса атқарады...
А) әдісӘ) тәсіл Б) бағыт В) ағым Г) сала
6. Алдымен шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды түрде тану жолы,
содан соң өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап,
өзгеге таныту жолы.
А) әдеби әдіс Ә) көркемдік әдіс Б) реалистік әдіс В) романтикалық әдіс
Г) фантастикалық әдіс
7. Қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес, уақыттың көркемдік
концепциясы. Демек, басынан ешқашан дау арылмаған социалистік реализм де – қолдан


құрастырыла салған әлдебір ережелер жинағы емес, өмірдің объективтік даму заңына сай,
кеңес дәуірінің құбылысы.
А) әдеби әдіс Ә) көркемдік әдіс Б) реалистік әдіс В) романтикалық әдіс
Г) фантастикалық әдіс
8. Қазақ әдебиетінде кешеңдей туған, бірақ орасан, шапшаң дамыған сала.
А) поэзия Ә) айтыс Б) фольклор В) проза Г) драма
9. Ақиқат болмысты өмірлік шындық тұрғысынан жүйелі сипаттап көрсетуге және адам
мен қоршаған дүниені саналы түрде көркемдік тұрғыдан танып-білуге ұмтылатын
ұстанымдарға негізделген әдеби әдісті атаңыз.
А) реализм В) футуризм С) романтизм Д) акмеизм Е) классицизм
10. Н.Буало сипатталған ағым:
А) классицизм В) пессимистік С) «Зар заман» ағымы Д) сентиментализм
Е) декаденттік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет